Сабақ Сыныбы: 5 а тексерілді: Айтакова Г. Математика пәнінің мұғалімі: Өрше С. К



бет1/2
Дата06.12.2022
өлшемі2,45 Mb.
#161541
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
5 сынып тест

«О.Исаев ауылындағы орта мектебі» КММ



Математика
ашық сабақ

Сыныбы: 5 А


Тексерілді: Айтакова Г.
Математика пәнінің мұғалімі: Өрше С.К.


Тексерілді:

Мектеп: Б.Майлин атындағы №52 мектеп-гимназия

Күні: 17.11.22

Мұғалім: Утегулов А.Б.

Сынып: 5 «в,г,з»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Жай бөлшектерді қосу және азайту

Сабақтың оқу мақсаттары:

5.1.2.18 бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу және азайтуды орындау;

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:
Жай бөлшектерді қосу, азайту ережелерін пайдаланып бөлімдері бірдей және бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қоса, азайта алады;

Оқушылардың басым бөлігі:
Бөлімдері бірдей және бөлімдері әр түрлі жай бөлшектерді қоса, азайта алады;

Кейбір оқушылар:
Бөлімдері бірдей және бөлімдері әр түрлі жай бөлшектерді қоса, азайта алады, есептерде пайдалана алады.

Бағалау критерийі:

1. Білу, түсіну. Жай бөлшектерді қосу және азайту ережелерін жазады
2. Қолдану. Жай бөлшектерді қосып және азайтады
3. Талдау. Бөлімдері өзара жай сандарға тең болатын бөлшектердің қосындысын табады
4. Жинақтау. Тест жауаптарын белгілейді

Құндылықтарға баулу

Ынтымақтастық: жақсы қарым-қатынас орнату, топпен жұмыс жасап, бір-бірін сыйлау, математикалық сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс:

Қазақ тілі пәні бойынша сұрақтарға жауап жазғанда өз ойларын жеткізу.

Алдыңғы білім:

Жай бөлшектерді қосу және азайту амалдарына есептер шығарып келу

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы
(2-5 минут)

Оқушыларды түгелдеу. Үй тапсырмаларын тексеру Оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы 3 топқа бөлінеді. Сабақтың мақсатымен таныстырылады.
Бөлімдері бірдей, бөлімдері әр түрлі жай бөлшектерді қосудың формуласы жаз

Бөлімдері бірдей, бөлімдері әр түрлі жай бөлшектерді азайтудың формуласы


слайд










Сабақтың ортасы
(6-35 минут)



1 тапсырма. «Ой қозғау» (қайталау сұрақтары)

  1. Бөлімдері бірдей бөлшектер қалай қосылады?

  2. Бөлімдері бірдей бөлшектер қалай азайтылады?

  3. Бөлімдері әр түрлі бөлшектері қалай қосылады?

  4. Жай бөлшектің түрлері қалай аталады?

  5. Жай бөлшектерді қалай салыстырамыз?

  6. Қосудың ауыстырымдылық қасиетін ата

Бағалау
критерийі

Дескриптор



Сұрақтарға жауаптар жазу

  1. Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосқанда олардың алымдарын қосып, алым етіп, сол бөлімнің өзін қалдыру керек. ;

  2. Бөлімдері бірдей бөлшектерді азайтқанда азайғыштың алымынан азайтқыштың алымын азайтып, алым етіп, сол бөлімнің өзін қалдыру керек. ; мұндағы а˃в немесе а=в.

  3. Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу үшін:

  1. Бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру керек.

  2. Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу керек.

  1. Жай бөлшектің екі түрі бар: дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек.

  2. Жай бөлшектерді салыстыру:

  1. Бөлімдері бірдей екі бөлшектің қайсысының алымы үлкен (кіші) болса, сол бөлшек үлкен (кіші).

  2. Алымдары бірдей екі бөлшектің қайсысының бөлімі кіші (үлкен) болса, сол бөлшек үлкен (кіші).

  3. Бөлімдері әр түрлі болса, бөлімінің ең кіші ортақ бөлімін тауып алып салыстырамыз.

  1. Қосудың ауыстырымдылық қасиеті: қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен қосындының мәні өзгермейді.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет