Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№ 3 мектеп-гимназиясы”ММ
Ашық сабақ
«Спорт - сенің серігің!»
5 «Б» сыныбы
Қазақ тілі пән мұғалімі:
Досанова Балжан Жұмағұлқызы
2015-2016 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Спорт сенің серігің Сабақ мақсаттары: - «Спорт» тарауы бойынша сөздердің қолдану аясын кеңейтіп, тарау бойынша алған білімді тиянақтау, пысықтай отырып бекіту.
- Оқушылардың логикалық ойлау, сауатты сөйлеу, тіл дамыту қабілеттерін арттыру, мәнерлеп оқу, мәтінмен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.
- Спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын сақтауға, зиянды қылықтардан аулақ болуға, Қазақстанның мерейін көтерген спортшыларымызды мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі: Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың тілін дамыту.
Сабақтың түрі: нәтиже сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап (проблемалық сұрақтар), мәтінмен жұмыс, кластер әдісі, топпен жұмыс.
Құралдар: интербелсенді тақта, проектор, көрнекі материалдар, мәтін (әр топқа ресурс түрінде беріледі), постер, фломастерлер, бағалау парағы, стикер.
Пәнаралық байланыс: дене шынықтыру
Сабақ кезеңдері: Уақыт Кіріктірілген модуль Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушы назарын жаңа сабаққа аудару.
«Ой қозғау» 1мин
Қазақ тілі-бал тілім
Өзің барда шалқыдым.
Тілімнен нәр табармын,
Тіліме кім тағар мін? – деп, қазақ тілі сабағымызды бастайық. Кезекшімен сұхбат. Кім кезекші? Бүгін нешесі? Сыныпта кім жоқ? Балалармен сұхбаттасу: Аптаның қай күні? Жыл мезгілі қандай? Көктемнің басты мерекесі қандай? Наурыз тойында халық бір-біріңе тілектер айтады, ал сендер бір-біріңе не тілейсіңдер? Қайырлы таң достарым, Қайырлы күн болсын! Аптаның әр күні Сәттілікке толсын! Біздің алар бағамыз
Кілең бестік болсын!
(Әр топ бір-біріне осылайша сәттілік тілейді.)
- Тағы не тілейсіңдер! (бақыт, қуаныш, құт береке). Мен сендерге денсаулық тілеймін. Денсаулық мықты болу үшін, біз не істеуіміз керек? (спортпен шұғылдану, салауатты өмір салтын ұстану, еңбекқор болу)
- Балалар, барлығымыз интербелсенді тақтаға назар аударып, тамашалайық.
(«Спорт, спорттың түрлері, атақты спортшылар, Елбасының спортқа ерекше көңіл бөлетіндігі жайлы слайдпен жұмыс»).
- Сонымен балалар, не көрдіңдер, кімдерді көрдіңдер? Ойларыңмен бөлісе отырыңдар.
- Ал, балалар, біз сендермен алдыңғы сабақтарда спорт, спорт түрлері, спортшылар туралы оқып, білдік.
- Бүгінгі сабағымызда біз «Спорт» тарауы бойынша өткенді қайталап, «Спорт сенің серігің» тақырыбымен тиянақтаймыз.
- Бүгінгі сабақта алдарыңа қойылатын мақсат:Осы тақырыптың мәнін ашу, алдымызға сұрақ қоямыз: «Неліктен бізге спорт - серік?» Үй жұмысы: Спорт туралы өлең жаттап келу.
Жаңа сабақ: Мәтінмен жұмыс: карточкаларды үлестіру
Сөздікпен жұмыс: мұғалім оқиды, балалар хормен оқиды, сөз тіркестер, сөйлемдер құрастырады, дәптерге жазады.
Жақсартады –улучшает
Жылдамдық - скорость
Маңызы зор -очень важен
Пайдалы -полезно
Айналысу, шұғылдану- заниматься (синоним)
Жетістіктер- успехи
Мәтінмен жұмыс: мұғалім оқиды, балалар тізбектеп оқиды, аударады.
Спорт денсаулықты жақсартады. Спорт-адамды күшті болуға, жылдамдыққа, тез ойлануға үйретеді. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда спорттың маңызы зор. Спорттың барлық түрлері денсаулыққа пайдалы.
Елімізде дамыған спорт түрлері: қазақша күрес, бокс, шаңғы спорты, суда жүзу, жеңіл-ауыр атлетика, мәнерлеп сырғанау, тоғызқұмалақ, футбол, волейбол, дзюдо. Егер адам осы спорт түрлерінің бірімен айналысса, өмірде жетістіктерге жетеді. Еліміз олармен мақтанады.
Мәтінді екі абзацқа бөліп, ат қояйық.
Бірінші топ: спорт пайдасы.
Екінші топ:спорт түрлері.
Кластер құру:
Спорт түрлері
Спорт пайдасы
Диалог құрастыру
Салауатты өмір салты туралы
Спорт туралы
СЕРГІТУ СӘТІ : ұлттық ойыны «Күміс алу». Ойын туралы айтып кету.
Ортаға екі оқушы шығады, кім күмісті алады, соған тосын сыйын береміз.
Сөйлемдерді сәйкестендіріңдер.
Негізгі құралы доп болып саналатын спорт түрі -
|
коньки тебу.
|
Мұз бетінде арнайы дайындалған құралмен сырғанау түрі -
|
күрес.
|
Қысқы спорт түрі -
|
футбол.
|
Екі адамның жекпе-жегі түріндегі спорт түрі -
|
ауыр атлетика.
|
Штанганы жоғары көтеру бойынша жаттығулардың орындалуы -
|
шаңғы тебу.
| Бірінші бағандағы сөздердің екінші бағандағы сыңарын тауып, сәйкестендіру.
Александр Винокуров | ауыр атлетика | Илья Ильин | мәнерлеп сырғанау | Серік Сәпиев | ауыр атлетика | Әлия Юсупова | боксшы | Майя Манеза | велошабандоз | Денис Тен | көркем гимнастика |
Грамматиканы қайталау: етістіктің шақтары.
Тиісті етістіктерді қойып, шақтарын белгілеңдер.
Мен спортпен _______________________. Мен спорт үйірмесіне ____________________. Маған дене шынықтыру пәні _____________. Мен өскенде әлем чемпионы _______________________.
Керекті сөздер: барып жүрмін, шұғылданамын, ұнайды, боламын.
Тақтаға үш оқушы шығады: «айналысу» сөзін нақ осы шақта, жедел өткен шақт, ауыспалы келер шақта жіктейді.
Синквейн әдісі
СПОРТ (зат есім)
Пайдалы, көрікті (2 сын есім)
Шынықтырады, көркейтеді, тәрбиелейді ( 3 етістік)
Сен спортпен шұғылданасын (сөйлем)
Дене шынықтыру (синоним)
Қорытынды: Балалар, біз сабақтың қорытындысына жеттік, сонымен қандай ақыл-кеңестер бір-біріңе беруге болады?
-Женя, сен осы кеңестерді қалай түсіңдің?
- Ал Дана бізге не айтады?
Жақсы, сонымен балалар СПОРТпен шұғылданған адам нені ұстанады
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН, ал оны ұстанған адам қандай болады
ДЕНІ САУ АДАМ БОЛАДЫ, ал дені сау адам қандай болады білімді, еңбекқор, көңілді, шыныққан, спортшы, әлемге атақты, белсенді жұмыскер.
Сондықтан, балалар, СПОРТ - ол адамның серігі.
Шағын өлең.
Қазақстанның қандай атақты спортшыларын білесіңдер?
Үй жұмысы: Бір атақты спортшы туралы шағын әңгіме жазыңдар.
Бағалау: стикер арқылы бағалау.
Сау болыңыздар.
І.Білім 5мин 1. Интербелсенді тақтада сөзжұмбақ шешу арқылы кілтті сөзді анықтау.
1. Жарыс өтетін алаң.
2. Азиат ойындарының алғаш өткен жері.
3. Тау аты.
4. Еліміздің чемпионы, боксшы.
5. ҮІІ Қысқы Азиат ойындары өткен жер.
2. «Ыстық орындық» әдісі арқылы тарау бойынша сөздерді және сұрақ қою арқылы тақырыптарды қайталау.
-Түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау сұрақтарын қою.
Әр топтан оқушылар шығып, интер.тақтада орындайды:
(«жадыны дамытуға арналған ойын» әдісі арқылы жеке жұмыс).
Бір-бірін «Басбармақ»әдісі арқылы бағалайды.
Әр топтан бір оқушыдан шығады.
ІІ.Түсіну 5мин
1. Мәтінмен жұмыс.
-Ал енді, алдарыңдағы мәтінді оқып шығып, топ ішінде аударып, мазмұнын бір-біріңе түсіндіріп беріңдер.
Спорт түрлері.
Спорттың денсаулыққа пайдасы зор. Спорт-адамды күшті болуға, жылдамдыққа, табандылыққа, тез ойлануға үйретеді.
Елімізде дамыған спорт түрлері: қазақша күрес, бокс, шаңғы спорты, суда жүзу, жеңіл-ауыр атлетика, мәнерлеп сырғанау, тоғызқұмалақ.
Қазақстанның мерейін көтерген, көк туын желбіреткен белгілі спортшылар өте көп. Олар: Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Александр Винокуров, Илья Ильин, Серік Сәпиев, Бекзат Саттарханов, Әлия Юсупова, т.б. Еліміз олармен мақтанады.
(мәтін әрбір оқушының алдында ресурс түрінде А-4 қағазда беріледі).
1. Оқушылар мәтінді оқиды, топ ішінде аударады, бір-біріне түсіндіреді.
(топпен жұмыс)
ІІІ.Қолдану 15минут 1. Мәтін бойынша кластер құру.
2. Сөздерді топтастыру:
І топ: Мәтіннен көптік жалғауы бар сөздерді; ашық буынды сөздерді табу.
ІІ топ: Тәуелдік жалғауы жалғанған сөздерді; бітеу буынды сөздерді табу.
(топпен жұмыс)
Постерде жұмыс жасау.
Жұмыс дәптерлерімен жұмыс.
Сергіту сәті. 1мин Қолды белге қояйық.
Басты оңға бұрайық
Басты солға бұрайық
Бір отырып, бір тұрып
Бір отырып, бір тұрып
Біз демалып алайық. Бой жазу жаттығуын орындайды.
ІҮ.Талдау. 4минут
1. Бірінші бағандағы сөздердің екінші бағандағы сыңарын тауып, сәйкестендіру.
А.Винокуров ауыр атлетика
И.Ильин мәнерлеп сырғанау
С.Сәпиев ауыр атлетика
Ә.Юсупова боксшы
М.Манеза велошабандоз
Д.Тен көркем гимнастика 1. Әр топтан оқушылар шығып, интер.тақтада орындайды.
Жеке жұмыс.
Бір-бірін «Басбармақ»әдісі арқылы бағалайды.
Ү.Синтез. 3минут «Дені сау адам» туралы шағын әңгіме жаз. Жеке жұмыс.
ҮІ.Бағалау. «Біз не үшін спортпен шұғылданамыз?»-
оқушылар өз ойын айтып, дәлелдеу.
Топпен жұмыс.
«Ойлан.Бірік.Бөліс» әдісі арқылы жұмыс жасау.
ІІІ. Қорытындылау.
ІҮ. Бағалау: Сабақтың әр кезеңінде өзін-өзі бағалау, жұбын бағалау, тобын бағалау «Басбармақ» әдісі арқылы жүзеге асады. Жиынтық бағалауда мұғалім өзінің қоятын бағасымен салыстырады. Оқушыларға «Бағалау парағы» таратылады. Сабақ соңында стикер таратылады, онда әр оқушы бүгінгі сабақта :
Нені меңгердім?....
Нені білемін?....
Не ұнады?.......
Не істей аламын? ....
Қандай қиындық болды?...
Оны қалай жеңе алдым?... деген сұраққа жауап жазу арқылы кері байланыс жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |