Сабақ Тақырыбы: ​ Қазақ салт-дəстүрінің арнайы зерттелу жайы



Pdf көрінісі
Дата06.02.2022
өлшемі57,5 Kb.
#80174
түріСабақ
Байланысты:
Ult



3-Практикалық сабақ 
 
Тақырыбы:

Қазақ салт-дəстүрінің арнайы зерттелу жайы. 
Мақсаты:

Қазақ дəстүрінің алғаш рет зерттеу нысанына айналып, жыйналуы, 
жазылуы туралы мəлімет беру. 
Тапсырмасы: 
1.
Ұлттық дəстүріміздің еуроғылым нысанына айналуы.
 
2.
Ұлттық дəстүріміздің Орыс геогарфиялық қоғамы тарапынан
зерттелуі.
 
Жауаптар: 
1.Қазақстанның халқы — көптеген ұлттардың бірлестігі. Халық сезі көп
мағынаны білдіреді (көп халық келді, халық айтады, қазақ халқы, біз
Қазақстан халкымыз...). 
Сондықтан, ғалымдар этнос, жеке халық (ұлт) түсінігін қолданады. Ал
онымен байланыстының бəрін этникалық (ұлттық) деген терминмен атайды
(мысалы, этникалық (ұлттық) аумақ). Əрбір ұлттың өз тарихы, тілі,
мəдениеті, тарихи отаны болады. Ұлттың бір бөлігі өз елінен басқа жерде
тұруы да мүмкін. Оны - диаспора (гр. - «шашылған») деп атайды. 
Халықтардың шығу тегін, əркелкі орналасуын, мөдениеті мен тұрмыс
жағдайын жеке ғылым - этнография немесе этнология зерттейді. 
2.Орыс География Қоғамы 1845 жылы 6(18) тамызда Санкт-Петербург
қаласында құрылды. Қоғамды құрған 17 құрылтайшының 7-еуі Қазақ жерiн
ғылым зерттеулерге үлес қосқан ғылым жəне мемлекет қайраткерлерi: Г.
Гельмерсен, Ф. Берг,А. И. Левшин, В. Даль, В. Струве, В. Перовскийлер
болды. Орыс география қоғамы құрылған кезден бастап Ресей жəне оған
iргелес елдер туралы география мəлiметтер жинады. Қоғамның жаңа игерiле
бастаған Сiбiр мен Қиыр Шығысқа, Қазақстан мен Орта Азияға, Орал мен
Кавказға, ғылымға беймəлiм Орталық Азия мен полюстiк аймақтарға, т. б.
ұйымдастырған экспедициялары дүниежүзіндегі география ғылымына
теңдесi жоқ үлес қосты. Орыс география қоғамы географиямен қатар оған
iргелес көптеген ғылым салалары: статистика, этнография, картография,
биогеография, климатология, гидрология, көлтану, топырақтану, т.б.
бойынша зерттеулер ұйымдастыруға ұйтқы болды. 
1851 жылдан бастап Ресейдiң iрi қалаларында Орыс география қоғамының
бөлiмшелерi құрыла бастады. Солардың iшiнде Орынбор, Батыс Сiбiр,
Семей, Түркiстан бөлiмшелерi қазақ жерiне көптеген ғылым зерттеу
экспедицияларын жабдықтап жiбердi. Бұл жұмысқа Кеңес өкiметi
жылдарында Қазақ география қоғамы жəне оның Батыс Қазақстан бөлiмшесi
қосылды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет