Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Текеева Жанша Тажибаевна
Сабақ тақырыбы: : «Ұлпан» романындағы әйел тағдыры
Ұлпан –Ел анасы 9-сынып
Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары:
АИ2Автор көзқарасы
АИ5Автор мен кейіпкер табиғатын түсіну
Көркем шығармалардағы автор көзқарасын және кейіпкердің көңіл күй психологиялық өзгерісінің себептерін дәлелдейді.
Автордың негізгі ойын сол заманғы өмірмен байланыстырып, заман көрінісін түсінеді.
Сабақтың мақсаттары:
Барлық оқушылар :
кейіпкердің көңіл күйі өзгерісінің себептерін дәлелдейді.
өмірмен байланыстырып айта алады
Оқушылардың көбісі:
сол замандағы заман көрінісін түсінеді.
кейіпкердің психологиясының себептерін дәлелдейді.
Кейбір оқушылар:
Көркем шығармалардағы автор көзқарасын түсінеді,
автор ойына дәлел келтіре отырып талдайды.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география;
Күтілетін нәтиже: Роман жанрыны түсініп алу, шығарма сюжетінінің баяндалуын меңгеру, әйел тағдырын зерттеу арқылы оқиғасына ауызша да, жазбаша болжауға жасай білу.
Әдебиет теориясы: Шығарманың сюжетін талдай отырып, көркемдегіш құралдардың орынды қолдануына талдау беру.
Тілдік міндеттер: Оқушылар жазушылардың қолданған тілін, романның құрылымын бағалау Қызықты және тартымды мәтіндерді қарастыру арқылы оқушылар сын тұрғысынан ойлау мен шығармашылық қабілеттерді дамытады
Алдыңғы меңгерілген білім: "Ұлпан" романының бөлімдерін зер сала оқу
Жоспар:
Сабақ кезеңдерінде жоспарланған іс - әрекеттер:
Ұйымдастыру жұмысы: Оқушылармен сабаққа қатысын тексеру.
Қызығушылықты ояту.
Слайд көрсетіледі.
"Қанша жыл ойымда жүрсе де, қашанғы әдетім бойынша кешігіп жарық көрген "Ұлпан" сол бейнеге, сондай бейнелерге арналады".
Ортада сұрақ
Осы сөздерді кім айтты? Жазушының осы ойынан нені ұғуға болады? Жазушы кешіктірген бейнесі кім? Оны кешіктірді деп ойлайсың? Нақтылап айтып көрейік.
"Талқыла, ой сал, пікір қосыңыз"
"Менің Джокондам – Ұлпан". Жазушының қойын дәптеріндегі осы бір сөйлемнен нені ұғамыз. Джоконда кім? Ол туралы не білеміз? Ұлпанды жазушы неге осы бейнеге теңестірді? Сіз кімгі ұқсатар едіңіз? Осы сөздердің мағынасын ашып, оқушылар ойын білу.
Топқа бөлу. Домалақ ана, Айғаным, Айша бибі, Ұлпан
Әулие аналар туралы өздері білетін көптеген деректерді ортаға салады, ой қозғайды. Оларды айтып, бүгінгі сабақпен байланысын түсіндіріп өтеді.
Топтар бір -бірін бағалайды. "Екі жұлдыз, бір тілек"
Достарыңызбен бөлісу: |