Сабақ тақырыбы : «Тарих ғасырлар куәсі»



Дата11.03.2017
өлшемі346,56 Kb.
#11427
түріСабақ
«Тарих - ғасырлар куәсі » ашық тәрбие сағаты (Қазақ хандығының 550 жылдығына орай)



Сабақ тақырыбы: «Тарих - ғасырлар куәсі» 

Сайыстың мақсаты:

Білімділік: қазақ хандығы құрылуының тарихи оқиғалар тізбегін еске түсіре отырып, танымдарын арттыру;

Тәрбиелілік: тарихи ұлы тұлғалардың ерліктерін насихаттай отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу;       

Дамытушылық: өткенді еске түсіре отырып, болашаққа бағдар беруге баулу.

 Сабақтың түрі: қайталау, қорыту сабағы 

 Сабақтың көрнекілігі:, қазақтың ұлы хандары мен батырларының фото суреттері, Қазақстан еліндегі батырларға арналған ескерткіштердің фото суреттері, халық күйлерінің жазбалары)

 


  1. Сабақтың барысы:

  • Құрметті, оқушылар. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы

«Тарих-ғасырлар куәсі». Сабақ қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған ашық сабақ түрінде өткізіледі.

  • Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған 2015 жылғы Жолдауы қалай аталады? (Нұрлы жол болашаққа бастар жол» Жолдауы).

  • 2015 жылы қандай атаулы мерейтойларды тойланады? (Қазақхандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы)

«Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық» – деп президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтып өткендей бұл ғасырда өмір сүріп отырған барша ұрпақ ғылым саласында өзіндік жол салар дара ұрпақ болуы тиіс. Олай болса болашаққа нық қадам жасау бүгіннен басталады.

2015 жылы Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне 550 жыл толады. Бұл оқиға қазақ халқының тарихындағы  маңызды оқиға болды. Ол ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық аумағын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды.

Осыған байланысты, елімізде жастардың патриоттық сезімін барынша күшейту мақсатында бұл оқиғаны мерейтой күндерінің қатарына қосу мен Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуге арналған іс-шараларды өткізу жөнінде мәселе қарастырылды.

Ата-бабаларымыз бізге бірліктің, ынтымақтың, тұтастықтың ұлы үлгісін көрсетіп кетті. Қазақстанның арғы-бергі тарихының ең ғибратты тағылымы, міне осында. Олай болса бүгінгі қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған «Тарих-ғасырлар куәсі» атты сайыс сабағымызды бастайық.

Сынып 2 топқа бөлінеді: І-топ «Керей тобы», ІІ-топ «Жәнібек тобы».

Сайыс соңында жеңімпаз топ мақтау грамотасымен марапатталады.

 


  1. Сайыс барысы:



    1. «Толған ел тарихын таспен жазады,

Тозған ел тарихын жаспен жазады» туры (тарихтан сұрақтар)

Қазақ хандығының құрылуы:

  1. Алтын Орда ыдырағаннан кейін қандай жаңа  мемлекеттер құрылды?

А) Сібір хандығы, Қазан хандығы, Астрахан хандығы

В) Жоңғар хандығы, Сібір хандығы

С)Моғолстан хандығы, Қазақ хандығы


  1. Керей мен Жәнібек сұлтандар қай жерде қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, 1465-1466 жылдары Қазақ хандығын құрды?

А) Батыс Жетісу жерінде

В) Орталық Қазақстанда

С) Шығыс Қазақстанда


  1. Қазақ хандығының құрылуы туралы қай тарихшы жазды?

А) Әл-Марвази

В) Рашид ад-Дин

С) Мұхаммед Хайдар Дулати


  1. Қазақ хандығының ұлттық туы тігілген жер?

А) Қозыбасы

В) Сайран

С) Түркістан


  1. ХҮІ ғасырдың соңындағы Қазақ хандығының астанасы?

А) Сығанақ

В) Сайрам

С) Түркістан


  1. Қазақ халқының ұраны болған сөз.

А) Шыңғыс

В) Жошы


С) Алаш

  1. Қазақтың халық болып қалыптасуының барысын бұзған шапқыншылық.

А) Моңғол шапқыншылығы

В) Жоңғар шапқыншылығы

С) Орыс шапқыншылығы


  1. Бұл кезеңде бейғам отырған қазақтар аямай қырылды. Жоңғарлар Жетісуды, Ұлы жүзді қырып-жойып, Ұлы жүз, Кіші жүз жеріне де жетті. Халық басы ауған жаққа шұбырды. Ұлы Жүз бен Орта Жүздің қазақтары Самарқан пен ходжентке қарай шұбырды. Кіші жүз қазағы хиуа мен Бұхараға ағылды. Босқындардың біразы Сырдың сол жағындағы Алакөл маңына топтасты. Халық бұл кезеңді қалай атады?

А) «Аңырақай» шайқасы

В) «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»

С) Орбұлақ шайқасы


  1. Қазақтарды «Ислам дініне сенетін халықтар» деп кім жазды?

А) Марко Поло

В) Рашид ад-Дин

С) А.Дженкинсон


  1. 1726 жылы болған «Қалмақ қырылған» шайқасының маңызы:
    А) Қазақстанның солтүстік-батысы азат етілді
    В) Қазақ жері түбегейлі азат етілді
    С) Жоңғарлар Іле өзенін бойлап, еліне қарай шегінді



    1. Мәнді цифрлар туры



    1. Қазақ хандары Сыр бойындағы қалалар үшін қанша жыл соғысты?

А) 20 жыл

В) 30 жыл

С) 25 жыл


  1. Әбілқайыр хан Ақ Орда билігін өз қолына алу үшін қанша жылға жуық

күрес жүргізген?

А) 20 жыл

В) 15 жыл

С) 10 жыл



  1. 1643 жылы Қазақ ханы Жәңгір асығыс қол жинауға үлгермей, жоңғарлардың 50 мыңдық қалың қолына қанша жауынгермен Орбұлақ шайқасында қарсы тұрды?

А) 6000

В) 1100


С) 600

  1. Есім хан Жетісу жеріне енген қалмақтарға қарсы жорыққа аттанады. Осыны пайдаланған інісі Тұрсын хан Түркістанды шауып, Есім ханның балалары мен әйелін тұтқындап Ташкентке әкетеді. Осыған байланысты тарихта Тұрсын хан бүлігі немесе “Қатаған қырғыны” болған жыл болып қай жыл танылады?

А) 1621 жылы

В) 1627 жылы

С) 1598 жылы


  1. Қай жылы Айғыржар деген жерде қазақ-бұхар соғысы болды?

А) 1603 жылы

В) 1624 жылы

С) 1613 жылы


  1. Хақназар қайтыс болғаннан кейін хан тағына Жәнібек ханның немере інісі, неше жастағы Шығай хан отырады?

А) 50

В) 90


С) 80

  1. Қазақ хандығын Хақназар хан қанша жыл биледі?

А) 42

В) 32


С) 50

  1. Қазақстанның Ресейге қосылуының басталған жылы:

А) 1726жылы
В) 1729жылы
С) 1731жылы

  1. Есім хан қай жылы Имамқұли басқарған Бұхар әскерін жеңіп шықты?

А) 1611 жылы
В) 1613 жылы
С) 1621 жылы

  1. Қазақтар қай ғасырларда ресми түрде ислам дінін ұстанды?

А) 16-17  ғасырларда
В) 14-15 ғасырларда
С) 13-14 ғасырларда

 


    1. «Ұранды ердің – ұрпағы қайсар» туры (ел билігінде болған хандар туралы)

  1. Қасым хан қай жылдары ел биледі?

А) 1480-1512 жылдары

В) 1511-1518 жылдары

С) 1506-1542 жылдары


  1. Қасым ханның кезінде Қазақ мемлекеті халқының саны қаншаға жетті?

А) 300 мыңға

В) 1 млн-ға

С) 800 мыңға


  1. Қасым ханның қанша атты әскері болды?

А) 50 мың

В) 150 мың

С) 300 мың


  1. Қасым ханның заңдар жинағы қалай аталады?

А) Қасқа жол

В) Ескі жол

С) Жеті жарғы


  1. Хақназар хан қай жылдары ел биледі?

А) 1500-1508 жылдары

В) 1511-1518 жылдары

С) 1538-1580 жылдары

6. Хақназар хан кіммен «дос болып, өзара көмектесу» жөнінде «ант беріскен шарт» жасасты?

А) Баба сұлтанмен

В) Абд ар-Рашидпен

С) ІІ Абдаллахпен


  1. Хақназар хан қай ханның баласы?

А) Тәуекел хан

В) Қасым хан

С) Есім хан


  1. Хақназар ханның сыртқы саясаттағы бағытын өзгертуге әсер етті:
    A) Шайбани ұрпақтарының жиі шабуыл жасауы
    B) Сібір ханы мен Моғолстан билеушілерінің шапқыншылық жорықтары
    C) Бұхар ханының наразылығы



  1. Тәуекел хан қай жылдары ел биледі?

А) 1511-1518 жылдары

В) 1523-1532 жылдары

С) 1582-1598 жылдары


  1. Сібір хандығының қол астындағы қазақ тайпалары қай жылы Қазақ хандығының құрамына келіп қосылды?

А) 1588 жылы

В) 1597 жылы

С) 1582 жылы


  1. Есім хан қай жылдары ел биледі?

А) 1523-1518 жылдары

В) 1538-1580 жылдары

С) 1598-1628 жылдары


  1. Есім хан Тұрсын ханға ілесіп, бейбіт елді ойрандауға белсене қатысқан Қатаған руын жазалады. Тұрсын ханның бұл бүлігі тарихта қалай аталады?

А) «Қатаған қырғыны»

В) «Тұрсын хан қырғыны»

С) «Есім ханның ескі жолы»


  1. Есім ханның басты мақсаты:

A) Қазақ хандығының әскери күш-қуатын арттыру


B) Хандықты бір орталыққа бағындырған мемлекет етіп құру
C) Билер кеңесін құру


  1. Тәуке хан қай жылдары ел биледі?

А) 1582-1598 жылдары

В) 1598-1628 жылдары

С) 1680-1715 жылдары


  1. Тәуке ханның тұсында жасалған заң жинағы қалай аталады?

А) «Жеті жарғы»

В) «Ескі жол»

С) «Қасқа жол»


    1. «Ерлікті таба білу, ерді тани білу» туры (ел билеген хандар қай ұрпақтан екенін табу)

 


1

Керей хан – Болат сұлтанның ұлы

5

Тәуекел хан – Шығай ханның ұлы 

2

Жәнібек хан – Барақ ханның ұлы 

6

Есім хан – Шығай ханның ұлы 

3

Қасым хан – Әз Жәнібектің ұлы 

7

Жәңгір хан – Есім ханның ұлы 

4

Хақназар хан – Қасым ханның ұлы 

8

Әз-Тәуке хан – Салқам Жәңгірдің ұлы 

 

    1. «Ерлік – ел есінде» туры (қазіргі өмірде осы қайраткерлердің алатын орны (ескерткіштер).

 Сұрақ: Керей мен Жәнібек ескерткіші 2010 жылы қай қалада

ашылды?


Керей мен Жәнібек ескерткіші, Астана қаласы, 2010 жылы ашылды. Авторы астаналық жас мүсінші Ринат Әбенов­. Ескерткіштің ұшар басына дейінгі жалпы биіктігі – 12 метр. Орналасқан жері – ҚР алғашқы президенті Н.Назарбаевтың мұражайының алаңында.

 Сұрақ: Мұхамед Хайдар Дулати ескерткіші қай қалада салынған?

Ескерткіш Тараз қаласында 1998 жылы Сүлейменов көшесіндегі университеттің бас корпусының алдына Мұхамед Хайдар Дулати мырзаның 500 жылдығына арналып салынған. Ескерткіштің биіктігі 3 м. Мұхамед Хайдар Дулати – көрнекті мемлекеттік қайраткер, дипломат, тарихшы, публицист.                 М.Х. Дулатидің бас еңбегі «Тарих және Рашиди» Орта Азия халықтарының тарихы туралы.

. Сұрақ: Петропавл қаласында қай ханның резиденциясы орналасқан?

Петропавл қаласындағы Абылай ханның резиденциясы қазақ халқының ұлттық тарихының ескерткіші болып саналады. Кешеннің құрамына бір қабатты ағаш үйлер, канцелярия, келіп-кетушілерге арналған үй, монша, шаруашылық құрылыстары кіреді. 

Сұрақ: Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі қай билеушінің бұйрығымен тұрғызылған?

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі 1385 по 1405 жылдар аралығында салынған архитектуралық ғимарат. Кесенеде Қожа Ахмет Ясауиден басқа ұлы қазақ хандарының – Абылай хан, Бөгенбай батыр, т.б. 300 жуық әйгілі адамдардың бейіттері сақталған. Кесене сол кездегі билеуші Әмір Темірдің бұйрығымен тұрғызылған.

 Сұрақ: Жошы хан кесенесі жайлы не білесіндер?

Орталық Қазақстанның Ұлытау ауданы ежелден көшпелі тайпалар басшыларының сүйікті мекені болған. Осы маң Жошы хан және оның ұлдарының еншісі болған. Жошы хан кесенесі (1228-1230) Қаракеңгір өзенінің сол жағалауында, Жезқазғанның солтүстік шығысынан 55 км қашықтықта орналасқан. Автор, салушы және пайда болу тарихы белгісіз. Жергілікті халықтың арасында дәл осы маңда құпия жағдайда 1227 жылы аң аулап жүріп, Шыңғыс ханның ұлы Жошы хан қайтыс болған деген әңгіме сақталған.



Сұрақ: Есет батыр кесенесі қай қалада орналасқан?

Есет батыр кесенесі қазақ халқының біртуар ұлы, халық батыры Есет Көкеұлы бейітіне салынған бірден бір көркемді ескерткіш. Ол Ақтөбе қаласынан 44 шақырым жерде Бестамақ ауылында орналасқан. Есет батыр 82 жасында 1749 жылы қайтыс болды. Бестамақ ауылының төбесі, Елек өзенінің бойында Ақтөбе қаласының оңтүстік-шығысында 35 шақырымдық жерде жерленген. Бұл төбешікке Есет Көкеұлына 1750 жылдары кесене тұрғызылған. 1979 жылы сол жердің жергілікті тұрғындары ұлы батырға ақ кірпіштен құлыптас орнатты. Алайда ақырында құлыптасты орнынан түсіруге бұйрық берілді. Бүгінгі күннің кесенесі 1992 жылы 325 жылдығын тойлауда салынған.



Сұрақ: Бөгенбай батыр қай қалада ескерткіші ашылды?

Бөгенбай батыр қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы күрескер, XVIII ғасырда жоңгар басқыншыларына қарсы соғыста қол бастаган даңқты батыр, көрнекті мемлекет қайраткері. 2007 жылы Астана қаласында Бөгенбай батыр даңғылында «Бөгенбай батыр» ескерткіші ашылды. Ескерткіштің биіктігі 11,3 метр.



Сұрақ:Қай жылы Ордабасы тарихи ұлттық қорығы ашылды?

1994 жылы 1 қаңтарда «Ордабасы» тарихи-мәдени ұлттық қорығы ашылды. Ол Шымкент қаласынан батысқа қарай 40 шақырым жерде Бадам өзенінің сол террасасында орналасқан. Ордабасы тауының шыңында монумент көрініп тұр, бұл сол батырлық жылдар жайында еске түсіретін 28 м биіктіктегі стела. Мемориал 2001 жылы ұлы құрылтайдың 275-жылдығының жылында және тәуелсіз Қазақстанның     10-жылдығының жылында құрылған. Осы жерде 1993 жылы Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан президенттері келісімшартқа қол қойған трибуна орналасқан. Қазақ тарихында 1723-1725 жылдардағы жоңғар шапқыншылығы «Ақтабан шұбырынды» деп аталған, қазақ халқы үшін осындай киелі жер ретінде Ордабасы болып саналады.



Сұрақ: Жоңғарларға қарсы күрескен бұл батырдың 2006 жылы 300 жылдық мерейтойына орай Алматы облысының Қарасай ауданының аумағындағы биік төбе басына ескерткіш орнатылды.

. Наурызбай Құтпанбетұлы жоңғарларға қарсы күрескен батыр. Шапырашты Наурызбай батырдың 2006 жылы 300 жылдық мерейтойына орай Алматы облысының Қарасай ауданының аумағындағы биік төбе басына ескерткіш орнатылды. Алыстан менмұндалап, ерлік пен өрлікке, бірлік пен берекеге шақырып тұрған алып ескерткіштің ашылуына елбасымыз Н.Назарбаев арнайы келген



Сұрақ: Қабанбай батыр ескерткіші қай жылы қай қалада орнатылды?

Қабанбай батыр белгілі қазақ қолбасшысы, айбынды жауынгер, оның шын есімі Ерасыл. Ол жоңғарларға қарсы күресте атағы шығып, Абылай ханның ту ұстаушыларының бірі болған. Ескерткіш 2009  жылы Талдықорған қаласында орнатылды. Ескерткіштің биіктігі 5 метр.

Сұрақ: Райымбек батыр ескерткіші қай калада?

Алматы қаласында 2012 жылы Райымбек даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысында жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ халқының бүтіндігі үшін шайқасқан тарихи тұлға Райымбек батырдың 12 метрлік ескерткіші ашылды.



Сұрақ: Қарағанды облысында 2014 жылы атақты Абылай ханның ақылшысы қай жыраудың еңселі ескерткіші бой көтерді?

Қарағанды облысында 2014 жылы атақты Абылай ханның ақылшысы Бұқар жырау Қалқаманұлының еңселі ескерткіші бой көтерді. Кешегі балапан басымен тұрымтай тұсымен кеткен жаугершлік заманда Бұқар хан Абылайға жол көрсетіп, ақылшы болған. Қазақ халқының арман-тілегін арқалап, ынтымақ-бірлігін көксеген. Кемел ойдың кемеңгері атанған көмекей жыраудың тұғырлы ескерткіші Бұхар жырау ауданында бой көтерді.



Сұрақ: «Ел айырылған» күйі өалай пайда болды?

«Ел айырылған» – халық күйі. 1723 жылы Жоңғар шапқыншылығы кезінде болған «Ақтабан шұбырынды» ел босып жүрген кезінде, халық күйшілері домбыраның көмейінен «Ел айырылған» күйін күңіренткен. Қайғыға толы, орташа екпінде орындалатын күй.



Сұрақ: «Балбырауын» күйі?

Құрманғазының “Балбырауын” күйі ауыл жастарының ойын сауығына арналған. Исатай көтерілісінің басылған кезеңінде қынжылу нәтижесінде туған «Кішкентайдан» кейін күйші уайым теңізіне бата бермей, онсыз да еңсесі басылып, шаршап отырған халықтың көңілін көтеріп, болашақтан үмітсыз емес екенін күй тілімен айтып бергісі келгендей «Балбырауын» күйін шығарған.



«Елім-ай» қазақ халқының әнін тыңдау: жоңғар шапқыншылығының ауыр кезеңіндегі (1723-1725) қазақ халқының басына төнген қауіп-қатер, азап-қиыншылықты, боскан елдің мұң-зарын толғайтын тарихи сазды өлең. Ол соңғы кездерге дейін “халық өлеңі” деп танылып келді. Кейінгі зерттеулерде оның нақты авторы – Қожаберген жырау Толыбайұлы делінеді.

  1. Бағалау. Қорытындылау. Жеңімпаздарды анықтап, мақтау қағазымен марапаттау.

«Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Бәлкім ол бүгінгі шекарасындағы,  бүкіл әлемге осынша танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. Бірақ бұлай деп сол кезеңдегі басқа да барлық мемлекеттер туралы да айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды, біз – бабаларымыздың ұлы істерінің жалғастырушыларымыз. Бүгінде біздің еліміз барлық таяу мемлекеттермен көпғасырлық достық және тату көршілестік дәстүрлерін сақтап отыр. Осы қарым-қатынасты әрдайым сақтағанымыз жөн» Н.Ә.Назарбаев.



Киров негізгі мектебі

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: « Тарих - ғасырлар куәсі»

Өткізген: Өмирбек Манаргүл

2015 оқу жылы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет