Тамақтану пирамидасы— дұрыс тамақтанудың негізгі қағидаларының сызбалық көрінісі. Ол Гарвард қоғамдық денсаулық мектебінде америкалық диетолог Уолтер Виллеттаның жетекшілігімен құрастырылған.
Пирамиданың төменгі жағында тамаққа жиі қолданылатын азық-түліктер, ал төбесінде шектеулі мөлшерде қолдануға тиісті азық-түліктер орналастырылған. Кейіннен Азия, Жерорта теңізі мемле кеттері мен ет тағамдарын жемейтіндерге арнап тамақтану пирамидасын жасады.
Шұбаттың құрамында кальций және фосфор микроэлементтері, А, В, С дәрумендері бар. Құрамында жоғарыда аталған пайдалы заттары бар құртты жылдап сақтауға болады. Ерекше құрамға ие
қымыз өкпе ауруларын және кейбір асқазан ауруларын емдеуге көмектеседі.
Таңғы асқа балаға жұмыртқа, картоп, макарон, ботқа тағамдарын дайындаған дұрыс. Оған қоса жеміс, көгөністің де пайдаcы зор. Сусыннан — шырын, шай, сүт қосылған какао пайдалы. Бутерброд дайындауға болады, бірақ шұжықтың орнына піскен етті пайдаланыңыз.
Түскі ас бірінші және екінші ыстық тағамнан тұруы қажет.
Ас қабылдау арасындағы үзіліс тым ұзақ болмауы керек, сондықтан бесіндікке жеміс, ірімшік, йогурт, тоқаш жеп, шай, сүт ішуі керек.
Кешкі асқа жұмыртқа, сүзбе, көгөніс, балық тағамдарын, шай, шырын немесе сүт өнімдерін пайдаланған абзал. Қарабидайдан жасалған нанды жеген дұрыс. Ұннан жасалған және тәтті тағам-дарды (тәтті тоқаш, торт, халуа, шоколад және т.б.) баланың күнделікті мәзіріне қосуға болмайды. Оларды жеуге болады, бірақ сирек пайдаланған дұрыс. Фастфуд — тез дайындалатын және тез тамақтану өнімдері. Әдетте оларды көп мөлшер дегі майда және әртүрлі тағам қоспаларын, дәм күшейткіштерін қосып дайындайды. Бұндай тағам дардың құрамында трансмайлар көп болады.
|
Оқушыларға алдын-ала бір күнгі ас мәзірін жасап келу тапсырылды.
Психологиялық дайындық.
Сәлемдесу:
-Үлкенге де – «Сіз»,
Кішіге де - «Сіз»,
Сәлемдесіп құрметпен
Бас иеміз біз!
Бір-біріне сәттілік тілеу.
Кіріспе тапсырма:
- Адамның өмірге келген сәттен бастап оның өсу кезеңдерін есімізге түсірейік, ол үшін топпен ақылдасып, мына суреттерге ретін дұрыстап қойып шығыңдар:
-Адам дүниеге келген сәттен бастап оның өсуі үшін не қажет деп ойлайсыңдар, балалар?
- Әрине су, жылу, баспана, таза ауа, киім, тамақ.
Дастарқан. Оқушылардың назарын суретке аударып, “Тағамдарға назар аудар. Олардың ішінде қайсысы саған таныс? Қандай азық-түліктерден дайындалған? Тағы қандай қазақтың ұлттық тағамдарын білесің?” — деген сұрақтар қойылады. Қазақтың ұлттық тағамдары туралы бейнефильм көрсету.. Олардың әрқайсысына қысқаша тоқталып өту. Оқушылардың негізгі тағамдардың атауларын білуі маңызды: ет асу, бауырсақ, қазы, шұжық, қымыз.
Қалай дұрыс тамақтану қажет? Күніне неше рет тамақтану керек?
Мөлшері қандай болу керек?
Қай уақытта тамақтанған дұрыс?
Қай тағамды таңертең, ал қайсысын кешке жеген дұрыс?
Топпен талдап, ой-пікірлерін білдірулерін ұсынылады.
Жауабы:
Дастарқанда шұжық, қазы, бауырсақтар, шелпектер, жаңғақтар, жеміс-жидектер.
Күніне төрт рет (немесе бес рет) тамақтану қажет. Мөлшері көп болмауы керек. Үнемі бір мезгілде тамақтанған дұрыс, мысалы:
7.00 — таңғы ас, (11.00 — жеміс-жидек немесе шырын), 13.00 — түскі ас, 16.00 — бесіндік, 19.00 — кешкі ас. Таңғы ас нәрлі болу үшін ботқа және жеміс-жидек жеген дұрыс. Ал кешке жұмыртқа, көгөніс, балықтан жасалған тағамдарды жеген пайдалы.
Пайдалы тағам.
Тамақтану пирамидасын көрсету. Суретте көрсетілген барлық топтарды және жеке азық-түліктерді атап шығуларын сұраңыз. Олардың қайсыларын көп және жиі қабылдау керектігін ой лануларын ұсыныңыз. (Дәнді дақылдар, макарон өнімдері, ботқалар.) Олар пирамиданың қай жерінде орналасқан? Жоғарыда не орналасқан? (Май.) Оны жеуге бола ма? (Иә, бірақ көп мөлшерде емес.) Оқушылар пирамидада “күнделікті тағамға пайдалануға қажет азық-түлік топтары көрсетілген” деген қорытындыға келулері тиіс. Пирамиданың төбесіне жақын орналасқан азық-түліктерді аз мөл шерде пайдаланукерек.
|