Сабақ Тақырыбы: «Алтын күз» Дайындаған: Мектепалды даярлық тобының



Дата11.01.2017
өлшемі40,21 Kb.
#6579
Қарабұтақ орта мектебі

Ашық сабақ

Тақырыбы:« Алтын күз»

Дайындаған: Мектепалды даярлық тобының

тәрбиешісі: Тныбекова Гульшара Апураевна

2013-2014 оқу жылы


Ақтөбе облысы

Әйтеке би ауданы

Қарабұтақ орта мектебі

Білім беру саласы: Таным

Оқу іс-әрекеті: Экология

Сабақтың тақырыбы: Алтын күз

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Балалардың күз мезгілі жайында түсініктерін бекіту.

Күз мезгіліндегі табиғат ерекшелігі мен өзгерістері туралы әңгімелеу.



Тәрбиелік:Балаларды құстарға қамқорлықпен қарауға және еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Дамытушылық:Табиғатты аялауға ,үлкендердің еңбегін бағалай білуге баулу.

Әдіс-тәсілдері: Әңгімелесу,түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын .

Көрнекіліктері: интерактивті тақта,суреттер,жемістер,жапырақтар.

Сабақтың барысы:

Шаттық шеңбері:

Арайлап бүгін атты күн

Шашып бізге шапағын.

Тілейміз сізге ақ таңның

Қуанышты шаттығын.

Қайырлы таң,қайырлы таң !

Сабақтың барысыңда балалар бір-біріне жылы лебіздер білдіріп,амандасады.

Жаңа сабақ.

Тәрбиеші: Қазір далада жылдың қай мезгілі?

Балалар: Күз мезгілі


  • Күз мезгілінің қай айы?

  • Қазан

  • Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады ?

  • Күн салқындап, кейде жаңбыр жауып, жел соғады,жер балшық болады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді т.б

  • Балалар сурет арқылы күз мезгілі туралы әңгімелейді.

Топтастыру «Күз мезгілі»

  • Өте жақсы. Ал енді балалар мен сендерге «Күзгі жапырақтар» өлеңін оқып берейін.

  • Алтын сары,қызыл,көк

Алуан –алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

  • Өлеңде жылдың қай мезгілі туралы айтылған?

  • Алуан-алуан жапырақ деген жолдарын қалай түсінесіңдер?

  • Күз мезгілін неге «Алтын күз» деп атап, алтынға теңейді?

  • Балалар, енді «Жыл мезгілі» ойынын ойнаймыз.

Ойын тәртібі: Сурет бойынша жыл мезгілдерін тауып сызық арқылы қосу

  • Өте жақсы. Ал енді жинап әкелген жапырақтардан «Күзгі орман» компазициясын құрастырамыз.



  • Балалар ,шаршаған боларсыңдар, аздап сергіп алайық. Балалар қолдарына жапырақтар ұстап тұрып сергіту сәтін орындайды.



Сергіту сәті

Биік болып өсеміз.

Жапырақтай жайқалып

Табиғатты сүйеміз.

Денемізді тік ұстап

Билеп, билеп, аламыз.- музыка әуенімен балалар жапырақтармен билейді.

  • Балаларға көмек бере отырып,әңгіме барысында балалар өздері білетін күз мезгілі, құстар немесе жемістер,көкөністер туралы білетін тақпақтарын айтып береді.

  • Ал енді мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін сурет арқылы көрсетесіңдер.

1.Алтын сары тоны бар.

Қойынында дәні бар. (бидай)

2.Әрі қызыл әрі тәтті

Татқан жанды таңырқатты. (алма)

3.Қызыл жасыл кемелер

Су бетінде қалқиды.

Соқса егер салқын жел

Ырғалады толқиды. (жапырақ)

4.Аласа ғана бойы бар

Қабат-қабат тоны бар (қырыққабат)

5.Көк лағым көгенде жатып семіреді.(қарбыз)

Тәрбиеші: Балалар,енді «Күз байлығы» тақырыбында суреттер саламыз.

І-топ жемістер ІІ-топ көкөністер

Қорытындылау.

Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі сабақта біз қай жыл мезгілі туралы әңгімеледік.



  • Күз мезгілінде ауа райы қандай болады?

  • Күз мезгілінде нелер піседі?

  • Балалар бүгінгі сабаққа жақсы қатысып отырсыңдар, сондықтан да күз мезгілі сендерге өзінің тәтті алмасыннан бергісі келіп отыр.

  • Балаларға алмалар таратып беремін. Балалар күзмезіліне өздерінің рахмет айтады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет