Сабақ Тақырыбы: «Қансонарда бүркітші шығады аңға»



Дата28.11.2019
өлшемі22,49 Kb.
#52745
түріСабақ
Байланысты:
ашық сабақ А.Құнанбаев Қансонарда

Бекітемін
Мектеп директоры: Р.К.Матаева

Кеңбидайық орта мектебі


Ашық сабақ


Тақырыбы: «Қансонарда бүркітші шығады аңға» А.Құнанбаев

Пән мұғалімі: А.Қ.Утеулина

2013-2014 оқу жылы


Күні:

Сынып: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: « Қансонарда бүркітші шығады аңға». А.Құнанбаев

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға А.Құнанбаевтың өмірбаяны мен шығармашылығы жайлы мәлімет бере отырып, біліммен қаруландыру.

Дамытушылық: Оқушыларды мәнерлеп оқуға, сөздікпен жұмыс жасауға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушыларға табиғат пен адам , жалпы тіршілік атаулының тұтастығын түсіндіре отырып, оқушылардың эстетикалық танымын ояту, табиғатты сүюге, қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру,сұрақ-жауап, талдау,СТО стратегиясының элементтері

Сабақтың көрнекілігі: ою-өрнектер,сабақтың эпигрофы, А.Құнанбаев жайлы слайд мәліметтері, саятшылық өнер жайлы мәліметтер, Абай мұражайынан бейнефильм, «Желсіз түнде жарық ай» әні.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- амандасу;

-түгендеу;

-оқушылар зейінің сабаққа аудару;



«Шаттық шеңбері». Оқушыларға есімдері жазылған қима қағаздарын таратып беріп, өз бойларындағы қасиеттерін жазып, сыныппен сол қасиеттердің кімдікі екенін анықтау.

ІІ. Өткенді пысықтау:

-үй жұмысын тексеру. Махамбет «Тарланым» өлеңі. Көп нүктенің орнына тиісті өлең жолдарын қою.

Таудан мұнартып ұшқан, ...............,

.....................қолым жете ме?

Арызым ...................................?

........................, көп болды-ау,

.............................,кербезім!

Керіскедей .....................

Құландай ашы ....................,

....................................... мүйіздім!

Қырмызыдай .....................!

Хиуадай ....................!



Қызығушылықты ояту. А.Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық ай» деген әнінің әуенін қою.

  • Оқушылар бұл әуен сендерге таныс па?

  • Бұл ән кімдікі екен?

  • Жарайсыңдар, бұл ән Абай Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық ай» деген әні болатын.

  • Ендеше, бүгінгі біздің тақырыбымыз А.Құнанбаевтың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі.

  • Қазір енді мына төмендегі кесте бойынша жұмыс жасайық. Кестенің 1,2 бағандарын ғана толтырамыз.

Білем

Білгім келеді?

Білдім










  • Оқушылардың жауаптарын тыңдап алу.

  • Кестені толтырып болсақ,тақтаға назар аударамыз.

ІІІ. Жаңа сабақ. Слайд мәліметтері арқылы түсіндіру.

Ұлы ақын, композитор, философ, ағартушы, қазақтыңреалистікжаңажазбаәдебиетініңнегізінқалаушы.

Абай (Ибраһим)Құнанбайұлы 10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысыныңШыңғыстауларындаҚарқаралыныңағасұлтаныҚұнанбайдыңтөртәйелініңбіріҰлжаннан туған. Орта жүздіңАрғынтайпасыныңТобықтыруынаншыққанбилерәулетінен. ӘкесіӨскенбайұлыҚұнанбайөззаманындағыатақдаңқыалысқакеткенадамдардыңбіріболған. Патшаөкіметі XIX ғасырдыңортасындағыбірсайлауда оны Қарқаралыауданыныңағасұлтандығынабекіткен. Шешесі Ұлжан Орта жүздіңАрғынтайпасынан .

Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіләжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы .«Абай» деп жас Ибраһимді анасыҰлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.

Абай өлең жазуды 10 жасында бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері - «Йузи-рәушән», екіншісі - «Физули, Шәмси». «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке», «Абралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері 1870 - 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы «Қансонарда»1882 ж. жазылған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары төрт жүйемен өрбиді: бірі- өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі - ғақлия (немесе Абайдың қара сөздері) деп аталатын прозасы; үшіншісі- өзге тілдерден, әсіресе орыс тілдерден аударған өлеңдері;төртіншісі - музыкалық мұрасы.

Шығармалары:



  • Жыр шумақтары

  • Қара сөздері

  • Музыкалық мұрасы

  • Аудармалары

Ақынның шығармаларының бірі бүгінгі өтетін «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі.

  • Оқушылар, аңшылық дегенді қалай түсінеміз?

  • Аң аулауға аңшылар бүркіттен басқа тағы да нені алып шығады?

  • Жақсы,ендеше өлеңді мәнерлеп оқиық. Өзім бір –екі жолын мәнерлеп оқимын.

Сөздікпен жұмыс

қансонар -

ғанибет -

аңдағанда -

томаға -

қаса -


көкейіңе -

бақпасаң-

үйірімен үш тоғыз –

Мазмұндық жоспар бойынша мазмұндау:

1. Қансонарда аңға шыққан бүркітші.

2. Бүркіт пен түлкінің кезігуі.

3. Айқас.

4. Қар үстіндегі көрініс.

5. Қораздану.



6. Аңшының ойлары.

Сабақты бекіту: оқушыларға саятшылық өнері жайында мәлімет беру.Бүркітпен аңға шығу саят өнерінің ең биік түрі болып табылады. Құс отыратын тұғыр ертеде аллтын немесе қапталатын болғаны. Саятшылық өнері үлкен қажырлылық, шыдамдылықпен қатар табиғит заңын жақсы білуді талап етеді.

ҮІ. Үйге жұмысы:


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет