Сабақ. Тақырыбы: «Қазақ шешендерінің көрнекті өкілдері». 9 «Б» сынып Сабақтың мақсаты



Дата15.12.2016
өлшемі11,09 Kb.
#3901
түріСабақ
  • Ашық сабақ.
  • Тақырыбы: «Қазақ шешендерінің көрнекті өкілдері».
  • 9 «Б» сынып
  • Сабақтың мақсаты:
  • Оқушылардың шешендер сөздеріндегі оралымды өткір ойды анық танып, талдай білулерін жетілдіре отырып, ой белсенділігін дамыту; шығармашылық ізденіске бағыттау; оқылған жайға көзқарасын анық жеткізу дағдыларын, мәнерлеп оқу шеберлігін, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
  • Кемеңгер шешендердің – үлгі-насихатқа толы ғұмыр иелерінің даналық ой маржандарын, сырлы сөздерін бойға сіңіру, адамдық қасиеттерін үйрену, әділдікті ту етіп жоғары көтерген, ел тұтастығын сақтауға зор мағына берген билер келбетін үлгі тұту, істерін өнеге ету; халықтық мұра – шешендік сөздерді және халықтық салт-дәстүрімізді сақтап, шешендік өнерді қадірлеуге, ұлттық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу.
  • Білімділік
  • Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би өмірлері жайлы мәлімет беру; олардың көркем сөзден «сарай салған» шешендіктерімен бірге қазақтың әйгілі де айбарлы билері екендігін таныту; ділмар шешендіктеріне байланысты әңгіме, аңыздарды талдата оқыту: сөз астарының мән-мағынасын ашқызу, мазмұнын меңгерту, құрылысын таныту.
  • Дамытушы-
  • лық
  • Тәрбиелік
  • 1
  •                          
  • *Қазіргі Жамбыл облысына қарайтын Шу өзені бойында Әулиеата маңындағы «Жайсаң жайлау» деген жерде дүниеге келген.
  • * 1663-1756  ( XVII-XVIII )
  • * Жасынан араб, парсы тілдерін жақсы меңгерген.
  • * Шығыстың аңыз әңгімелері, қисса-дастандарымен таныс болған.
  • * Әке тәрбиесімен билікке ерте араласқан; Алғыр, тапқыр, әділ болған.
  • * Әнет бабадан бата алған. Көреген. Толғаулар шығарған.
  • * «Қарлығаш әулие»,«Бала би» атанған.
  • *От ауызды,орақ тілді шешен. Ел намысын қорғаушы. Даңқы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атанған жоңғар басқыншылығына қарсы күрес жылдары қазақ даласына жайылды.
  • * 1667-1764 (1763) жылдары өмір сүрген.
  • * Жастайынан ел ісіне араласқан. Кемеңгер би, батыл елші, парасатты мәмілегер.
  • * «Қаз дауысты» атанған. Ұшқыр қиялды, ұрымтал ойлы, жалынды сөзді азамат.
  • * Қайсар, батыл, өжет, өткір, жаратылысынан дарынды, хас талант.
  • * Тәуке хан тұсында (1689-1766 жылдар аралығында) өмір сүрген.
  • * Қазақ халқының іргелі ел болуына ісімен де, сөзімен де зор үлес қосқан айбарлы би болған.
  • * Тапқыр, тілмар шешен,кең ой-өрісті, алғыр ойлы, өжет, әділдікті ту еткен, жүйелі сөзге көп мағына сыйғызған дана.

Жеті жарғы – Тәуке хан тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. ХVІІ ғасырда қазақ хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолын” одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында “Тәуке ханның Жеті жарғысы” деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады. Жеті жарғының өзі талап, тілекті қанағаттандырарлық деңгейде болғандықтан, оның көптеген жол-жобалары мен қағидалары ХХ ғасырдың басына дейін қолданылып келді.

  • Жеті жарғы – Тәуке хан тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. ХVІІ ғасырда қазақ хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолын” одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында “Тәуке ханның Жеті жарғысы” деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады. Жеті жарғының өзі талап, тілекті қанағаттандырарлық деңгейде болғандықтан, оның көптеген жол-жобалары мен қағидалары ХХ ғасырдың басына дейін қолданылып келді.
  • 2
  • Билер туралы білгендеріңізді топтастырыңыздар.
  • 3
  • Үш бидің басынан өткен бір оқиғасын әңгімелеңіздер.
  • 4
  • Басталуы
  • Дамуы
  • Шиеленісуі
  • Шарықтау шегі
  • Шешімі
  • 5 4 3 2 1
  • 5

Таныс емес сөздермен жұмыс

  • Суат – өзеннің, бұлақтың мал суаратын жері.
  • Фәни – тұрағы жоқ, баянсыз, алдамшы дүние.
  • Мият – көңілге медеу, тірек, сүйеніш.
  • Пырақ – жүйрік ат, сәйгүлік, арғымақ.
  • 6
  • Венн диаграммасы

Төле би, Қазыбек, тілді Әйтеке, Асқар тау - Қазығұрттай білімді еді. Бірі-күн, бірі-туған айдай болып, Заманға сәйкесімен келіп еді. (Тәуке хан)

  • Төле би, Қазыбек, тілді Әйтеке, Асқар тау - Қазығұрттай білімді еді. Бірі-күн, бірі-туған айдай болып, Заманға сәйкесімен келіп еді. (Тәуке хан)

Рефлексия



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет