Сабақтың тақырыбы: Абайдың рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері. Абай туралы даналық ой пікірлер «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы — соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ»



Дата07.02.2022
өлшемі18,59 Kb.
#93517
түріСабақ
Байланысты:
f12436d04f985e4748091ea0d49deab85f6569ba4505f (1)


Сабақтың тақырыбы: Абайдың рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері.
Абай туралы даналық ой пікірлер
1. «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы — соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ».
А.Байтұрсынов
2. «Абай деген – терең теңіз, алып мұхит. Абайды таныған сайын, оның түбіне маржандарын алу үшін сүңги беруің керек,сүңги беруің керек. Ал мен оның бетін ғана қалқыдым»
М.Әуезов
3. «Абайдың әуелден-ақ әкенің баласы болмай, адамның баласы болуды армандағаны белгілі. «Адамға адамның баласының бәрін дос санады. «Біріңді қазақ, бірің дос көрмесең, істің бәрі бос» деген сөздері- шын мәнінде ұлт болып ұюмыздың негізі шарты. …..Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас темірқазық іспетті».
Н.Ә.Назарбаев
4. «Өз Отанының сом алтыны»
Ә.Бөкейханов
5. «Қараңғы заманда шырақ жаққан» шамшырақ»
М.Дулатов
6. «Әлемнің құлағынан әні кетпес» кемеңгер»
М.Жұмабаев
7. «Ол халық тарихының биік шыңына жалғыз – дара шыққан тау ағашы сияқты»
М.О.Әуезов
Абай-шешен. Ұлттық өнеріміздің ішінде алмастай асыл, найзағайдың отындай жарқ-жұрқ еткен өткірлікке, тапқырлыққа суарылған дүниетаным тереңдігіне негізделген өнер-шешендік. «Шешендік дегеніміз» — кесімді билік айту, қажет нәрсені ортаға ,көптің талқысына салу яки айтатын нәрсе мен айтпайтын нәрсенің ара-жігін жіті айыра білу, өлшемнен асырмау, ой-пікірлерді айқындау және көмейі суырылған шешенде табиғилық, ұғымдылық, шыншылдық, сыршылдық, ақжарқындық, жаздың әсем таңындай сұлу көңілі болуы қажет.
Абайдың ел билеу өнеріндегі айтулы құбылыстың бірі – 1885 жылы мамыр айында Шар бойында Қарамола сиезінде (сьезінде) бес дуан елге арналып жазылған 74 баптан құрылған Ережесі. Тарихи мәні терең бұл құжат жүйелеп тексерудің, қазақ өмірінің әлеуметтік- ұлттық болмысын нақтылы шаншыла зерттеудің ең жоғары түріне жатады.
Бұл Ережеде: жер дауы, құн дауы, жесір дауы, қалың мал, құдалық жоралары, әйелдің бас бостандығы, ата-ана мен баланың арасындағы сыйластық, ерлі-зайыптылар қарым-қатынасы, әмеңгерлік мәселесі терең талданып, әділ билік – кесімдер, шара қолдану айтылады.
Ұрлыққа барымтаға Шара қолдану: суға батқанға көмек арық, көпір, құдық бұзғандарға өрт, боран, аяз кезінде араша болмағандарға (35 бап)
Алты алаштың ардақтысы Әлихан Бөкейханов: «20 жасқа жеткенше Абай от тілді шешен, халық өмірі мен әдет-салтын, қазақ даласындағы атақты билердің әр істі шешкендігі төреліктерін жақсы білетін ділмар атанды. Абай өзінің қабілеті мен білімінің арқасында қазақтардың билік тартысында басты тізгін ұстаушы болды» -деп жазады.
Ахмет Байтұрсынов:«Ел ішіндегі сақталған қазақтың бұрынғы өткен билерінің билігі, шешендерінің сөйлеген сөзі, көсемдерінің істеген ісі, үлгілі сөздер, ұнасымды тілдер, мақал-мәтелдер сияқты нәрселерді Абай көп біледі екен. Заман бұрынғыдай болса, Абай алаштың атақты билерінің бірі болуы шүбәсіз. Біліммен би болып, жұрт білмейтін заман өтіп, таспен би болатын заманға қарсы туған» — деп бағалаған.
Дүниенің тылсым сырын надандық, танып білу талапсыздық,жалқаулық мінездерді сынады. Ар-ұят, адамгершілік мәселелерін қамтыды. Абай терең зейінді адам болғандықтан өзі өмір сүрген ортасын, оның қоғамдық жағдайларын терең түсініп, ақиқаттықпен көрсете білді.
Ақын өмір сүрген кездегі қазақ қоғамы:

  • Феодалдық – патриархалдық құрылыстың шырмауында болатын;

  • Рулық құрылыс ыдырамады;

  • Патшалық әкімшіліктің ру басшыларының тартыстарын қоздыруы;

  • Қоғамдық ахуал шиеленсті;

  • Халықтың күйі нашарлап кетті;

  • Халықтың мұң-мұқтажын жоқтаған ақын болыс, төбе би болып әлеуметтік мәселелерді шешті;1868 жылы 100-бап ереже жасаған

  • Топтық қоғамда әлеуметтік әділдіктің болмайтынын да көре білді;

«Күшті жықпақ, бай жеңбек әуел бастан,
Қолға түсер, сілесі әбден қатып
Жаны аяулы жақсыға қосамын деп,
Әркім бір ит сақтап жүр ырылдатып» — деп теңдік алу үшін қанша арызданып ізденгенімен, байларға «ырылдатып ит қосып» күрескенімен, кедейдің қалжырап, сілесі қатқаннан басқаға әлі жете алмайтынын көрсетті.

Тапсырма


  1. Түсініп оқып, мәтінді конспектіле


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет