С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып»,
«Шәкірт ойы», С.Мұратбеков «Жусан иісі»
Тапсырма 1. Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені берілген үзінділер арқылы түсіндіріңіз.
№
Шығармадан үзінділер
Идеясы
1
«...- Ертеде бір жетім бала бопты… - деп Аян екінші ертегісін бастады. Сыбырлай шыққан даусында өз айтқанына қалайда қалтқысыз сендіретіндей керемет бір күш бар.. Ғажап ертегілер еді… Дүниедегі жақсылық атаулының бәр-бәрі: ерлік те, ізгілік те, сұлулық пен ақылдылық та, әйтеуір адамға тән не бір асыл қасиеттің барлығы да сол Аянның ертегілерінде болушы еді. Аян батырлық туралы ертегі айтқанда, біз - алым-жұлым киінген қара борбай балалар бір сәтке жадау қалпымызды ұмытып, шетімізден: көк семсерді жарқ-жұрқ еткізіп, ат ойнақтатып жауға қарсы арыстанша шабатын нағыз қас батырдай сезінуші едік өзімізді..»
2
«..Мен таяп келгенде шеттеу тұрған Есікбай сыбырлап қана: − Аян балалар үйіне кеткелі жатыр,- деді. − Қарағым, жолың болсын,- деді жыламсырап.- Жақсыдан қалған тұяқ ең, қайда жүрсең де аман бол. Адам болсаң тауып келерсің әлі... Аян балалардың бәрімен қол алысып қоштасты. − Мен әлі бәріңе де хат жазып тұрамын,- деді күлімсіреп. Біз, балалар, Аянды кеп уақытқа дейін еске алып, сөз қылушы едік. Шынында да бұл күнде Аян қайда екен? Тірі ме екен? Ондай бала тірі болуы тиіс. Ондай бала алдына нендей мұрат қойса да жетеді. Ал тірі болса Жусандытөбеге бір оралмауы қалай?! Жусанның иісін сағынбауы мүмкін емес қой....»
Автордың: «Тебем деп тірі болсам надандықты, Серт етіп, өз-өзіме еткем егес»,- деп ой толғауының мәні неде деп ойлайсыз?