Сабақ тақырыбы б жаңа білімді меңгеру Жоспары



бет1/6
Дата07.02.2022
өлшемі56,76 Kb.
#83548
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
767 8848 12106 (1)




Қауіпсіздік шаралары – деректерді резервтік көшіру және шифрлау
(сабақ тақырыбы)


Б)Жаңа білімді меңгеру
Жоспары:



  • қауіпсіздік шаралары;

  • деректерді резервтік көшіру;

  • деректерді шифрлау.

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ең бастысы – қауіпсіздік шараларын сақтау. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ақпаратты қорғаудың техникалық, программалық, ұйымдастырушылық шараларын қолдану маңызды.



Қауіпті программалардың ақпаратқа тигізетін басты зияны – ақпаратты жойып жіберу немесе құпия ақпараттың кілтін жою. Осындай зардапты болдырмас үшін маңызды ақпараттардың резервтік көшірмесін сақтап қою керек. Егер мұндай шараларды жасамайтын болсақ, онда өз файлдарымызды қайта қалпына келтіре алмай, жоғалтып аламыз.
Қандай файлдардың резервтік көшірмесін жасау маңызды екендігі жайында қарастырайық. Әрине, ең алдымен өзіміз үшін маңызды жеке файлдардың көшірмесін жасау қажет. Себебі, егер қандай да бір жағдай орын алатындай болса, онда әрқашан операциялық жүйені қайта орнатып, қажетті программаларды жүктей аламыз, ал жеке файлдарды қалпына келтіру мүмкін емес. Сол үшін де компьютердегі құжаттар, суреттер, бейнежазбалар мен кез келген жеке ақпараттардың резервтік көшірмесін жасау программасын жиі қосып отыру керек. Сонымен қатар операциялық жүйе, программалар, жүйелік баптаулардың резервтік көшірмесін жасауға болады. Ақпараттардың резервтік көшірмесін сыртқы жинақтауыштардан бастап, қашықтағы серверлерге дейін сақтауға болады. Әрбір әдістің өз артықшылығы мен кемшілігі бар.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет