Сабақ тақырыбы: “Бактериялардың түрлері мен пішіндері
Бактериялар – табиғатта ең көп тараған, негізінен бір жасушадан тұратын, оқшауланған ядросы жоқ, қарапайымдылар.
Алғаш рет бактерияларды 17 ғасырда голланд ғалымы, микроскопты жасаушы – Антони ван Левенгук байқаған.
19 ғасырда бактериялардың құрылысы мен табиғаттағы рөлін француз ғалымы Луи Пастер, неміс ғалымы Роберт Кох және ағылшын ғалымы Джозеф Листер зерттеді.
Бактерия негізінен түссіз тек кейбіреулерінде ғана аздап бояғыш заттар кездеседі.
Фотосинтез құбылысы жүретін көк -жасыл қызыл түсті өкілдерін цианобактериялар деп атайды
Бактериялардың жасуша құрамында тұрақты жасуша қабаты, цитоплазмалық мембрана, цитоплазма, нуклеоид, рибосома болады. Ядроның қызметін дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) атқарады.
Қолайсыз жағдай туғанда сырты қалың қабықпен қапталып спора түзеді.
Бактериялар өте төменгі температурада (–1900С-та, ал споралары –2530С-та) тіршілік ете береді.
Оларды өте жоғары температурада (+1000С-та) кептіргенде, кейбір түрлері (мысалы, гонококтар) тіршілігін тез жойса, дизентерия таяқшалары жеті тәулік, дифтериянікі отыз тәулік, туберкулездікі тоқсан тәулік, ал түйнеменің бациллалары он жылға дейін тіршілігін жоймайды.