№4 симуляциялық сабақ Тақырыбы: Бала денсаулығын басқарудың жеке жоспарын әзірлеу бойынша шешім қабылдаудағы клиникалық-диагностикалық шарттары
Оқытушы: Көшкінбаева М.Т. Шымкент қ. ДСБ ШЖҚ “Жоғары медицина колледжі” МКК Қолданбалы бакалавр біліктілігімен «Мейіргер ісі - 2” бөлімі Жоспары:
Денсаулықты кешенді бағалау Бөлімшелік педиатр және басқа да мамандармен жүргізіледі. Бағалау қарау кезінде жүргізіледі. Ағзалардың және жүйелердің функиционалды жағдайы клинико-функционалды пробалармен анықталады. Ағзаның реактивтілігімен резистенттілігі ағзаның сыртқы орта қолайсыз жағдайларын жауабымен көрінеді. Қарау кезіндегі жағдайына бацланысты педиатр денсаулық тобын өзгертіп немесе бұрынғыдай қалдыруы мүмкін.
Әрбір профилактикалық қарау кезінде денсаулық жағдайының негізгі критерийлерін осыларға қарап негіздейді:
Генеологиялық анамнез
Биологиялық анамнез – анте-, интра- және ерте постнатальді кезеңдегі ауыткулар.
Физикалық және жүйке-жүйелік дамуының деңгеі мен сәйкестігі
Созылмалы және туа пайды болған аурулардың жоқтығы
Генеологиялық анамнез – туыстарының арасында тұқым қуалайтын аурулардың, жалпы қандай аурулардың бар жоқтығын қадағалау.
Биологиялық анамнез – бала онтогенезінің әртүрлі кезеңінде дамуындағы өзгерістер
Антенатальді кезең (жүктіліктің 1-ші және 2-ші жартысы)
Ерте (0-7 күн) және кеш неонатальді кезең (8-28 күн)
туу жарақаты
асфиксия
шала туылу
нәрестенің гемолитикалық ауруы
Постнатальді кезең (туылғаннан кейінгі кезең)
Қайталанбалы инфекциялық аурулар
Анемия
Дистрофиялар
Диатездердің бар болуы
Егер: аталған факторлар осы кезеңдерде бір немесе бірнешеуі кездессе онда биологиялық анамнез қауіпті болып саналады.
3-4 қауіп факторы болса – орташа дәрежелі
2 болса – жеңіл дәрежелі болады.