Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
5.1.В Натурал сандардың бөлінгіштігі
|
Мектеп: «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернаты
|
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Мақсұт Нұрсара Мұқатайқызы.
|
|
Сынып: 5
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар саны:
|
|
Сабақ тақырыбы
|
Бөлінгіштіктің негізгі қасиеттері
|
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
5.1.2.10 көбейтіндінің берілген натурал санға бөлінгіштігін талдау;
5.1.2.11 қосындының және айырманың берілген натурал санға бөлінгіштігін талдау;
|
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлығы: көбейтіндінің бөлінгіштік қасиетін пайдаланып, бөліндінің мәнін және қосынды мен айырманың бөлінгіштік қасиетін пайдаланып, өрнектің мәнін табады.
Көпшілігі: көбейтіндінің берілген натурал санға бөлінгіштігін және қосындының мен айырманың берілген натурал санға бөлінгіштігін талдайды, қорытындылайды, өз тұжырымының дұрыстығын дәлелдейді;
Кейбіреуі: Математикалық тілде қорытындыны жаза алады, тқжырымдап ережесін қорытады.
|
|
Бағалау критерийлері
|
- көбейтіндінің берілген натурал санға бөлінгіштігін тексереді;
- қосындының және айырманың берілген натурал санға бөлінгіштігін талдайды;
- көбейтіндінің берілген санға бөлінгіштігін дәлелдейді;
- айырманың берілген санға бөлінгіштігін дәлелдейді;
- қосындының берілген санға бөлінгіштігін дәлелдейді;
|
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар: қосындының, айырманың және бөліндінің анықтамаларын тұжырымдайды.
Пәндік лексика және терминдер:
Егер а саны с-ға бөлінсе, онда аb көбейтіндісі де с-ға бөлінеді, яғни a=cn, ab=c(nb) ;
Егер а саны да, b саны да с-ға бөлінсе, онда а+b қосындысы да, а – b айырмасы да с-ға бөлінеді
деп тұжырымдайды.
Диалогқа/жазылымға қажетті сөз тіркестер:
-... санға бөлiнетінін қалай дәлелдейсіз?
- Сіз қалайша қорытындыны жазар едіңіз?...
- Сіздің тұжырымым бойынша ...
|
|
Құндылықтарды дарыту
|
Зайырлы қоғам және жоғары руханият құндылығы бойынша топтық жұмыста бір-біріне құрмет, ынтымақтастық және достық қарым-қатынас бойларына сіңіріледі. Өзара бағалау бойынша өзгенің көзқкарасына құрметпен қарау құндылығы қалыптасады.
|
|
Пәнаралық байланыстар
|
Гуманитарлық пәндермен
|
|
Бастапқы білім
|
5.1.1.5 натурал санның бөлгіші мен еселігінің анықтамаларын білу;
5.1.1.6 жай және құрама сандардың анықтамаларын біледі;
5.1.2.8 натурал сандардың бөлгіштерін табу;
5.1.2.9 натурал санның еселіктерін табу.
|
|
Сабақ барысы
|
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сабақтың басы
5 минут
|
Оқушы назарын шоғырландыру.
Сыныпта 14 ұл және 10 қыз бар. Олар топтардағы қыздар саны
бiрдей және ұлдар саны бiрдей болатындай екi топқа бөлiнiп,
волейбол ойнай ала ма? Әрбiр топта неше ұл бала, неше қыз
бала болады?
Ширату жаттығулары: 3-тің еселіктерін атаңдар;
4-тің еселіктерін атаңдар;
5-тің еселіктерін атаңдар;
7-нің еселіктерін атаңдар;
Осы 3пен 5-тің, 4 пен 7-нің еселіктерінен қосынды, айырма және көбейтінді құраңдар. Құралған қосынды, айырма және көбейтінді сәйкесінше «3 пен 5-ке» және «4 пен 7-ге» бөліне ме?
Проблема шешу қажеттігін туындату, уәж туындату.
Ендеше бүгінгі сабақтың мақсаты қандай болмақ?
Бүгінгі сабақтың мақсаты: көбейтіндінің, қосындының және айырманың берілген натурал санға бөлінгіштігін талдау;
|
Интерактивті тақта.
Презентация
1 слайд
|
Сабақтың ортасы
25 минут
|
І. Топтастыру: 3-тің еселіктері: 3; 6; 9;12,; 15 және 18.
4-тің еселіктері: 4; 8; 16; 24; 32 және 36.
5-тің еселіктері: 5; 10; 20; 25; 30 және 35.
7-нің еселіктері: 7; 14; 21; 28; 42 және 49 сандары бойынша топтасады.
Топтастыру мақсаты: Джигсо/мозаика әдісі бойынша оқушылардың білімдік мақсаттарын бірлесіп шешетін оқу ортасын құруға дайындық.
ҚБ: мадақтау/жарайсыңдар, бәрің натурал санның еселіктерін біледі екенсіңдер! Осы білімді тереңдетеміз./
ІІ. Топтық жұмыс: Джигсо/мозаика әдісі бойынша әр топқа таратпа материалдар беріледі.
Мақсаты: еркіндік, серіктестік, сенімділік қағидаты негізінде оқушылар осы тақырыптың негізгі тұжырымдары бойынша маман ретінде сарапшылар тобында зерделетіп, талдатып, бастапқы тобында үйретуші рөліне әкелу арқылы жауапкершілікке, топтық талқылау арқылы командада жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Оқушылар бастапқы топта тапсырмаларды өздерінің қалаулары бойынша бөлуді еркіндікте, дербестікте орындайды.
Таратпа материалдағы тапсырмалар:
№1 тапсырма. а ) Неге 56 және 21 сандарының қосындысын 7 санына
(56 + 21) : 7 = 56 : 7 + 21 : 7 = 8 + 3 = 11 түрiнде бөлуге болады?
б ) Бұл тәсiлдiң қосылғыштар саны екiден артық болғанда да орындалатынына көз жеткiзiңдер. Әр қосылғыштың бөлiнгiштiгi мен қосындының бөлiнгiштiгі қалай байланысқан?
Егер қосылғыштың әрқайсысы қандай да бiр натурал санға бөлiнсе,
онда олардың қосындысының мәнi де сол санға бөлiнедi деген ақиқат пікір ме?...
Мақсаты: қосындының бөлінгіштігін талдау білігін дамыту, бақылау барысында қажетіне қарай қолдау көрсету.
№2 тапсырма. Төмендегi қасиет ақиқат па?
Егер азайғыш пен азайтқыш қандай да бiр натурал санға бөлiнсе,
онда олардың айырымының мәнi де сол санға бөлiнедi.
а) Неге (36 – 8) айырымының мәнiн 4 санына (36 – 8) : 4 = 36 : 4 – 8 : 4 = 9 – 2 = 7 түрiнде бөлуге болады?
б) Егер екi натурал санның бiрi қандай да бiр санға бөлiнiп, екiншiсi
ол санға бөлiнбесе, онда осы екi натурал санның қосындысы немесе
айырымы сол санға бөлiне ме?...
Мақсаты: айырманың бөлінгіштігін талдау білігін дамыту, бақылау барысында қажетіне қарай қолдау көрсету.
№3 тапсырма.
а) Нелiктен 72 · 3 көбейтiндiсiнiң мәнiн 8 санына (72 · 3) : 8 =
= (72 : 8) · 3 = 9 · 3 = 27 түрiнде бөлуге болады?
б) Егер көбейткiштiң бiреуi қандай да бiр натурал санға бөлiнсе, онда
көбейтiндiнiң мәнi де сол санға бөлiнедi деген тұжырым ақиқат па?...
Мақсаты: көбейтіндінің бөлінгіштігін талдау білігін дамыту, бақылау барысында қажетңне қарай қолдау көрсету.
№4 тапсырма.
Тұжырым
|
Өрнек
|
Тексеріңдер
|
25 саны 5 санына бөлінеді
|
Қосынды
|
25+7
|
25 + 7 қосындысының
мәнi 5 санына бөлiне ме?
|
7 саны 5 санына бөлінбейді
|
Айырым
|
25-7
|
25 – 7 айырымының мәнi
5 санына бөлiне ме?
|
Өз тұжырымыңды ал, дәлелде. Сен қалайша қорытындыны жазар едің?...
Мақсаты: қосындының және айырманың бөлінгіштігін қорытындылау (формуламен беру) білігін дамыту, бақылау барысында қажетіне қарай қолдау көрсету.
№5 тапсырма.
Тұжырым
|
Өрнек
|
Тексеріңдер
|
72 саны 9 санына бөлінеді
|
Көбейтінді
|
17*72
|
17*72 қосындысының
мәнi 9 санына бөлiне ме?
|
37 саны 9 санына бөлінбейді
|
Көбейтінді
|
17*37
|
17*37 қосындысының
мәнi 9 санына бөлiне ме?
|
Өз тұжырымыңды ал, дәлелде. Сен қалайша қорытындыны жазар едің?...
Мақсаты: көбейтіндінің бөлінгіштігін қорытындылау (формуламен беру) білігін дамыту, бақылау барысында қажетіне қарай қолдау көрсету.
№6 тапсырма.
Нелiктен 1) 15 + 39 қосындысының мәнi 3-ке;
2) 33 + 88 қосындысының мәнi 11-ге;
3) 24а + 24с қосындысының мәнi 24-ке (мұндағы a, c — натурал
сандар);
4) 18а + 45b + 99c қосындысының мәнi 9-ға (мұндағы a, b, c —
натурал сандар) бөлiнетiнiн талдап түсіндіріңдер.
Мақсаты: көбейтіндінің бөлінгіштігінбағалау білігін дамыту.
ҚБ: топта бірін-бірі бағалау (Максимум 3 ұпай).
Бағалаушы сыншыл дос______________________________________
Бағалау критерийлері
|
№1
|
№2
|
№3
|
№4
|
Тапсырманың шарты бойынша орындады
|
|
|
|
|
Тапсырманың орындалуын математикалық терминдермен түсіндірді
|
|
|
|
|
Өз тұжырымын негіздеп, дәлелдеді
|
|
|
|
|
Мұқият тыңдап, тиісті сұрақтар қоды.
|
|
|
|
|
Түрлі идеялар ұсынды.
|
|
|
|
|
Қорытынды
|
|
|
|
|
|
Қосымша 1
Топтық жұмыс материалдары
«Сыншыл дос» бағалауы
|
Қалыптастырушы бағалау
10 мин
| |
Достарыңызбен бөлісу: |