Күні:
|
|
Сабақ тақырыбы:
|
“Экология және менің өлкемнің экологиялық жағдайы”
|
Жалпы мақсаты:
|
1.Қазіргі кезде адамзатты алаңдатып отырған өзекті мәселенің бірі – экология. Экология туралы толық мәлімет бере отырып, эколологияның бөлімдеріне тоқталу.
2.Қазақстандағы экологиялық проблемаларға тоқтала отырып, айналадағы ортаның ластану жолдары, ондағы қоғамның рөлін қарастыру.
3.Туған өлкеміздің табиғатын қорғау, жерді қадірлеу, байлықты бағалай білу, туған елдің табиғатын сүю және қамқорлық, жанашырлық көрсету.
|
Міндеті:
|
Жергілікті мекеннің экологиялық жағдайын басты назарда ұстау
Экологиялық ахуалдың нашарлау жолдарын анықтау
Экологиялық қауіптің алдын-алу шараларын ұйымдастыру
|
Күтілетін нәтижелері:
|
Экология туралы түсінік қалыптасады.
Туған өлкенің экологиялық жағдайымен танысады
|
Сабақтың көрнекіліктері
|
Power Point бағдарламасындағы презентациялар, бейне роликтер, электронды оқулық, оқушыларға алдын-ала дайындалған тапсырмалар тест тапсырмалары.
|
Сабақтың түрі:
|
Дәстүрлі емес сабақ
|
Сілтеме:
|
Экология оқулығы 9 сынып, «Жас эколог» үйірмесінің жоспары
|
Сабақтың әдісі:
|
Баяндау, түсіндіру,сұрақ-жауап, топпен жұмыс. сарамандық жұмыс
|
Пәнааралық байланыс:
|
физика, информатика, қазақ тілі, биология, тарих.
|
Оқыту әдістері:
|
«ИНСЕРТ»әдісі, тест тапсырмалары, «ЖИГСО» әдісі, бағалау парағы
|
Сабақтың барысы
|
№
|
Кезеңдері
|
Тәсілі
|
Уақыты
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
1.
|
Ұйымдастыру кезеңі. Топтастыру.
|
|
5 мин
|
Оқушылармен амандасу.
Бүгінгі сабаққа сәттілік тілей отырып, жаңа сабақты бастау.
Топқа бөлу
Бағалау парағын таратады. Критериилермен танысады.
|
Сыныпта жылы психологиялық атмосфера орнайды. Топқа бөлініп отырады
|
2.
|
Ой қозғау
|
Бейнеролик көрсету
|
10 мин
|
Видеоролик көру.
«Таңғажайып табиғат» және «Экология»
Бұл бейнероликтен нені көрдіңіз?
Неліктен бұлай болды деп ойлайсыз?
Жасалған іс-әрекетті адами факторға жатқыза аласыз ба?
|
Видеоролик көреді, ойларын ортаға салады.
Берілген сұрақтарға жауап береді.
|
3.
|
Мәтінмен жұмыс
|
«Инсерт» әдісі
|
5 мин
|
Әр топқа мәтін беріледі.
1-топ: «Экология туралы түсінік»
2-топ: «Экология салалары»
3-топ: «Экологиялық факторлар»
Мәтінге талдау кезінде топтағы бір оқушы басқа топқа барып талдайды. «ЖИГСО» әдісі арқылы
|
Мәтінді топта талдап, бір оқушы сыныпқа түсіндіреді.
Оқушылар смайликтер арқылы бірін-бірі бағалайды.
|
4.
|
«Галереяға саяхат»
|
«ДЖИГСО» әдісі
|
5 мин
|
Мұғалім айтылмай қалған мәліметтермен толықтырады.
|
Оқушылар тыңдайды. Есте сақтайды.
|
6.
|
Сергіту сәті
|
Ой шарлау
|
2 мин
|
Музыка арқылы қимыл әрекеттер орындалады.
|
Оқушылар бойларын сергітеді.
|
7.
|
Шығармашы
лық жұмыс
|
|
5 мин
|
Оқушылар ой өрістерінің дәрежесіне қарай қалдық өнімдерден қажет бұйымдар құрастырады.
|
Оқушылар шығармашылықпен жұмыстанады.
«Екі жұлдыз, бір ұсыныс»
|
8
|
Бекіту тапсырмалары
|
Тест тапсырмалары
|
2мин
|
Арнайы құрал арқылы тест тапсырмаларын орындайды.
|
Оқушылар алған білімдерін қорытындылайды.
|
9
|
Бағалау
|
|
3 мин
|
СБ: Өзара бағалау.
«Екі жұлдыз, бір ұсыныс»
ФБ: критериймен бағалау.
|
Топ басшысы топ мүшелерін бағалайды.
|
10
|
Үйге тапсырма
|
|
1 мин
|
«Ауылдың экологиялық жағдайы» тақырыбында шағын шығарма жазу.
|
Үй тапсырмасын күнделікке жазады.
|
11
|
Кері байланыс
|
«Шуақты күн» әдісі
|
2 мин
|
«Шуакты күн» әдісі бойынша бағалау. Критерийлері:
Сары-түсіндім
Қызыл-түсінбедім
Жасыл-білгім келеді
|
|
І. топ Экология – биология ғылымының бір саласы.
Негізінде экологиялық зерттеулер XIX ғасырда Чарлз Дарвин еңбектерінде сипат алғанымен, кейіннен экология өз бетінше жеке ғылым саласына айналды.
«Экология» терминін ғылымға алғаш рет неміс биологі Э.Геккель енгізді.Экология дегеніміз тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын оларды қоршаған ортасымен байланыстырып зерттейтін ғылым. Экология сөзі гректің “oikos”- үй-жай және «logos» - ілім деген сөзінен шыққан. Э.Геккельдің экология ғылымына берген анықтамасы кейіннен толықтырылып, экологияның мақсаты мен міндеттері айқындала түсті. Алғашқыда тек тірі организмдерге қатысты бағыт алған экология ғылымы қазір адамзат - қоғам - табиғат арасындағы қарым-қатынастарды және биосфера шегіндегі әлемдік өзгерістерді адамның іс-әрекетімен байланыстыра отырып зерттейтін жиынтық ғылымға айналды. Эрнест Геккель өзінің әлемге әйгілі "Организмдердің жалпы морфологиясы" деген енбегінде (1866ж) алғаш рет "Экология" терминін қолданып, оның ғылыми анықтамасын берді.
І топ.
І кезең. XVII ғасырдың басы мен XVIII ғасырдың соңында биоэкологиялық зерттеулердің жаппай сипат алуы. Мәселен, К. Линней (1707-1778), Ж. Ламарк (1744-1829), А. Гумбольдт (1769-1859), Н.А. Северцов (1827-1885), А.Н. Бекетов (1825-1902), Ч. Дарвин (1809-1882), Э.Геккель (1834-1919), В.В. Докучаев (1846-1903), т.б. ғалымдар экологиялық сипатта ғылыми зерттеулер жүргізіп, экология ғылымының дамуына өз үлестерін қосты.
ІІ кезең. ХІХ ғасырдың басы мен ХХ ғасырдың 70-80- жылдарында экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасуы және дамуы. Бұл кезеңде Э. Геккель, Й.Э. Варминг, К. Мебиус, Д.Н. Кашкаров, Н.П. Наумов, Н.А. Калабухов, т.б. Жан- жақты экологиялық зерттеулер жүргізді.
ІІІ кезең. Экология ғылымының өрлеуі. Қазіргі заманғы экология әлеуметтік, экономикалық жағдайлар мен мәселелерді қамтитын деңгейге жетіп отыр. Осыған орай экология ғылымының қолданбалы және адам экологиясы бағыттары дами түсуде. Экологияның жаңа салалары бойынша теориялық және практикалық зерттеулер жүргізілуде. Олардың қатарына Н. Реймерстің “Экология” (1994), Ф. Мотузконың “ Экология негіздері” (1994), В. Бронскийдің “ Қолданбалы экология” (1996),С.Дерябо мен В. Ясвиннің “Экологиялық педагогика және психология” (1996), т.б.еңбектерін жатқызуға болады.
ІІ топ. Экология бөлімдері:
Аутаэкология ( грекше “autos” – өзім ) – жеке ағзалар мен популяцияларға сан алуан сыртқы орта факторларының әсерін зерттейтін экология бөлімі.
Демоэкология ( грекшк “demos”- халық ) – популяцияның ортамен және популяцияның ішкі үдерістерімен тура және кері байланыстарын зерттейтін экология бөлімі.
Синэкология ( грекше “sun” – бірге ) – биотикалық бірлестікті және олардың тіршілік ортасымен өзара арақатынасын: бірлестіктің қалыптасуын, олардың энергетикасын, құрылымын, қозғалысын, тарихи дамуын, физикалық – химиялық және биотикалық өнімділікті, зат айналымын, адам ықпалын және басқаларды зерттейтін экология бөлімі
ІІ топ. Экологиялық факторларды:
Абиотикалық
Биотикалық
Атропогендік
Абиотикалық фактор-Өлі табиғаттың барлық құрам бөліктері. Организм тіршілігіне әсер ететін фактор.(ылғал, температура, жарық, сәуле, ауа т.б.)
Биотикалық фактор Тірі табиғаттың құрам бөліктері. Тірі организмдердің
Бір-біріне және табиғи ортаға жағымды. Немесе жағымсыз әсер етуі
қоректену, бәсекелестік, паразиттік, жыртқыштық, селбелесу)
Анторопогендік фактор Адамның барлық алуан түрлі іс әрекеттері. Қоршаған ортаға адам іс-әрекетінің тікелей немесе жанама тигізетін әсері. Өз игілігі үшін табиғат байлықтарын игеруге мәжбүр, ірі құрылыс, өнеркәсіп, зауыт, кен байыту, ауыл шаруашылығыт.б.
Достарыңызбен бөлісу: |