Сабақ тақырыбы: Әлемнің құрылысы. Күн жүйесінің пайда болуы



Дата26.08.2017
өлшемі169,9 Kb.
#29053
түріСабақ
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

«Р.Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» РМҚК

«Физика» пәнінен «Әлемнің құрылысы. Күн жүйесінің пайда болуы»

тақырыбында өткен

ашық сабақтың материалдары

Дайындаған: жалпы білім беретін пәндік комиссия

оқытушысы Б.Қ.Мұрат

2016 – 2017 оқу жылы



Ф.219

17. Сабақтың технологиялық картасы (жоспары)



Топ

Күні

1 нег ФО-1



























Пән: Физика .

Курс тақырыбы: Асторономиядан жалпы мәліметтер

Сабақ тақырыбы: Әлемнің құрылысы. Күн жүйесінің пайда болуы.

Сабақтың типі: дәріс

Сабақтың түрі: дәріс, сайыс сабақ

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Базалық құзыреттілік

  • аспаптармен және қазіргі заман физикалық зертханасының құрал- жабдығымен жұмыс істеуге;

  • ақпараттың мәнін және мағынасын түсінуге;

  • қажетті ақпаратты таңдауға.

Кәсіптік құзыреттілік

  • дүниенің физикалық бейнесінің негіздерін білуге;

  • қазіргі замандағы жаратылыстану ғылымдарының рөлін түсінуге.




Сабақ мақсаттары


оқытушылық

Топ оқушыларына асторономиядан жалпы мәліметтер және әлемнің құрылысы, күн жүйесінің пайда болуы туралы мағлұмат беру.

тәрбиелік

Топ оқушыларын ғылыми тілде сөйлеуге үйрету,бір-бірінің ойын тыңдауға, ойларын құрметтеуге тәрбиелеу.

дамытушылық

Тақырыпты толығымен меңгере отырып,есте сақтау қабілеттерін, ойлау қабілеттерін, ғылыми көзқарастарын жетілдіру.

Пәнаралық байланыс

Қамтамасыз ететің

Физика және астрономия

Қамтамасыз етілітін

Физика

Сабақтың жабдықталуы

Көрнекілік құралдар

Пән бойынша оқулықтар

Таратпа материалдар

Карта

Оқытудың техникалық құралдары

ТСО

Әдебиет: негізгі

  1. Р.Башарұлы Г. Байжасарова У. Тоқбергенова «Физика» Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 11 сынып оқулығы.

  2. С. Тұяқбаев, Ш. Насохова. Б. Кронгарт, В. Кем, В. Загайнова. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 11 сынып оқулығы.




Қосымша

  1. Ж.Абдулаев Физика курсы


Сабақ мазмұны

Эле-мент№

Сабақ элементі, қарастырылатың сұрақтар,

оқытудың әдістері мен тәсілдері



Қосымшалар, өзгерістер

1.

Ұйымдастырушылық сәт:

- амандасу

- аудиторияның сабаққа дайындығын тексеру (таза тақта, бос тұрған орындықтардың түп-түзу тұруы, еденге арналған және тақта сүртуге арналған шүберектің суланып салынуы) және оқушылардың (оқушылардың сыртқы киім киістерін, оқу құралдарының түгел бар болуы) сабаққа дайындығын тексеру;

- мәлімдеме бойынша сабақта бар оқушылардың түгел бар болуын тексеру;

- оқу сабақтарының журналына бүгінгі күнді, «жоқ» белгісін қойып, сабақтың тақырыбын жазу;

- сабақтың жұмыс жоспарын хабарлау.




3 мин

2.

Сабақтың мақсаты мен міндеттерін хабарлау


2 мин

3

Жаңа сабақ :

  1. Асторономиядан жалпы мәліметтер

  2. Әлемнің құрылысы

  3. Күн жүйесінің пайда болуы туралы

30 мин

4

Үй тапсырмасын сұрау

Сайыс түрінде

20 мин

5.

Сабақты пысықтау:

Жаңа өткен материалды жоспар бойынша әрбір сұрақты қарастыру барысында бекіту және оқушылардың қосымша қойған сұрақтарына жауап беру.



  1. Галактика деген не?

  2. Әлемнің құрылыс деген не?

  3. Астрономия ғылымы нені зерттейді?

  4. Күн жүйесінің пайда болуы туралы не айта аласың?

  5. Жұлдыздар деген не?

  6. Гелиоцентрлік жүйе дегеніміз не?

  7. Хаббл заңын айтыңыз

  8. Күннің ішкі құрылысы туралы не білесің?

  9. Жарқыраудың негізгі кластарын ата

  10. Әлемнің құрылысын зерттеген қай ғалымдарды білесің?

5 мин

6

Үй тапсырмасы:


Р.Башарұлы Г. Байжасарова У. Тоқбергенова «Физика» Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 11 сынып оқулығы 185-192 беттер

2 мин

7.

Сабақты қорытындылау.

1) сабақтың қорытындысын айту;


2) белсенді оқушыларды айту;

3) белсенді түрде сабаққа қатыспайтын оқушыларға ұсынымдар жасау.


3 мин

Оқытушы _________ Мұрат Б.Қ.



Пән: Физика .

Курс тақырыбы: Асторономиядан жалпы мәліметтер

Сабақ тақырыбы: Әлемнің құрылысы. Күн жүйесінің пайда болуы.


  1. Асторономиядан жалпы мәліметтер

  2. Әлемнің құрылысы

  3. Күн жүйесінің пайда болуы туралы



Күн жүйесі – Күннен, оны айнала қозғалатын 8 үлкен планетадан (Меркурий, Шолпан,Жер, Қызылжұлдыз, Есекқырған, Қоңырқай, Уран және Нептун ), планета серіктерінен, мыңдаған кіші планеталардан (астероидтардан), шамамен 1011 кометадан және толып жатқан метеорлық денелерден құралған ғарыштық денелер жүйесі. Күннен ең алыс орналасқан планетаға дейінгі орташа қашықтық шамамен 40 а.б. немесе 6 млрд. км-ге тең.

Күн – Күн жүйесіндегі орталық дене болып саналады, оның массасы Күн жүйесіндегі барлық денелердің жиынтық массасынан 750 есе артық. Сондықтан Күн жүйесінің массалар орталығы Күн қойнауында орналасқан. Барлық 9 үлкен планета Күнді айнала, дөңгелек дерлік орбита бойымен, бір бағытта қозғалады. Олардың орбиталарының бір-біріне қатысты көлбеулігі өте аз. Планеталардың Күннен қашықтығы белгілі бір заңдылыққа бағынған, яғни көршілес орбиталардың ара қашықтығы Күннен алыстаған сайын арта түседі. Планеталар қозғалысының физикалық қасиеттеріне байланысты Күн жүйесінің үйлесімді екі топқа бөлінуі ғарыштық денелердің кездейсоқ жиынтық емес екендігін көрсетеді. Барлық кіші планеталар да үлкен планеталар қозғалған бағытта Күнді айнала қозғалады, бірақ олардың орбиталары едәуір созылыңқы және эклиптика жазықтығына көлбеу орналасады. Кометалардың көпшілігі параболаға жақын өте созылыңқы орбита бойымен қозғалады. Айналу периоды миллиондаған жылға жетеді. Мұндай комета орбиталарының эклиптика жазықтығына көлбеулігі алуан түрлі, олар Күнді айнала тура және кері бағытта да қозғалады.



Шолпан мен Ураннан басқа планеталардың барлығының өз осінен айналу бағыты Күнді айналу бағытымен сәйкес келеді. Уран планетасының осі орбита жазықтығына 98° көлбеу орналасқан, сондықтан оның айналысы сырттай қарағанда кері болып көрінеді. Шолпан планетасы кері бағытта өте баяу айналады. Күн мен планеталар арасындағы қозғалыс мөлшерінің таралуы маңызды космогониялық сипаттама болып есептеледі. Күн жүйесінің орталық денесі Күн – жұлдыз, яғни қызған газды шар. Ол өзінің қойнауынан үздіксіз энергия бөліп шығарады. Күн бетінің күшті сәуле таратуына қарамастан, ол өзінің жоғары температурасын сақтап қалады. Күн жүйесінің қалған денелері – салқын денелер. Олардың бетінің температурасы Күн сәулесінің қыздыруына байланысты анықталады. Планеталар массасына, химиялық құрамына, айналу жылдамдығына, серіктерінің санына қарай екі топқа бөлінеді.

Күн жүйесінің планеталары.

Алып планеталар.
Күн жүйесінің төрт ішкері планетасы (Жер тобындағы планеталар – Меркурий, Шолпан, Жер, Марс) аса үлкен емес, олар тығыз тасты заттар мен металдардан құралған.

Алып планеталар – Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун және Плутон әлдеқайда көлемдірек, олар негізінен жеңіл заттардан (сутек, гелий, метан, т.б.) құралған, сондықтан олардың орташа тығыздығы қойнауындағы зор қысымға қарамай аз болады. Планеталардың екі тобының аралығында орналасқан кіші планеталардың химиялық құрамы Жер тектес планеталардың құрамына жақын. Біршама тар аймақта қозғалатын кіші планеталар бір-бірімен соқтығысып, өте майда сынықтарға ыдырайды. Осындай майда сынықтар метеорлық денелердің соққысынан да бөлінеді. Ал өте майда тозаңдар қосылғанда, зодиактік жарық құбылысы байқалады. Метеориттердің жасын өлшеу (құрамындағы радиоактивті элементтерге және олардың ыдырау өнімдері бойынша) Күн жүйесінің шамамен 4,6 млрд. жыл бұрын пайда болғанын анықтады.



Күн жүйесінің шегі

XX ғасырдың соңғы жылдарынан бастап планеталарды және Күн жүйесін қызу зерттеу дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Біз басқа жұлдыздардан планеталар жүйелерін тапқымыз келеді. Күн жүйесінің ішкі құрылымын зерттеп, түсінгіміз, жерді басқа планеталармен салыстырғымыз келеді. Бұл біздер үшін өте маңызды мәселе. Біздің бәрімізді толғандыратын сұрақтар: "Осының бәрі қалай пайда болды? Жерде тіршілік қалай пайда болды? Ол канша уақытқа созылады? Біздің болашағымыз қандай?

XVIII ғасырдан бастап Күн жүйесінің шегі үнемі ұлғайып келеді. Әрине Күн жүйесінің айқын шегі болуы неғайбыл. Орта бұлтының орбитасынан әрі шамамен 100 000 а.б. қашықтықта Күн жүйесінің планетааралық заттары шашырап, жұлдызаралық заттарға алмасады.

Күн жүйесінің перийферийі (шеткі аймағы) туралы біздің мәліметіміз өте мардымсыз. Ғарыштық зерттеулер бұл білімді елеулі түрде толықтыруға көмектеседі.

Астрономия грекше астрон – жұлдыз, номос – заң деген ұғымды береді. Астрономия да физика сияқты – табиғат туралы көне ғылымдардың бірі. Оның дамуына ертедегі адамдардың тұрмыс – тіршілігіне байланысты қажеттілік себеп болды. Ол кезе уақытты, бағыт – бағдарды дәл көрсететін құралдар мен жабдықтар болмаған. Сондықтан адамдар Күн мен Айға, аспандағы жұлдыздарға қарап жыл мерзімі мен уақытты айыратын болған.  Сөйтіп практикалық қажеттілік астрономия ғылымының тууына ең басты түрткі болды.  Қазіргі астрономияның басты мақсаты – аспан денелерінің қозғалысы мен даму заңдарын тағайындау болып табылады. Астрономия ғарыш кеңістігіндегі жекелеген денелерде немесе денелер жүйесінде болып жатқан құбылыстарды зерттейді. Аспан денелеріне: галактикалар, жұлдыздар, планеталар, олардың серіктері, астероидтар мен кометалар, метеориттер мен шаң – тозаңдардан тұратын бұлттар жатады. Тұңғыш рет аспан денелерін жай көзбен емес, арнайы құрал – үлкейткіш оптикалық түтіктің жәрдемімен зерттеген италиян оқымыстысы Г.Галилей болды. 1608 жылы Голландияда денені үлкейтетін дүрбі жасалғанын біліп, онымен түнгі аспанды бақылап көрейін деп шешті. Ол өзі де бар болғаны кішісі -3 есе, үлкені 32 есе ғана үлкейтетін оптикалық түтіктерді құрастырып, ұлы жаңалықтар ашты.

Сабақтың жүру барысы.


  1. Сәлемдесу рәсімі.

  2. Жорға.

  3. Білім аукцион.

Сайыс оқытушының сигналымен басталады. Оқытушы топтарға арналған сұрақтарды кезек кезек оқып, оладың жауабын алады. Жауаптардың дұрыстығын және баллды беруді әділқазылар алқасы шешеді.

Сайысты қорытындылау: Әділқазылар алқасы топтардың жинаған балдарын есептеп, ең көп балл жинаған топқа бірінші орынды, әр қарай балл бойынша екінші және үшінші орынды береді.Оқытушы топтың қатысушыларын олардың қатысқанына, алған орнына байланысты бағалайды.



1-тур Командалардың сәлемдесу рәсімі.

Мұнда әрбір команда өздерін таныстырып, әділ қазыларға, көрермендерге

және қарсыластарына сәлем береді.Ал енді сөз кезегін ойыншыларымызға

берейік. Ең жоғарғы ұпай - 15.

2-тур. «Жорға»

Әр командаға сұрақтар оқылады,әрбір дұрыс жауап үшін бес ұпайдан

беріледі.Сонымен команда капитандары шығып сұрақтарды таңдап алсын.

1 – сұрақтар тобы

1.Энергияның дененің көбірек қозған бөлігінен азырақ қозған бөлігіне қарай таралуы. – Жылу өткізгіштік

2.Заттың сұйық күйден қатты күйге ауысуы – Қатаю, кристалдану.

3.Тұтас алғанда бүкіл атом заряды-Бейтарап

4.Тізбектегі ток күшін өлшейтін құрал-Амперметер

5.Ток тудыратын электр өрісін сипаттайтын шама.-Кернеу.

6.Қуат бірлігі-Ватт (Вт)

7.Бойымен жарық таралатын сызық-Сәуле

8.Сандық мәнімен, бағытымен сипатталатын физикалық шамаларды басқаша қандай шамалар деп атайды?-Векторлық

9.Материяның ажырамас қасиеті?-Қозғалыс

10.ХБЖ жылдамдық бірлігі-(м/с)

11.Жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын физикалық векторлық шама – Үдеу

12. Еркін түсу үдеу неге тең ?- 9,8м/с2

13.Период қандай әріппен белгіленеді ? – Т

14.Бұрыштық жылдамдықтың бірлігі ? – (рад/с)

15.Сызықтық жылдамдық пен бұрыштық жылдамдық арасындағы қандай байланыс бар -



2 – сұрақтар тобы

1.Жұмыс істемей – ақ дененің ішкі энергиясының өзгеру процесі – Жылу берілу

2.Заттың қатты күйден сұйық күйге ауысуы – Балқу

3.Дененің электрленгенің анықтауға арналған прибор – Электроскоп

4.Атомдағы теріс зарядталған бөлшек – Электрон

5.Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы – Электр тогы

6.Кернеу бірлігі – Вольт (В)

7.Тоқ күші кернеуге тура кедергіге тура пропорционал.Бұл кімнің заңы ?- Ом заңы

8.Қарастырылып отырғын жағдайда өлшемі мен пішінің ескермеуге болатын дене ?- Материалық нүкте

9.Векторлардың проекциялары қандай шамалар болады ?-Скаляр

10.Жылдамдық қандай прибормен өлшенеді ?-Спидометр

11.ХБЖ үдеудің бірлігі ?- (м/с2)

12.Нүктенің шеңбер бойымен 1 айналым жасауға кеткен уақыты ?-Период

13.Шеңбердің 2 радиусының арасындағы центрлік бұрыш – Радиан

14.Орын ауыстыру қандай шама ? –Векторлық

15.Уақыт қандай әріппен белгіленеді ? – t



3- сұрақтар тобы

1.Жылу берілу кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы – Жылу мөлшері

2.Сұйықтың бетінде болатын булану құбылысы – Кебу

3.Электр зарядының бірлігі – Кулон (Кл)

4.Ядродағы бейтарап бөлшек – Нейтрон

5.Кернеуді өлшейтін прибор – Вольтметр

6.Тоғы бар өткізгіштен бөлініп шығатын жылудың мөлшері тоқ күшінің квадраты, өткізгіштің кедергісі және уақыттың көбейтіндісіне тең – Джоуль-Ленц заңы

7.Ішінде темір өзегі бар катушка – Электромагнит

8.Қозғалыс траекториясының бойымен дененің жүріп өткен арақашықтығын не дейді ? – Жол

9.ХБЖ уақыттың бірлігі – (с)

10.Қозғалыстың шапшаңдығын және бағытың сипаттайтың физикалық векторлық шама – Жылдамдық

11.Жиілік қандай әріппен белгіленеді? -

12.Период пен жиілік бір- біріне қандай шамалар? – Кері

13. Үдеу қандай әріппен белгіленеді? – а

14. әрпімен қандай шама белгіленеді ?- Бұрыштық жылдамдық

15.Центрге тартқыш үдеуді басқаша қалай атайды? – Нормаль үдеу



3-тур. «Білім аукционы»

Ойынның «Білім аукционы» ақырғы турында лотты сұрақты, сабақ тақырыбын да білмей сатып алады. Әрбір лотқа бірінші бастапқы баға 100 ұпай , сатылу қадамы 50 ұпай. Ең көп құнды ұсынған қатысушы сол сұрақты сатып алады, банкке ол сумманы төлейді. Әр дұрыс жауап үшін белгіленгіен құнын алады. Дұрыс жауап бермеген қатысушы банкке айыппұл төлейді.Қатысушының қорындағы ақшасы бітіп қалса, ол банктен 1000 ұпай кредит ауына болады



  1. Бұл кім? : өз өмірінде 40 т тамақ жейді, дүние жүзіндегі ең ақылды жыртқыш, қуаты орта есеппен 2,2Вт. ( адам )

  2. Бір заттың малекулаларының екінші заттың малекулалар аралық бос орындарына өзара өтуі – бұл .... (диффузия)

  3. Ареометр нені өлшеуге арналған құрал? (Сұйықтың тығыздығын)

  4. Басқа денелер әрекетін тигізбегенде дененің жылдамдығын сақтау құбылысы, ол....? (инерция)


Оқытушы Мұрат Б.Қ.
Каталог: uploads -> doc -> 06d9
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
06d9 -> Сабақтың тақырыбы: Файлдар, бумалар және жарлықтар Сабақтың мақсаты
06d9 -> Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Мұқаева Арнагүл Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет