Сабақ тақырыбы Ешбір дұшпан басынбаған елміз. «Қазыбек бидің шешендігі»



Дата14.03.2020
өлшемі30,36 Kb.
#60154
түріСабақ
Байланысты:
Әдебиеттік оқу 4 сынып КМЖ


Пән:әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«

Күні:

Сынып: 4


Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:



Сабақ тақырыбы

Ешбір дұшпан басынбаған елміз.

«Қазыбек бидің шешендігі».



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2.4.1–аңыз,шешендіксөз,батырларжыры,фантастикалықәңгімелердіңжанрлықерекшеліктерінанықтау.

4.2.6.1–кейіпкердің,кейіпкерлердіңіс-әрекеті,мінез-құлқыныңөзгерусебептерінмәтіннентауып,салыстырыпбағалау.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Қазбек бидің шешендік сөздері мен толғауларын іс- жүзінде, қолдана білуге дағдыландыру жақсы қасиеттерді өз бойына сіңіру Көптеген оқушылар: иллюстрациялар бойынша әңгімелеуде нақыл сөздерді қолдана алады

өлеңнің құрылымдық бөліктерін ажыратады, бөліктеріне тақырып қояды



Кейбір оқушылар:нақыл сөздің жанрлық ерекшеліктерін анықтауда, өз тұжырымдарын ұсына алады

Бағалау критерийлері

сөйлеу барысында иллюстрациялар қолдана алады

нақыл сөздің ерекшеліктерін анықтайды

Қазыбек бидің тарихтағы орны мен шешендік сөздерінің шығу тарихын түсінеді

Тілдік мақсаттар


Оқушылар:

Шешендік өнердің мазмұны туралы өз ойын айта алады.



Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Жатпа қарап, жұмыссыз, даналық, ұшқан құс, кетпес байлық.



Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Білімді іздеп тауып алға бола ма?...

Күш білімде, себебі...


Құндылықтардыдарыту


Топтық жұмыста бір біріне құрмет көрсетеді, ынтымақтастықтарын нығайтады.

Жеке жұмыс кезінде еңбек ету және шығармашылық құндылықтары қалыптасады.



Пәнаралықбайланыстар

Қазақ тілімен байланыс

АКТ қолданудағдылары

Слайд, тақта

Бастапқыбілім

Нақыл сөздерді біледі, сөйлеу барысында суреттерді қолдана алады


Сабақбарысы


Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет


Ресурстар

Сабақтыңбасы

0-5 минут



Ширату тапсырмасы. 1.«Үш пікір» әдісі.«Нақыл сөз» деген не?

Осы тақырып төңірегінде әр оқушының 3 пікір айтуына мүмкіндігі бар. Ол үшін қолдарына 3 таяқша (шпажка, т.б. майда заттар) беріледі. Пікірлерін айтқан сайын қолдарындағы заттарын ортадағы коробкаға тастап отырады.



Сабақ мақсаты: біздің бүгінгі сабағымызда сөйлеу барысында иллюстрациялар қолданып, нақыл сөздің ерекшеліктерін анықтайдықолдануды үйренеміз.

Таяқшалар

4 cлайд


Сабақтың ортасы
5 минут


Ой қозға

Келдібекұлы Қазыбек би – қазақтың Тәуке, Болат, Сәеке, Әбілмәмбет, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан мемлекет және қоғам қайраткері. Әз Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, атакты шешен, Орта жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» деп аталатын заңдар кодексін шығармашылардың бірі.

Қаз дауысты Қазыбек-асқан шешен, ақын, дау шешкен әділ қазы, халықаралық дәрежедегі елші-дипломат, қоғам қайраткері.

Балалар! Қазыбек би-халықаралық дәрежедегі елші-дипломат болғанын білеміз. -Елші деген кім? Елші – ел мен ел арасындағы келіссөзді жүргізетін адам. Елші ең алдымен елдің намысын қорғайды, өйткені жердің бүтіндігі, елдің дербестігі, өзін-өзі билеу құқығы- әр халықтың ары меннамысы болып табылады.

Қазыбек бидің қандай өсиетін 3 сыныпта оқыдық? -Қазыбек бидің толғауы Қазыбектің толғауында не делінген еді? Кімнің есінде? -Ал,бүгін енді Қазыбек бидің шешендігі жайлы оқып білеміз.

Мәтінді түсініп , іштей, жалғастырып, рөлмен оқу; шешендік сөздерге көңіл бөлу. Қазбек бидің сұрақтарына берілген жауапты тауып оқы. Сөздік жұмыс: Кемеңгер кісі – дана, данышпан адам. Несие – бұл жерде: берген тәрбиенің

Топтық жұмыс

«ЖИГСО» әдісімен мәтінді бөліктерге бөліп оқиды.
Әр топтан бір оқушыдан шығып кезектесіп мәтін мазмұнын әңгімелейді.
Ұжымдық жұмыс.

Сұрақ-жауап.
- Төле би Қазыбектен не сұрайды?
- Қазыбек оған қалай жауап береді?
- Әкесі Қазыбекті неге Төле биге жібергісі келмеді?
- Келдібек бидің қорқынышы расталды ма?

1. Төле би Қазыбектен не сұрады? Қазыбек бидің алыс, жақын, тәтті деп жұмбақтап сұрағаны нелер екен? Қазбек бидің сөзге шешен, тапқыр екенін жұмбақтап сұраған қай сөздерінен байқауға болады? (Әкеме жете туған баласы болармын. ... Төле биге қойған сұрағынан оның тапқырлығын, шешендігін білуге болады.)



Кестемен жұмыс: зер сал, өз ойыңды тұжырымда. Төле бидің Қазбекке қайырған жауабының мәнін кестеге сүйеніп жаз.

Алысыңыз қандай? Алысым жақын. Жақыннан көру Тәттіңіз қандай? Тәттім сирек. Ұйқысының сирегені Несиеңіз қандай? Несием өсіп жатыр. Балаларының күтімі


(Б) «Отшашу» әдісі арқылы бағалау
Мақал - мәтелдер:
 1. Ердің сыншысы болма, адамның сыншысы бол.
 2. Оқу инемен құдық қазғандай
 3. Көп сөз көмір, аз сөз алтын.
 4. Өлімнен ұят күшті.
 5. Атаңның баласы болма, елдің баласы бол.
Осы мақал-мәтелдерді оқи отырып не алдық?
Адамгершілік, инабаттылық, ізгілік, кішіпейілділік, ақылдылық, туған жерді сүю, мейрімділік.

НЕ БІЛДІК? НЕ ҮЙРЕНДІК?
Қандай қазақ би – шешендерімен таныстық?
Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би.
Шешендік – билер жалпы қандай болуы керек?
Яғни, қайраткер, дау, билік, дарынды, сауатты, ұтымды болулары керек. Бабаларымыз айтқандай «Бата менен ел көгерер, жаңбыр менен жер көгерер.» Сондықтан да оқушыларымыз дайындаған шағын көрініске назар аударайық. (Рөлдік ойын)
БАТА
- Ата, бата деген не?
- Бата – ақ ниет, жақсы тілек, халқымыздың ежелгі мұрасы.
- Ендеше ата маған батаңызды беріңіз.
«Арыстандай болсын айбатың,
Аюдай болсың қайратың,
Гүлге толсын өңірің,
Көңілді өтсін өмірің,
Асқа толсын табағың,
Ашық болсын қабағың!»
- ӘУМИН!


5 слайд

1-қосымша

Флипчарт,

маркер, қалам, кесте




Сабақтың соңы

5 минут


Рефлексия:«Аяқталмаған сөйлем» тәсілі

«Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы орындалады.

Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады:


  • бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

  • бүгін сабақта қуантқаны.....

  • мен өзімді.....үшін мақтар едім.

  • маған ерекше ұнағаны.....

  • сабақтан соң маған........келді.

  • бүгін маған..........сәті түсті.

  • қызықты болғаны.....

  • ......қиындық тудырды.

  • менің түсінгенім.....

  • енді мен......аламын.

8 слайд

Саралау



Бағалау:



Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

1 тапсырма – «Дереккөздер арқылы саралау».Қабілеті төмен оқушылардың сурет бойынша не ойлайтынын сұраңыз. Алқабілетті оқушылардың тек білетін мәліметтері бойынша тұжырымдай білуге ынталандырыңыз.

2 тапсырма – «Диалог және қолдау көрсету. Қабілеті төмен оқушыларға Тапсырманы орындау барысында жан-жақтыәрі нақты көмек беріңіз

3 тапсырма –«Қарқын арқылы саралау». Қабілеті төмен оқушыларға жетекші сұрақтар қою арқылы көмек беріңіз,ал қабілетті оқушыларға жоғары деңгейлі ойлаудағдысын қажет ететін сұрақтар беріңіз.

4 тапсырма – «Дереккөз» арқылы саралау». Қабілеті төмен оқушылар дереккөздерді қарап 1-2 ақпарат алуына қолдаукөрсетіңіз, ал кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады.





Дескриптор:

  • берілген суреттер бойынша ойларын ортаға салады;

  • мәтінді оқиды;

  • кесте толтырады

  • нақыл сөздің ерекшеліктерін анықтайды







Сабақбойынша рефлексия













Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет