Сабақ тақырыбы: Excel бағдарламасымен жұмыс жүргізу ms excel электрондық кестесі туралы жалпы түсінік



Дата06.02.2022
өлшемі88,71 Kb.
#79868
түріСабақ
Байланысты:
Excel теория


4 сабақ тақырыбы: Excel бағдарламасымен жұмыс жүргізу


MS Excel электрондық кестесі туралы жалпы түсінік

Кестелік құжаттармен жұмыс істеуге арналған қолданбалы бағдарлама.Ол сандық мәліметтермен жұмыс істеуге негізделген. Ехсеl көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді жеңілдету үшін пайдалануға болады.




Microsoft Excel – ді қосу және жаңа құжатты құру


1) Пуск -> Программы-> Microsoft Office -> Microsoft Excel


2) Жұмыс үстелінен Құру -> Microsoft Excel әрекеттерін орындау арқылы .


Microsoft Excel –дің жұмыс кітабы


Ехсеl күжаты Жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы жұмыс парағынан тұрады.
Әрбір парақтын аты төменгі жағында орналасқан таңбашада көрініп тұрады. Осы таңбашаның көмегімен кітапты парактауға болады. Таңбашаны тышқанның батырмасымен екі рет шерту арқылы атын езгертуге болады.
Әрбір жұмыс парағы жолдар мен бағандардан тұрады. Бағандардың аты латын алфавитінің бас әріптерімен жазылады. Бір жұмыс парағы 256-ға дейін баған санын қамти алады. Бағандар А-дан Z әріптерінің комбинацияларымен белгіленеді, ал жолдар 1-ден бастап 65536-ға дейін нөмірленеді.


Формула – бұл Excel бағдарламасы орындайтын жазылған есептеулер. Формулаларды міндетті түрде “=” теңдік немесе “+” қосу белгісінен бастап жазу керек. 


Excel - де өрнектерді есептеу кезінде амалдар мынадай ретпен орындалады:
Жақша ішіндегі өрнектер.
Теріс таңба (мысалы: -2).
Дәрежеге шығару (мысалы: 2^3).
Процентті есептеу.
Көбейту немесе бөлу.
Қосу немесе алу.
А1 ұяшығындағы деректі В1 ұяшығындағы дерекке бөлу формуласы
Excel бағдарламасында былайша көрініс табады: А1/В1.


Формуланы енгізу:
Формуланы кірістіру қажет ететін ұяшықты белсенді етіңіз.
“=” белгісін қойып, формуланы енгізіңіз (мысалы: А5*С5).
Енгізу барысында формула екі орында : ағымдағы ұяшықта және өрнектер жолағында көрініс табады.
Деректерді енгізгеннен кейін пернесін немесе өрнектер
жолағындағы Енгізу пернесін басыңыз.


Негізгі функциялар:
МИН (
ұяшықтар)  - ерекшеленген ұяшықтардағы ең кіші (минимум) шаманы табады.
МАКС (ұяшықтар)- ерекшеленген ұяшықтардағы ең үлкен (максимум) шаманы табады.
СРЗНАЧ (ұяшықтар)- аргументтердің арифметикалық орта мәнін есептейді
ЦЕЛОЕ (х) - х аргументін ең кіші бүтін санға санға дейін дөңгелектейді. СУММ (ұяшықтар) – көрсетілген тізімнің қосындысын есептейді.
ЕСЛИ (шартақиқат,жалған) - шарт бойынша амалды орындау.
СЧЁТЗ(ұяшықтар) - бос емес ұяшықтар санын анықтау.
СЧЁТЕСЛИ(хоналар, шарт) - шартқа жауап беретін ұяшықтар санын анықтау.
СЕГОДНЯ - бүгінгі күнді қою.
СТЕПЕНЬ (сандәреже) - берілген санды дәрежелеу
ЗНАК(
ұяшық) - курсатилган хона ичидаги малуматлар ишорасини аниклаш
COS(сан) - берілген сандың косинусын анықтау.
SIN(
сан) - берілген сандың синсын анықтау.
Адрес түрлері: салыстырмалы (қатысты), абсолютті (тұрақты). Салыстырмалы адрестеу формуланы көшірген кезде көшірілетін орынға сәйкес ұяшыққа сілтеме де өзгеріп отырады. Абсолютті адрестеуде формуланы көшірген кезде сілтеме тек қана алғашқы формуладағы ұяшыққа жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет