- Сабақ тақырыбы: Жаңа сөздер
- Тілде жаңа ұғымдарды білдіретін сөздер жаңа сөздер немесе неологизмдер деп аталады. Неологизм – (гр. neos – жаңа, logos – сөз) – қоғамдағы саяси, мәдени, экономикалық қатынастардың, ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге енген жаңа сөздер мен сөз тіркестері, фразеологиялық оралымдар. Неологизм лексикалық және семантикалық. болып екіге бөлінеді. Лексикалық неологизмге жаңа ұғымдардың тууымен бірге пайда болған жаңа сөздер жатса, семантикалық неологизм деп сөзбе - сөз аудару арқылы төл сөзге қосылған жеке мағынаны айтуға болады.
- Олар тілге алғаш енген кезінде ғана жаңа болады. Кейін тілге сіңісіп, халыққа әбден танылып, жаппай қолданылған кезде жаңа сөз болудан қалады. Мысалы, компас, космонавт, спутник деген сөздер алғаш пайда болған кезде жаңа сөздер болатын. Кейін бұлар қолданыла келе жаңа сөз болудан қалды. Жиі қолданылатын сөздердің қатарына енген бұл сөздер соңғы жылдары ғарыш, ғарышкер, жер серігі деген қазақтың төл сөздерімен беріліп, жаңа сөздер болып есептеліп жүр. Осы тектес жаңа сөздердің қатарына жолсерік, үнтаспа, жеделхат, саяжай, ермексаз, теңге, құжат, отбасы, кеден, зейнетақы, зейнеткер, сынып, үнқағаз және т. б. сөздер жатады.
- Логикалық тапсырмалар
- 1.Бірінші буыны «Отан» сөзінің синонимі, екінші буыны ашық буын, үшінші буыны тәуелдік жалғауының 3-жағы болып келген сөзді табыңыздар. А. Елбасым Б. Елбасың С. Елбасы
- Д. Елім Е. Елдерің 2.Жаңа сөз ( неологизм ) қай тілден алынған сөз.
- А. Араб тілінен Б. Парсы тілінен С. Грек тілінен Д. Өзбек тілінен Е. Қазақ тілінен 3. Бірінші буыны «жұбай» сөзінің синонимі, екінші буыны ашық буын, үшінші буыны да ашық буынды сөзді табыңыздар. А. Жария Б. Жарнама С. Жарақат Д. Жарымес Е. Жарапазан 4. Қазіргі таңда қолданыстан қалған сөзді анықтаңыздар. А. Сәуірбай
- Б. Сәуірбек С. Сәукеле Д. Сәуірхан Е. Сәулеш
-
- Сыныппен жұмыс. «5 минуттық мәтін»
- 1. Әнұран, Ата заң, рәміз, зейнетақы, Елбасы, Елорда сөздері Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қолданысқа енген сөздер. Осы сөздерді қатыстырып, «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбына шағын мәтін жазу.
- Осы жаңа сөздердің өзбекше атауын жазба түрде жазыңыздар.
- Төлқұжат, сынып, сазгер, елтаңба, заңгер, әуежай, отбасы, ғарышкер, теледидар, үнтаспа, бағдаршам, мұражай, балмұздақ, ұшақ, жолсерік, тоңазытқыш, ермексаз, керік, ағза, дәрумен, делдал, жарнама, аскөк, т.б.
- Сөйлемдерден жаңа сөздерді табу. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазу. Әр сөйлемнің баяндауыштарының астын сызуларыңыз керек.
- 1. Елбасы мінген . . . Астана . . . жайына келіп қонды.
- 2. Шымкент қаласындағы Тәуке хан даңғылы бойында Сабыр . . . ескерткіш орнатылған.
- 3. 2014 жылы атам мен әжемнің . . . көбейді.
- 4. Көкем банктен . . . алып, соның ақшасына колхоздан алты жүз . . . сатып алды.
- 5. Ел ... биыл 23 жыл болады.
- «Топтастыру» стратегиясы
- бойынша сабақта меңгерген жаңа сөздерді жинақтауларың керек.Балалар кезегімен тақтаға шығып жаңа сөздерді жазады.
-
- Жаңа тақырып бойынша пысықтау сұрақтар
- 1. Жаңа сөздер дегеніміз не? 2. Жаңа сөздерге мысалдар жаз. 3. Жаңа сөз ( неологизм ) қай тілден алынған сөз.
- 4. Жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдана аласыңдар ма?
- 5. Жаңа сөз бен көнерген сөздің бір-бірінен айырмашылығы неде?
-
- Үйге тапсырма: 169 - жаттығу,
-
Достарыңызбен бөлісу: |