Сабақ Тақырыбы: Жақсылық- жан азығы Құндылық: Дұрыс әрекет



Дата25.12.2016
өлшемі67,41 Kb.
#4550
түріСабақ
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: №6 Шұбарқұдық негізгі мектебі

Мерзiмі: 22.01.2015ж

№ 33- сабақ

Тақырыбы: Жақсылық- жан азығы

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттері: жауапкершілік, сенімділік, қайырымдылық

Мұғалiм: Бәкірова Әйгерім Нұрланқызы

Класс 7 Оқушылар саны 15




Сабақ мақсаты: Оқушыларға жақсылық- жан азығы дұрыс әрекет құндылығынан туындайтыны туралы түсінік беру.

Міндеттері:

- Оқушыларды жақсылықты бойларына сіңіруге, қайырымды болуға үйрету.

  • Оқушыларда сенімділік қасиеттерін дамыту;

  • Оқушыларды жауапкершілікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

оқулық, дәптер, үлестірме карточкалар, аудио)

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастырукезеңi: Сәлемдесу.

Оқу құралдарына назар аудару. 5Т

«Күннің нұры» (3 мин)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға бағыттаңыз. Осы нұр бүкіл әлемге,барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

Үй тапсырмасын тексеру:

33-сабақ "Жақсылық-жан азығы"

Тапсырма : "Мен жасаған жақсылық" эссе жазу

1. Жақсылық жасап, мейірімділік танытқан кездеріңіз?

2. Іс-әрекеттеріңізде жауапкершілікті қалай сезіне аласыз?

3. Өзіңе сенімділікті қалай көрсетесің?





Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз.

Жақсылыққа – жақсылық,

Әр кісінің ісі.

(М.Әуезов)

* Жақсылық жасау адамға парыз ба?

Дәптерге көшіріп жазу.

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу.

Бәріміз қосылып айту.






2. Әңгiмелеу

"Жақсылық етсең өзіңе..." (аңыз әңгіме)

Бір қария ел ақтап, шаһардан шаһар кезіп, ұзақты күн қоржын артқан қашырының үстінде жүреді. Айтар сөзі, берер батасы: "Жақсылық етсең өзіңе, жамандық етсең өзіңе" деген мақал болса керек.

Күндердің күнінде есік алдына шығып тұрған еріккен кербез әйел келе жатқан қарияны көріп: "О, сұм неме, міне саған жақсылық та, жамандық та. Ал да же,арам қат!" деп у қосып пісірген бір таба нанды ұстата салады. Нанды қоржынына салып алған диуана ел ақтап, жұрттың қол қайырын алып жүре береді.

Қария шаһардан шаһарға бет алып жүре береді.

Жапан далада шұбап келе жатқан керуенді көреді. Керуен соңында жаяулар келеді.Керуен жақындай келе қарияның қасына келіп тоқтайды.

- Жүрген жерің мейірімді, қайырымды болсын, - деп сәлем береді керуен басы.

- Жүрер жол, басар тауың жеңіл болсын, -деп қария жауап қатады. Керуен соңында азып-тозған аталы-балалы екеу тұр екен.

-Ей, қария біздің күн қараң болды. Азық таусылды. Мына тағдырдың тәлкегіне ұшырап, қарақшыларға тоналған аталы-балалы екеуіне жүрек жалғар бірдеңе болса бер,-дейді керуен басы.

Қайырымды қария қоржынынан бір таба нан алып екеуіне бөліп береді.Неше күн ашыққан олар нанды қомағайлана бастайды. Нанды жеп бола бере әуелі бала, одан кейін әкесі құлайды. Сол құлағаннан тіл бермейді. Неше күн, неше түн жол азабын бірге көріп жалғасып келе жатқан ер азаматтардың өлгендеріне көздері жеткен керуеншілер қарияны бас салып тепкілей бастайды.

Қарияны ауыз аштырмай сабай береді. Бір мезет қария үн қатады:

- Уа, қайырымды адамзат, жазықсыз мені таяқтадыңдар, ел берген қайыр-садақаны алып жүре бердім. Кімнің не бергенін қайдан білейін.Бірақ мен осы таба нанды берген үйді білемін..

Ар жағын айтқызбай керуеншілер бастырмалатып кетеді:

- Жүр, баста бізді сол үйге.

Өліктерді артып алады. Қария керуеншілерді ертіп шаһардағы нан берген әйелдікіне келеді. Керуеншілер түйелерін шөгеріп, өліктерді түсіреді. Жүгіріп далаға шыққан сылқым әйел өліп жатқан өз күйеуі мен жалғыз баласын көріп,өз ісіне өзінің жаны күйзеледі. Ақыры іш құса болып өледі.

Әйелдің зұлымдықпен жазықсыз жанға жауыздық жасамақ әрекеті өз алдына көр болып қазылады.

Міне, " Жақсылық етсең өзіңе, жамандық етсең өзіңе" деген мақал осыдан қалған екен.


Қарастырылатын сұрақтар:

1. Аңыз әңгімеде берілген мақалдан қандай ой түйдіңіз?

2. Қария кімге көмектесті?

3. Қарияның бойынан қандай жақсы қасиеттерді көруге болады?

4. Өзіңнің қайырымдылық істерің?

5.Сен үшін жауапкершіліктің маңызы қандай?

6. Мен "қандай жақсылық жасадым?", "менің қолымнан қандай игі іс келеді?" деп өзіңе сұрақ қойып көр.





3. Шығармашылық жұмыс ,топтық жұмыс.

Аспан және жер бейнеленген суреттер арқылы оқушыларды екі топқа бөліп, тапсырма беріледі.



"Ертегілерді өз ойларыңмен жалғастырып көр"

"Қарлығаш пен дәуіт"

Бір қарлығаш ұя салып, балапандарын асырап жүреді. Бір күні жылан балапандарын жегісі келіп, ұя салынған ағашқа өрмелеп шыға бастайды. Қарлығаш жыланды көріп,қатты қорқып, қорғап қалатын арашашы іздейді...







4. Топпен ән айту

"Жақсы адамдар"

1. Сендер аман болыңдар жақсы адамдар

Жақсы адамдар бұзылмас тас қамалдар

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар
қайырмасы

Жақсы адамдар,жақсы адамдар

Сендер аман болыңдар, жақсы адамдар
2. Жақсы көріп сендерді жақсы адамдар

Жүрегімде, өйткенә аппақ ар бар

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар

Күйіп кетсін көре алмас патшағарлар


қайырмасы

Жақсы адамдар,жақсы адамдар

Күйіп кетсін көре алмас патшағарлар
3. Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар

Күйіп кетсін көре алмас патшағарлар

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар


қайырмасы

Жақсы адамдар,жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар






5. Үй тапсырмасы.

№33-сабақ дәптермен жұмыс

№34-сабақ. 170 беттегі Ж.Баласағұнидың өлеңін оқып, ой толғау жазып келу.





6.Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен қойылады.

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық.

-Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық..

Жайлап, көздеріңізді ашуға болады.

-Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!!!








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет