Сабақтың басы
5 минут
|
(ҰК)Психологиялык ахуал қалыптастыру.
«Заряд алу»
Шаттық шеңберге барлығы тұрып, көздерін жұмады. Бастапқы бастаушы қолды 1 рет қысады, екінші айналымда 2 рет қысады, соңында 3 рет қысады, бұл бастапқы бастаушыға барғанда қанша заряд жібергені бойынша қайта келу керек
Окушылардың сабақка дайындығын тексеру.
(С) «Миға шабуыл» әдісі арқылы
Қандай көкеніс түрін білесің?
Көкеністер ұнайды ма?
Олар пайдалы ма?
|
Әр түрлі материалдар мен әдістерді қолданып жасалған көлемді көкеністердің бейнелері көрсетлген әр түрлі иллюстрациялар дайындап қойыңыз. (қағаз, пенопласт, пластиктан жасалған бұйымдар және т.б.).
|
Сабақтың ортасы
30 минут
2 минут
|
Балалар,күз айлары молшылық, береке сыйлайтын мезгіл екенін, көкөністер мен жемістердің пісіп, жиын-терін болатынын кез.
Ойын:«Көкөністер мен жемістерді ажырат» дидактикалық ойынын ойнату. Ойын ойнау арқылы балалар көкөністер мен жемістерді ажыратады. Балалардан жылдың қай мезгілі екенін, күз мезгілі несімен басқа жыл мезгілдерінен ерекшеленетінін сұрап білу. Күзде барлық жеміс-жидектер, көкөністер пісіп, оларды жинау науқаны басталады. Күз айларын молшылық, береке, мереке сыйлайтын мезгілге жатқызатынымызды айтып түсіндіру. Бүгін көкөністерді ермек саздан жасайтынымыз туралы айту. Жұмыс барысында қай бала көкөністердің кей түрін жасайтынын айтады. Көкөністің ол түрін жасау үшін ермек саздың қандай түсін таңдайтынын көрсетеді. Көкөністердің пішіндері әртүрлі болатындықтан, балалардан сәбіздің пішіні қай геометриялық фигураға ұқсайтынын, сондай-ақ картоп, қызылша, шалқандардың пішіндері неге ұқсайтынын сұрап анықтау.
Балалар мүсіндеу кезінде қандай тәсілді қолданатынын айту.
2.Түсіндіру: Көкөністердің жұмыс дәптеріндегі жасалу жолын көрсетіп, түсіндіріп береді.Қызыл, күрең қызыл, жасыл, қызыл сары ермек саз кесектерін жұмсартып аламыз.Көкөністің түріне қарай шарик немесе цилиндр пішіндерді мүсіндеп аламыз.
3.Өзіндік жұмыс:Көкөністі жасау.
қызанақ - қызыл домалақталған ермек саздың жоғарғы бөлігіне саусағымызбен батырып баса отырып шағын ойықша жасау,ойықшаға жасыл ермексаздан жасалған сабағы мен жапырағын орналастыру.
қияр - жасыл ермек саздан жасалған цилиндрдің екі шетін домалақтап тегістейміз, тіс шұқығыш шидің көмегімен қиярдың бетіне бүртіктер саламыз;
қызылша - күрең қызыл домалақтанған ермек саздың бір бүйірін созу тәсілімен тамырын шығарамыз, жоғарғы бөлігіне жасыл ермек саздан немесе түсті қағаздан жасалған жапырағын бекітеміз;
сәбіз - цилиндр пішінді ермек саздың бір ұшын аздап со- зып, тіс шұқығыш шидің көмегімен үстіне жіңішке сызықтар түсіреміз, жоғарғы бөлігіне жасыл ермек саздан немесе түсті қағаздан жасалған жапырағын біріктіреміз;
бұрыш - жасыл түсті ермек саздың бір ұшын аздап созып, домалақтап тегістейміз, жоғарғы бөлігін саусағымызды батыра басып, шағын ойықша жасаймыз да, оған ермек саздан жасалған жапырақтың сағағын бекітеміз.
Балалардың жұмыстарын қадағалап, бақылау.
Оқу іс-әрекетін қорыту.
Дайын болған көкөністердің мүсінін үстел үстіне қойып, «Біздің өнім» атты көрме ұйымдастырады. Балалармен бірге жұмыстарды бағалап, кімнің жұмысы сәтті шыққанын қарап, сабақты қорытындылау.
|
Жемістер мен көкөністер муляждары, дайын үлгі ретіндегі көкөністер, ермек саздар, тақтайша, таяқша, қол орамал. түрді түсті ермек саз , тақтайша, таяқша, қол орамал.
|