Сабақ тақырыбы Көкөністер. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



Дата28.04.2020
өлшемі136,52 Kb.
#65023
түріСабақ
Байланысты:
мүсіндеу




Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8 Бөлім: Демалыс мәдениеті. Мерекелер



Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3


Қатысқандар саны:




Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы

Көкөністер.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.3.1 Нақты дәлдікке жету үшін материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру


Сабақ мақсаттары

  • Көкеністердің мүсінін жасау

  • Әдістер мен техникаларды пайдаланып, материалдарды және құралдарды қолдану.

  • заттың нұсқасына қарай отырып мүсіндеу дағдыларын бекіту;

  • ермек сазды көкөністің түсіне сәйкес таңдай алуға үйрету.

Бағалау

критерийлері

Білім алушы:

  • Сыйлықты сақтайтын орамасын жасайды.

Тілдік мақсаттар


Қарастырылады:

  • көкеністер;

  • сөмке;

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • көкеніс дегеніміз не?

  • Көкеністердің қай түрін жасаймыз?

Құндылықтарды

дарыту

Әлем мәдениетінің әртүрлілігіне құрметпен қарау және ұлттық мәдениетті сақтау және дамыту үшін жағдай жасау.

Бір-бірін тыңдай білу қабілеті. Бір-біріне құрметпен қарау.



Пәнаралық

байланыстар

_____

АКТ қолдану

дағдылары

АКТ-ны сабақ барысында қолданбайды.

Бастапқы білім

_____

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы
5 минут

(ҰК)Психологиялык ахуал қалыптастыру.

«Заряд алу»

Шаттық шеңберге барлығы тұрып, көздерін жұмады. Бастапқы бастаушы қолды 1 рет қысады, екінші айналымда 2 рет қысады, соңында 3 рет қысады, бұл бастапқы бастаушыға барғанда қанша заряд жібергені бойынша қайта келу керек





Окушылардың сабақка дайындығын тексеру.

(С) «Миға шабуыл» әдісі арқылы

  • Қандай көкеніс түрін білесің?

  • Көкеністер ұнайды ма?

  • Олар пайдалы ма?

Әр түрлі материалдар мен әдістерді қолданып жасалған көлемді көкеністердің бейнелері көрсетлген әр түрлі иллюстрациялар дайындап қойыңыз. (қағаз, пенопласт, пластиктан жасалған бұйымдар және т.б.).




Сабақтың ортасы

30 минут

2 минут


Балалар,күз айлары молшылық, береке сыйлайтын мезгіл екенін, көкөністер мен жемістердің пісіп, жиын-терін болатынын кез.

Ойын:«Көкөністер мен жемістерді ажырат» дидактикалық ойынын ойнату. Ойын ойнау арқылы балалар көкөністер мен жемістерді ажыратады. Балалардан жылдың қай мезгілі екенін, күз мезгілі несімен басқа жыл мезгілдерінен ерекшеленетінін сұрап білу. Күзде барлық жеміс-жидектер, көкөністер пісіп, оларды жинау науқаны басталады. Күз айларын молшылық, береке, мереке сыйлайтын мезгілге жатқызатынымызды айтып түсіндіру. Бүгін көкөністерді ермек саздан жасайтынымыз туралы айту. Жұмыс барысында қай бала көкөністердің кей түрін жасайтынын айтады. Көкөністің ол түрін жасау үшін ермек саздың қандай түсін таңдайтынын көрсетеді. Көкөністердің пішіндері әртүрлі болатындықтан, балалардан сәбіздің пішіні қай геометриялық фигураға ұқсайтынын, сондай-ақ картоп, қызылша, шалқандардың пішіндері неге ұқсайтынын сұрап анықтау.

Балалар мүсіндеу кезінде қандай тәсілді қолданатынын айту.

2.Түсіндіру: Көкөністердің жұмыс дәптеріндегі жасалу жолын көрсетіп, түсіндіріп береді.Қызыл, күрең қызыл, жасыл, қызыл сары ермек саз кесектерін жұмсартып аламыз.Көкөністің түріне қарай шарик немесе цилиндр пішіндерді мүсіндеп аламыз.

3.Өзіндік жұмыс:Көкөністі жасау.

қызанақ - қызыл домалақталған ермек саздың жоғарғы бөлігіне саусағымызбен батырып баса отырып шағын ойықша жасау,ойықшаға жасыл ермексаздан жасалған сабағы мен жапырағын орналастыру.

қияр - жасыл ермек саздан жасалған цилиндрдің екі шетін домалақтап тегістейміз, тіс шұқығыш шидің көмегімен қиярдың бетіне бүртіктер саламыз;

қызылша - күрең қызыл домалақтанған ермек саздың бір бүйірін созу тәсілімен тамырын шығарамыз, жоғарғы бөлігіне жасыл ермек саздан немесе түсті қағаздан жасалған жапырағын бекітеміз;

сәбіз - цилиндр пішінді ермек саздың бір ұшын аздап со- зып, тіс шұқығыш шидің көмегімен үстіне жіңішке сызықтар түсіреміз, жоғарғы бөлігіне жасыл ермек саздан немесе түсті қағаздан жасалған жапырағын біріктіреміз;

бұрыш - жасыл түсті ермек саздың бір ұшын аздап созып, домалақтап тегістейміз, жоғарғы бөлігін саусағымызды батыра басып, шағын ойықша жасаймыз да, оған ермек саздан жасалған жапырақтың сағағын бекітеміз.

Балалардың жұмыстарын қадағалап, бақылау.



Оқу іс-әрекетін қорыту.

Дайын болған көкөністердің мүсінін үстел үстіне қойып, «Біздің өнім» атты көрме ұйымдастырады. Балалармен бірге жұмыстарды бағалап, кімнің жұмысы сәтті шыққанын қарап, сабақты қорытындылау.





Жемістер мен көкөністер муляждары, дайын үлгі ретіндегі көкөністер, ермек саздар, тақтайша, таяқша, қол орамал. түрді түсті ермек саз , тақтайша, таяқша, қол орамал.

Сабақтың соңы

3 минут


Рефлексия:

Жұмыстың аяқталуы бойынша бір-біріңіздің суреттерін бағалаңыз және «Екі жұлдыз және бір тілек» түрінде түсініктеме беріңіз.






Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Барлығы ең аз материалдар мен әдістерді қолдана отырып, шығармашылық жұмыстарды орындайды. Көпшілік бір неше әдістер мен материалдарды қолданатын болады. Кейбір оқушылар материалдар мен техниканың максималды көлемін пайдалана отырып, өздері жасайды.

Бір-бірін бағалау;

Оқушы-оқушы;

Оқытушы-оқушы;

Мұғалімнің байқауы.



Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.




Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.





Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет