Сабақ Тақырыбы: Компьютерде моделдерді зерттеу және модель жасаудың негізгі кезеңдері Сыныбы: 7 сынып Сабақтың тақырыбы: Компьютерде моделдерді зерттеу және
Компьютерде моделдерді зерттеу және модель жасаудың негізгі кезеңдері
Сыныбы:7 сынып Сабақтың тақырыбы: Компьютерде моделдерді зерттеу және
модел жасаудың негізгі кезеңдері
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі:оқушылардың модель, модельдеу, модель түрлері туралы түсініктерін, шығармашылық жұмыстар арқылы қалыптастыру.
ә) дамытушылығы:оқушылардың ақыл-ой өрісін, танымдық , өзіндік қабілетін дамыту. б) тәрбиелілігі:оқушыларды ұқыптылыққа, әсемдікке баулу, шығармашылық қабілетін арттыру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:слайд, интерактивті тақта, жұмыс дәптері Сабақтың әдіс-тәсілдері:Көрсете түсіндіру, топтық, тапсырмаларорындау
Сабақтың өту барысы:
І. Оқушыларды ұйымдастыру . (2 минут)
ІІ. Топқа бөлу
ІІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру .
ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
V. Қорытындылау
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма беру. ӨТКЕН ТАҚЫРЫПТЫ ҚАЙТАЛАЙ ОТЫРЫП,
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН ҚАЙТАЛАУ (10 минут)
Алгоритм дегеніміз не?
Жауап. Орындаушының белгіленген мақсатқа жетуіне бағытталған түсінікті де дәл ұйғарым алгоритм деп аталады.
Паскаль тіліндегі программа неше бөліктен тұрады және оларды ата?
Жауап. 3 бөлікиен тұрады: тақырыптық, сипаттау, операторлар бөлімі
Идентификатор дегеніміз не?
Жауап.Идентификатор – міндетті түрде әріппен басталатын сандар мен әріптердің тізбегінен тұратын атау.
Сызықтық алгоритм дегеніміз?
Жауап. Сызықтық алгоритм дегеніміз – қарапайым, яғни командалары бірінен соң бірі тізбектей орындала беретін алгоритм.
Тармақталу алгоритмі дегеніміз?
Жауап. Тармақталу алгоритмі дегеніміз – орындалатын әрекеттер екі шартпен орындалады. «Иә» және «Жоқ».
Циклдік алгоритм дегеніміз?
Жауап. Циклдік алгоритм дегеніміз – командалары бірнеше рет қайталанып келетін алгоритмдер.
Паскаль тіліндегі стандартты типтерді ата.
Жауап. Бүтін, нақты, логикалық, тіркестік мәтіндік Алгоритмдік тіл дегеніміз не?
Жауап. Алгоритмдік тіл – бұл алгоритмдер мен олардың біртекті және дәл жазбаларына арналған белгілер мен ережелер жүйесі
ІV. ЖАҢА САБАҚТЫ ТҮСІНДІРУ
Модель дегеніміз – нақты объектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.
Модельдеу – объектілерді, процестерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың моделін (макетін) құру.
Модель – көрнекі түрде жазбаша жоспар, сызба ретінде жасалады.
Бір объект (процесс, құбылыс) үшін әр түрлі модель жасалуы мүмкін.
Сыныпты 3 топқа бөлу.
1 топтың тапсырмасы.
МОДЕЛЬДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ ЖІКТЕЛУІ:
ОҚУ МОДЕЛІ – көрнекі оқу құралы, әр түрлі машықтандырушы, үйретуші программалар түрінде болуы мүмкін
ТӘЖІРИБЕЛІК МОДЕЛЬ – жобалау объектісінің кішірейтілген немесе өте майда объектілер үшін олардың үлкейтілген көшірмесі болып табылады.
ҒЫЛЫМИ ТЕХНИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕР – процестер мен құбылыстарды зерттеу мақсатында құрылады
ОЙЫН МОДЕЛЬДЕРІНЕ – әскери, экономикалық, спорттық ойындар жатады.
ИМИТАЦИЯЛЫҚ МОДЕЛЬ – шын мәніндегі нақты объектіні өте жоғары дәлдікпен бейнелей алады 2 топтың тапсырмасы. Модельді уақыт факторына байланысты динамикалық және статистикалық деп екі топқа жіктеуге болады.
Статистикалық модель деп – объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі бір уақыт бөлігіндегі үзіндісін айтуға болады.
Динамикалық модель деп – уақыт барысындағы объектінің қасиеттерінің өзгерісін көрсету мүмкіндігін береді