Сабақ Тақырыбы: «менің көңілді добым»



Дата27.12.2016
өлшемі133,73 Kb.
#6236
түріСабақ
Мариновка қазақ орта мектебі «Айгөлек» шағын орталығы

АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: «менің көңілді добым»

Аралас топ

Дайындаған : Баржаксимова А.Т.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті технологиялық карта

Білім саласы: Қатынас.Әлуметтік орта.Таным.Шығармашылық.

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Менің көңілді добым(сипаттау)

Мақсаты: 1. Ойыншық туралы әңгіме құрастыруға үйретуді жалғастыру.Заттарды қарастыруға олардың түсін, пішінін, қандай материалдан жасалғанын анықтауға үйрету.

2.Балалардың сөздік қорын молайтып, тілін жаттықтыру.

3. Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты, таза ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: № 29демонстрациялық материал(көңілді доп суреті).

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: әңгімелеу.

. Сөздік жұмысы: доп, домалақ, көңілді.



Билингвальды компонент: доп-мяч, домалақ-круглый, көңілді-веселый.

Іс-әрекет

кезеңдері


Педагогтің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық-

қозғаушылық


-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Ауа райы қандай?

-Балалар, сендер ойыншықтармен ойнағанды жақсы көрсіңдер ме?

-Ал енді мен сендерге тақпақ оқып берейін, сендер тыңдаңдар?

Добым менің,добым менің,

Өзің неткен көңілді едің.

Зымырайсың,қутыңдайсың,

Бірақ менен құтылмайсың.

Ш.Смаханұлы.




29демонстрациялық материалмен жұмыс.

-Қараңдашы,балалар, мынау не?

-Доп қандай?(Кішкентай)


Балалардың жауабы.

-Иә.


Тақпақты мұқият тыңдайды.

Педагогтің сұрақтарына жауап береді.

Балалар сұрақтарға жауап береді.
-Доп.



Ұйымдастырушылық-

ізденістік

-Ал енді доп туралы өлеңді жаттап алайық.

Добым менің,добым менің,

Өзің неткен көңілді едің.

Зымырайсың,қутыңдайсың,

Бірақ менен құтылмайсың

№ 29демонстрациялық материалмен жұмыс


-Қарандаршы мынау не?

-Доп қандай(Кішкентай)

-Оның пішіні қандай?(Дөңгелек)

-Ол неге ұқсайды?(Дөңгелекке)

-Доп қандай қимыл жасайды?

-Доптың түсі қандай?

-Қандай материалдан жасалған?(көмек беру)

-Біз доппен қандай ойындар ойнаймыз?



Билингвальды компонент: доп-мяч, домалақ-круглый, көңілді-веселый.



Сергіту сәті:

Кәне, балалар тұрамыз,

Бойымызды жазамыз.

Бір отырып,бір тұрып,

Біз тынығып аламыз.
Доптың суретін көрсете отырып,өлеңді жаттату.

Жеке жұмысты қажет ететін балалардан доп туралы өлеңді қайталау.



-Иә.
Тақпақты мұқият тындайды.Жаттайды.

Балалар сұрақтарға жауап береді.


-Доп.

-Кішкентай.

-Дөңгелек.

-Секіреді.

-Қызыл.

-Резеңкеден.



-Түрлі ойындар ойнаймыз.

Балалар қайталайды.

Доп-мяч. Домалақ-круглый. Көңілді-веселый.

Қимылмен көрсетеді.

Балалар өлең жолдарын бірнеше рет қайталап отырып жаттайды.


Рефлексиялық-

тузетушілік

-Біз бүгін немен таныстық?

-Доп қандай екен?



Сұрақ-жауап арқылы балалардың оқу іс-әрекетін қорытындылайды.



Балалардың жауабы тыңдалады.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: заттарды қарастырып, олардың түсін, пішінін, қандай материалдан жасалғанын айтуға арналған тарсырманы;

Түсінеді:өлең мазмұнын;.

Қолданады:ойыншық туралы әңгімені құрастыра білу іскерліктерін.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет