«Шұбар» жалпы орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ашық сабақ
Тақырыбы: Мұхтар Әуезов «Көксерек» әңгімесі
Пән мұғалімі: Тажибаева Жанар
2016 оқу жылы
Күні: 19.01.16 ж
Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7 «Б» Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов «Көксерек» әңгімесі. Әңгіменің тақырыбы мен идеясы. Сабақтың мақсаты: Жазушының табиғат тақырыбымен адамдар тағдырын қатар суреттеген көксерек әңгімесінен алған білімдерін жүйелеу, әңгіме мазмұны арқылы қасқырдың тағылық жолға түсу жолдарын суреттеудегі жазушының шеберлігін таныту. Білімділік: М.Әуезовтың «Көксерек» әңгімесінің мазмұнына, идеясына, тақырыбына талдау жасау; Дамытушылық: Шығарманы талдау арқылы өз ойын қорғай білуін, нақты сөйлеу білуін дамыту, сөздік қорын молайту; Тәрбиелік: Әңгіме мазмұны арқылы оқушылар бойында адамгершілік, жанашырлық сияқты қасиеттерді қалыптастыру, табиғатты, қоршаған ортаны аялауға, оның заңдылығын бұзуға жол бермеу; Сабақтың түрі: Қайталау сабағы. Сабақтың өту әдісі: СТО әдіс-тәсілдері, сұрақ-жауап, талдау, іздену,постер қорғау, Сабақтың көрнекілігі: М.Әуезов портреті, қасқыр суреті, интербелсенді тақта, слайд. Пәнаралық байланыс:бейнелеу өнері,география Сабақ барысы:Ұйымдастыру кезеңі. -Сәлемдесу -Оқушыларды түгелдеу. -Сынып тазалығын тексеру. -Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Оқушыларды топқа бөлу.
І. Қызығушылығын ояту.
Олай болса, біз қазір топ болып, 3 топқа бөлініп жұмыс жүргіземіз. Әр топтың жетекшісі өз тобынан жауап берген оқушыларды бағалап отырады.
Топтастыру. 3 топқа «Адам», «Қасқыр», «Табиғат» сөздері жазылған плакат беріледі. Осы сөздер бойынша сөздер мен сөз тіркестерін жазады.
ІІ .Үй тапсырмасын тексеру. Топтастыру әдісімен:
Мұхтар Әуезовтің өмірі туралы.
Қасқырға сипаттама жазу және қасқырларға байланысты айтылған аңыздар тауып
келу және «Көксерек» фильміндегі актерлер туралы дерек жинау.
ІІІ. Жаңа сабақ. Әңгіменің тақырыбы мен идеясы.
Біз сендермен өткен сабағымызда М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінің мазмұнымен танысып, әр бөлімге тақырыпшалар қойған болатынбыз. Енді шығарманың мазмұнын қаншалықты меңгеріп, түсінгендеріңді байқаймыз.
Әңгімені оқиға желісіне қарай бөліктерге бөліп ат қою.
1-бөлім: Қасқырлар мекені 3-бөлім: Көксерек пен Құрмаш 4-бөлім: Әжесі мен Құрмаш 5-бөлім: Айқас 6-бөлім: Қасқыр қашанда қасқыр
1.Тапсырма.
Конверттердің біреуін таңдап, әңгімелеу.
1. Көксеректі суретте.
Жотасы күдірейген, құйрығы шолақ бойы тау басында тайдай көрінеді, нағыз көкжал, сұсты, көзі жап-жасыл.
2. Салыстыр. Ауыл иттерінен Көксеректің ерекшелігі қандай?
Көксерек- айлакер, ашқарақ, дыбыс шығармайды, сұсты, жасымайды.
Ит- қолдан тамақтанады, өз иесіне бауыр басады, еркелейді, тілін алады, иесіне қызмет етеді.
3.Қолданыңыз. Көксерек туралы ел не дейді?
Кәпір, қырыс, тағы емес пе? Кеудесін бермейді жасымайды. Ұры асырасаңда мал болмайды, тұқымы жау емес пе?
Тапсырма. Мәтін желісіне қарай сұрақтар.
«Проблемалық сұрақтар» әдісі.
Әңгіме тек Көксерек айналасында ғана ма?
Әңгіме арқылы басты ойды ашатын ең негізгі оқиғалар қайсысы?
Ауыл адамдарының іс-әрекетін ақтауға бола ма?
Жалпы табиғатқа шабуыл жасау, оның тылсым тыныштығын бұзу мәселесіне қалай қарайсыңдар?
Құрмаштың қайғылы тағдырының себебі неде?
Кінәлілер кімдер? Кім қатал?, кім өктем? Көксерек пе, әлде ауыл адамдары ма?
«Жас аудармашы» Бұл кезеңде оқушылар жұмбақ пен мақал - мәтелдерге керекті сөзді тауып айтып, үш тілде айтып шығады.
1. Күш десең, күші бар,
Тісі десең, тісі бар.
Торуылдап ауылды
Түнде жортар ісі бар.
Ол не? (Қасқыр - волк - wolf )
2. Қасқырды қанша асырасаң да
_____________- ға қарап ұлиды.
3. Қасқырды сұрлығы үшін емес,
_____________ үшін ұрамыз.
4. Қасқырдың ауызы жесе де қан,
жемесе де________
Топтық жұмыс.
І топ. «Борт журналы» әдісі.
Шығармашылық жұмыс. (мәтінді елестете отырып, суретін салу.)
ІІ топ. Ой толғаныс.
Мәтіннен қатты әсер еткен тұстары
Адамдар қолынан қасқыр күшіктерінің өлтірілуі.
Құрмаштың күшікті бағып алуы мен Көксерек атауы.
Көксеректің алғаш рет табиғатқа қарап ұлуы.
Ауылға шабуы, Құрмашқа шабуыл жасауы.
Әжесінің қайғыруы. Құрмаштың қайтыс болуы.
Өз пікірің
Құрмаштың таза көңілі мен мейрімді жан екенін білдім.
Қасқыр табиғаттың бір бөлшегі.
Көксеректің бұл іс — әрекетіне адамдардың өздері себеп болды.
ІІІ топ. «Синквин» әдісі бойынша «қасқыр», «аңшы» сөздеріне бес жолды өлең жазу.
Постер қорғайды. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салады.
Бекіту сұрақтары.
“Көксерек” әңгімесі қай жылы жазылған? (1929 жылы)
Қасен деген кім? (Белгілі аңшы)
Көксеректі жеңген иттің аты (Аққасқа)
Қара ала төбеттің иесі кім? (Жұмаш)
Валентина Әуезова қай жылдың қабырға күнтізбесін сатып алды? (1929 жылғы)
Құрмаштың елі (Қараадыр)
“Көксерек” әңгімесінің тақырыбы (Адам - Табиғат - Қасқыр)
Көксеректі жұрт несіне қарап таныды? (құлағына)
“Көксерек” фильміне қасқыр Көксеректі қай қаладан алып келді? (Мәскеуден)
Көксерек сөзі нені білдіреді? (Жас қасқырдың ең мықтысы)
«Соңғы сөзді мен айтамын» әдісі.
3 топ басшыға сұрақ.
«Көксерек» әңгімесі қалай аяқталушы еді?
Қалай ойлайсың,кемпір қарғысымен әңгімені аяқтауына не себеп?
Жазушы неге үндейді?
Бағалау. Өзін-өзі бағалау. Оқушылардың тиісті бағаларын күнделіктеріне қою.
Үйге тапсырма. «Адам және табиғат» тақырыбына шығарма жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |