Сабақ Тақырыбы: «Өлшемдерге байланысты үлгіге конструкциялық өзгеріс енгізу» «Жас модельерлер»



Дата25.08.2017
өлшемі62,47 Kb.
#27730
түріСабақ
Қалалық қосымша білім беру оқу - әдістемелік орталығы


Қолданбалы қолөнер бөлімі
АШЫҚ САБАҚ


Тақырыбы: «Өлшемдерге байланысты үлгіге

конструкциялық өзгеріс енгізу»
«Жас модельерлер» үйірмесінің жетекшісі:

Утепова К.А.

Қызылорда, 2015 ж

Сабақ жоспары:



І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасы
ІІІ. Жаңа сабақ
ІҮ. Тәжірибелік бөлім
Ү. Жаңа сабақты бекіту,  қорытындылау
ҮІ. Үйге тапсырма

Сабақтың тақырыбы: «Өлшемдерге байланысты үлгіге

конструкциялық өзгеріс енгізу»


Білімділігі: Киім үлгілеріне сәнге байланысты

конструкциялық өзгеріс енгізуді үйрету.


Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, сәнге деген

қызығушылығын арттыру.



Тәрбиелілігі: Оқушыларды эстетикалық талғамға,

шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Аралас сабақ (иллюстративті, түсіндірмелі,

танымдық)


Сабақтың әдісі: Тәжірибелік сабақ
Пән аралық байланысы: Тарих, сызу, биология, бейнелеу өнері.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, слайд, АКТ-ны қолдану, тігілген бұйымдар,

 

Сабақ барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, оларды сабаққа дайындау.Құрал-жабдықтарын түгендеу.(Видео-ролик)


ІІ.Үй тапсырмасы:
Сән журналын қалай пайдаланамыз?

(Слайд арқылы суреттерін түсіндіру)
ІІІ. Жаңа сабақ:
Қазіргі кезде кез келген адамның өз қалауынша сәнді киінуіне мүмкіндігі бар. Тіге білетін және осы іске қызыққан адам өзіне ыңғайлы және сәнді бұйым тігіп кие алады.
Киім өзінің бастамасын алғашқы қауымдағы шөптен жасалған белдік байламдардан, жануар терісінен денесіне жапқан жабулардан алады. Киімді суықтан, ыстықтан, жараланудан, сырып кетуден сақтап қалу үшін киді. Киім үшін тек тікелей табиғаттан алынатын, өңдеуді қажет етпейтін материалдарды ғана пайдаланған. Мұндай киім қарапайым болған және не жыныстық не әлеуметтік жағынан айырмашылығы болмаған. Тарихи кезеңдерге байланысты адам қауымдарға бөліне бастағаннан кейін, киімді түрлі жыныстық, әлеуметтік, мүліктік белгілері бойынша бөліп қарау туындады. Осыған орай, костюм өзінің жетілуінің ерте кезеңінен бастап адамның қоғамдық өмірінде болып жатқан барлық өзгерістерін көрсетеді.

Қазіргі заманда киіп жүрген бірқатар киім үлгілері сақ (скиф) дәуірінен бастау алады. Қазақтарға тән киім үлгілері орта ғасырдан бастап қалыптасып, б.з.б. VIII-ғ.ғ. киген сақтардың (скиф) киімдерін кілем, түскиіздерден және көне ескерткіштерден көруге болады. Көсемдер мен ауқатты сақтар (скиф) киімдерін бағалы аң терісі мен жоғары сапалы маталардан көркемдеп, әшекейлеп соңғы үлгіде тіккен. Пазырақ қорғанынан табылған бешпенттің іші құндыздан тігіліп, сырты жұқа былғарымен қапталған. Былғарының үстінен қайыс жіппен тігіп, көктеген.



Пазырақ қорғанынан

табылған фалдалы тонының конструкциясы

Қазіргі өркендеген Қазақстанда да жақсы дизайнерлер баршылық. Мысалға.Айда Кауменова, Айя Бапанова, Берик Исмаилов.



(Слайд арқылы сурет)
Ал балалар мен сендерге ата - бабаларымыздан келе жатқан тон конструкциясын бекерге көрсетіп отырған жоқпын. Біздің бүгінгі сабағымыз осы киім конструкциясын жайында болмақ.

Сабағымыздың тақырыбы: « Өлшемдерге байланысты үлгіге конструкциялық өзгеріс енгізу».

Өткен сабақтарда біз сән журнадын қалай пайдалану керектігін үйрендік.

Қолданатын сән журналдарымыз еуропалық болғандықтан, өлшем бірліктеріміз көп жерде ұзындықтан сәйкес келмеуі мүмкін. Сондықтан өз злшемдерімізге сай журналдан пайдаланған үлгілерімізге конструкциялық өзгеріс енгізуіміз қажет.



(Слайд арқылы сурет, схемалар арқылы түсіндіру)
Сергіту сәті.
Киім дизайнерлері. 

Адам көркі - шүберек. Әдемі киім кигенді барлық адам ұнатады. Біреулер сән қуып ең соңғы үлгідегі киімдер киеді. Сол сәнді киімдерді тігіп, өзіндік стилін әлемге танытқан сән мамандары – киім дизайнерлері. Киім дизайнері болу үшін нені білу керек?

Дизайнер (ағыл.design-жоба, сызба, эскиз; designer- жобалаушы.)- жеңіл өнеркәсіп маманы.

ІҮ. Тәжірибелік бөлім.
Оқушыларды екі топқа бөлу.Әр топқа тапсырма беріледі.
І - топқа шалбардың конструкциясына өзгерту енгізу (ұзарту).

ІІ - топқа шалбардың конструкциясына өзгерту енгізу (қысқарту).

Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.

Ү. Жаңа сабақты бекіту,  қорытындылау.
Рефлексия: бүгінгі сабақтан алған әсерлерін айту.

- Бүгінгі сабақтағы көңіл күйің қалай?

- Сабаққа қандай мақсатта келдің?

- Бүгінгі сабақтан не үйрендім деп ойлайсың?

- Бүгінгі сабақ қалай өтті деп ойлайсың?

ҮІ. Үйге тапсырма.

Өздерің таңдаған модельдің үлгілеріне конструкциясына өзгерту енгізу.






Каталог: uploads -> doc -> 1062
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1062 -> «Білімнің бастауы – балабақшада» (Ертеңгілік) Тәрбиеші
1062 -> Сабақ Тақырыбы: ч дыбысы мен әрпі Білім беру саласы: «Қатынас» Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сауат ашу. Сабақтың тақырыбы
1062 -> Сабақтың тақырыбы: Уақытты анықтау не үшін қажет?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет