Колледж атауы
|
Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі
|
Модуль /пән атауы
|
«Байқау практикасына дайындық» оқу практикасы
|
Дайындаған педагог
|
Хасенов Темирлан Абылаевич
|
Мерзімі
|
02.11.2021
|
Курс: 4
|
Оқу жылы: 2021-2022
|
Топ: ДШ-18
|
Сабақ тақырыбы:
|
Практика мақсат-міндеттерімен танысу
|
Сабақ типі
|
Дәріс
|
Мақсаты
|
Практика мақсат-міндеттерімен таныстыру
|
Міндеттері
| |
Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі (Оқыту нәтижесі)
|
Сабақтың мақсат-міндеттерін анықтау, жоспар-конспект құру және өткізу. Сабаққа өздігінен дайындалуды ұйымдастыру.
|
Сабақты жабдықтау
|
Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер:
Есмағанбетов З., Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесінің негіздері. Қарағанды-2011
|
Техникалық құралдар, материалдар:
Ұялы телефонға арналған арнайы қондырғы
|
Сабақтың барысы
|
1.Ұйымдастырушы, ынталандырушы кезең (Басы)
|
Сәлемдесу, студенттерді түгендеу.
Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен міндеттерін түсіндіру.
|
2. Іс- әрекет кезеңі
(Ортасы)
|
Кәсіптік практиканың мақсаттары мен міндеттері
Кәсіптік практиканың мақсаты:
- білім алушылардың нәтижеге бағытталған теориялық білімдерін бекітіп, тереңдету таңдалғаг мамандық бойынша кәсіби қызметін өзбетіменорындау үшін қажет біліктілік пен дағдыларды игеру, білім алушыларды қоғамдық еңбекке баулу;
- практика кезінде білім алушылардың кәсіби білімін көтеру, негізгі кәсіптік біліктілігі мен лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес дағды қалыптастыру, нақты оқу орындарының жұмысын зерттеу негізінде тәжірибелерін кеңейту.
Кәсіптік практиканың міндеттері:
- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес базалық, кәсіби, арнайы құзыреттіліктерді қалыптастыру;
- машықкердің мектеп өміріне бейімделуіне, педагогика, психология және пән әдістемелері бойынша алған білімдерін практикада қолдана білуге жағдай жасау;
- дене тәрбиесі және спорт пәнінің мұғалімі тұлғасының психикалық қасиеттері мен кәсіби-маңызды сапаларын қалыптастыру.
«Байқау практикасына дайындық» оқу практикасыныңы мақсаты мен міндеттері
Мақсаты: білім алушыларды дене тәрбиесі мұғалімінің педагогикалық қызметіне дайындау.
Міндеттері:
-машықкерлерде оқу үрдісін бақылау және оның нәтижелерін талдау біліктерін қалыптастыру;
- дене тәрбиесі мұғалімінің оқу жұмысын жоспарлау жүйесі мен мазмұнын зерттеуге дайындық;
- мектеп оқушыларының оқу қызметтеріне басшылық жасау, сабақты ұйымдастыру мен өткізуге дайындық.
|
3. Сабақты қорытындылау (Соңы)
|
Сұрақтар:
1. Оқу практикасының мақсаты?
2. Оқу практикасының міндеттері?
Сабаққа белсене қатысқан студенттерді бағалау.
Үй тапсырмасын беру.
|
Рефлексия
|
Сабақтың мақсаты мен міндеттері нақты болды ма?
Оқушылар бүгін нені оқып біледі?
|
Үй тапсырмасы
|
Қысқа мерзімді жоспар құру.
|