Ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектеп
Ашық сабақ
Тақырыбы: Туған жер туралы жыр
(қалмақ ертегісі)
Өткізген:Ж.С.Сержанова
4 «г» класс
Ақтөбе 2014-2015 оқу жылы
Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы:Туған жер туралы жыр (қалмақ ертегісі)
Сабақтың мақсаты: Оқушының қалмақтың, «Туған жер туралы жыр» атты ертегісін түсініп оқуға,негізгі идеясын аша білуге үйрету.
Сабақтың міндеті:
Білімділік: мәтінмен жұмыс істей білуге, мәтіндегі негізгі ойды таба білуге жағдай жасау, түсініп оқи білуге және туған ел туралы түсінігін молайту;
Дамытушылық: ойын толық айтуды одан әрі машықтандыру, байланыстырып сөйлеуін, сөздік қорын дамыту;
Тәрбиелік: туған жері мен табиғатын сүюге,елжандылыққа тәрбиелеу,патриоттық сезімдерін ояту;
Сабақтың көрнекілігі:Қалмақ халқының тарихы,мақал-мәтел,слайд,ертегі мазмұны туралы сурет.
Сабақтың әдісі:түсіндіру,көрнекілік,әңгімелеу,сұрақ-жауап.
Сабақтың типі:аралас сабақ.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен амандасу,
ә) оқушыларды түгелдеу.
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) бағалау кестесі ілінінеді,түсіндіріледі,смайлик таратылады
ІІ Қызығушылығын ояту
Психологиялық дайындық:
Бүгін бізде қонақтар бар екен енді күлімсіреп
Ұлкенге де –сіз,
Кішіге де – біз
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз - деп күлімсірей қарап,сәттілік тілеп сабағымызды бастайық.
ІІІ Үй тапсырмасын пысықтау.
Қ.Жұмағалиев «Туған өлкем»
Қ.Жұмағалиев туралы не білесіңдер ? (мағлұмат айту)
Жұмағалиев Қайрат (16.9.1937 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Орда ауданын Бесқұдықа.) - ақын. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. ҚазҰУ- ды бітірген (1959). 1959 - 84 жылдар "Жазушы" баспасында кіші редактор, редактор, аға редактор, редакция меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, 1985 - 92 жылы Қазақтелерадио көмитеттінде аға редактор, комментатор, редакция меңгерушісі, бас редактор, 1992 - 96 жылдары Қазақстан Парламенті Сенатының аударма-редакциялық бөлімінде сектор меңгерушісі, кеңесші. Қазір "Сарыарқа" журналында редактор қызметін атқарады. Алғашқы өлеңдер жинағы "Тұңғыш" 1964 жылы жарық көрген. Бір қатар шығармалары орыс тіліне аударылып, жеке кітап болып басылған және ағылшын, француз, араб, неміс, қытай, хинди, испан, поляк, болгар тілдеріне жеке өлендері аударылған. Француз, моңғол ақын-жазушыларының романдарын қазақ тіліне аударған. Ақын өлеңдеріне ән жазылған. Белорусь Республика Құрмет грамотасымен, Қазақстан Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен, "Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін", "Еңбектегі ерлігі үшін" медальдарымен, КСРО және Қазақстан Жазушылар одағының Грамоталарымен марапатталған.
Жіңішке сұрақтар:Өлең неге «Туған өлең» деп аталған ?
Жуан сұрақтар:Өз жеріңді басқа елмен алмастырар ма еді ?
IV Ой ашар .
Әркімнің өз жері ... ( мысыр шаһары )
Туған елдей ел болмас..... (Туған жердей жер болмас)
Жері байдың... (елі бай)
Елің панаң... (жерің анаң)
Туған жердің күні де ыстық... (түні де ыстық)
Бүгінгі өтетініміз қандай тақырып деп ойлайсыңдар ?
-Туған жер туралы.
-Дұрыс Туған жер туралы ертегімен танысамыз.
-Ол қай елдің ертегісі екенін ребусты шешшек табамыз.(ребус шештіру)
Қалмақ халқы туралы мәлімет.
Қалмақ (моңғ. халимаг) - ұлт, Ресей Федерациясы құрамындағы Қалмақ автономиялы республикасының тұрғын халқы. Ламаизм дінін тұтынған. Тілі Алтай тілдерінің батыс-моңғол тобына жатады. Б. з. б. 1-мыңжылдықта қазіргі моңғолия жерін мекендеген. 15-16 ғасырларда жоңғар атырабында өз хандықтарын құрып, 17 ғасырдан бастап басқа жерлерді басып алуға кіріскен. 1723 ж. басталған жоңғар шапқыншылығы барысында қазақ халқы «Ақ табан шұбырынды» кесапатына ұшырады. Қазақтар мен қалмақтар арасындағы аласапыран арпалыстарға байланысты әңгімеаңыз, батырлық жырлар өте көп. Туған халқының тарихына елеулі әсер еткен басқыншы халық тарихын Абай терең білген. Ол өзінің «Біраз сөз казактың түбі кайдан шыкканы туралы» деген тарихи мақаласында қалмақ аталарын тәптіштеп таратады. «Қалмақтың төрт атасының бірі-хазар. Сол хазардан үш атаның ұлы парсы жұртында қалып еді: Қазар, Афшар, Үшташлы деген. Сол қызылбас, дүниедегі бір ескі патшаларының сарқыты - кәсірәй ғажам жұрты сол. Біздің қазақтың Амудариясынан қорқып қашып келіп, Сырдарияның аяғында қалмақтан жеңіліп, Ақтабан шұбырындыны көретұғыны Амудариядан қашамын деп болған. Сол Надыр Афшардан еді. Осы күнгі Нәсіридден шаһ Қажардан шыққан кісі» деген аса құнды деректер береді. Қазақтардың Бийск, Кузнецк қалмақтарын «білеуіт» деп атайтынын айтады
Мағынаны ашу:
«Туған жер туралы жыр» ертегісін түсіндіру.
Оқулықпен жұмыс (тізбектей оқу)
Сөздік жұмыс (дәптерге жазу)
Әсілі – тегінде , шамасы
Император - мемлекет билеуші
Ұжмақ – жұмақ, рахат өмір
Ғұлама данагөй – оқымысты, білімді адам
Нөкер – император көмекшісі
Зындан – жерастындағы түрме
Құстарға біз ұқсайық.
Қане қанат жазайық.
Ұшып-ұшып алайық.
Орнымызға қонайық.
Болжау,әрі қарай не болады деп
V Ой толғау
-Бұл жер –құсымыздың туған өлкесі екен,-дейді император.
-Үле жыл көрмеген елі есіне түсті.
-Құсты қою беріңдер,-деп бұйырады.
VI Үйге тапсырма : 302-304 бет оқу ,мазмұнын айту.
VII Бағалау:өзін-өзі бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |