Сабақ Тақырыбы :[Р] дыбысын буында,сөзде және сөйлемде бекіту



Дата12.12.2023
өлшемі15,07 Kb.
#196437
түріСабақ
Байланысты:
Жеке логопедиялық сабақ
8.M 2. Lesson 4, 3D панорама және виртуалды тур практикум, topt k zhum s taps rmalar-002, өлкетану райхан, МПФ УМК 2019 (БГПУ), HTML, HTML

Жеке логопедиялық сабақ
Тақырыбы:[Р] дыбысын буында,сөзде және сөйлемде бекіту
Сабақтың мақсаты:
а) Түзете дамыту: Артикуляциялық жаттығуларды және ұсақ моторика
жаттығуларын дамыту.[Р], дыбысын салыстыра отырып буында, сөзде,сөйлемде дұрыс, анық айтуға үйрету, фонетикалық есту қабілетін жетілдіру. Сабақта АКТ-ны тиімді қолдану.
ә) Тәрбиелігі: Оқушыны достыққа, татулыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:Оқушы «Л» дыбысын дұрыс ажырата білуге,жазба жұмыстарында қатесіз жазуға үйренеді.
Көрнекіліктер: Магнитті әріптер, буын топшамалары, суреттер ,қосымша Интерактивті тақтада «Р», «Л» дыбыстарының артикуляциялық профилі
Сабақ жоспары:
1.Артикулияциялық жаттығу
2.Дем шығару жаттығуы
3.[Р] дыбысының артикуляциясына жаттығулар
4.Сергіту сәті
Ұйымдастыру кезеңі:
1.Артикулияциялық жаттығулар
«Пілдің тұмсығы» - еріндер біріктірілген және алға қарай қатты созылады
«Тізімізді тазалаймыз» - Бала, ерінің күлген секілді жасап, тілімен төменгі тістерінің ішкі жағынан, сосын үстіңгі тістерін тазалағандай қимылдар жасату.
«Сағат» – тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап қозғау керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек.
«Алтыбақан» – жіңішке тілді ауыздан шығарып біресе мүрынға созып, біресе иекке созу жаттығуды жасағанда ауыз ашық болу керек.
«Кесе» - ауыз кең ашық. Жалпақ тілді жоғары тіске қарай көтеріп 10-15 секунд ұстап тұру керек. Бірақ тіл тіске тимеуі керек
«Жаңғақ» - ауызды жауып, оңға - солға тілдің ұшымен беттің бұлшық етін итеру.
«Ат шауып келеді» – ауызды кең ашып тілді таңдайға жапсыру – айыру немесе таңдай қағу. Аталған жаттығулардан тек әр дыбысқа керекті жаттығулар алынады.
2.Тыныс алу жаттығуы
«Айнаның бетін тазала»
Шарты: айнаны қолға алып, бала айнаның бетін үрлеп булайды. Сосын айна бетін орамалмен сүртіп, тазалайды.
«Қағазды үрлеп ұшыр»
Шарты: бала ақ қағаздарды жеке-жеке үрлеп ұшырады. «Қар жаймен жауып тұр» деген кезде жай ұшырады, ал «боран соғып тұр» деген кезде қаттырақ ұшырады. Мұрынмен терең тыныс алып, ауызбен жай дем шығарады.
«Көпіршікті үрле»
Шарты:Көпіршік суды ауызымен үрлеп, көпіршіктерді ұшырады.
3. [Р] дыбысының артикуляциясына жаттығулар
Трактор оқиғасы
Қызыл трактор күнде таңертең жұмысқа барады. Бірде ол жұмысына бара жатып, жолда бұзылып қалды. Трактор "Трррр, тррр..." деп жүре алмай қалды.
Трактор қандай дыбыс шығарады екен?
Трррр.....
Содан трактор не істерін білмей ұзақ тұрды. Бір уақытта алыстан әндетіп дауысты әріптер келе жатыр екен. Трактор олардың әдемі әндерін тыңдап тұрып қалды. Дауысты әріптер трактормен танысып, оның оталуына көмектесті. Тіпті тракторға ән айтуды да үйретті. Олардың әндерін біз де қайталайық:
[Т] дыбысынан бөлек тек [Р] дыбысын дайындықсыз айту өте қиын. Р дыбысын [ТР] дыбыс тіркесімен айтқан балаға жеңілдеу болады.. Яғни [Т] дыбысы [Р] дыбысын дұрыс айтып үйренуге, тілді таңдайда ұстап тұруға көмектеседі.
ТРа-ТРа-ТРа
аТР-аТР-аТР

ТРо-ТРо-ТРо


оТР-оТР- оТР

ТРы-ТРы-ТРы


ыТР-ыТР-ыТР

ТРұ-ТРұ-ТРұ


ұТР-ұТР-ұТР

ТРу-ТРу-ТРу


уТР-уТР-уТР

"Тыр" буыны бар сөздерді қайталау.
• Ба + тыр • Жыл + тыр • Бас + тыр
• Ша + тыр • Жа + тыр • Тол + тыр
• Бал + тыр • О + тыр • Был + тыр

[Р] дыбысымен тұйық буындарды қайталау.

АР-АР-АР
ӘР-ӘР-ӘР

ОР-ОР-ОР
ЕР-ЕР-ЕР

ЫР-ЫР-ЫР


ІР-ІР-ІР

ҰР-ҰР-ҰР


ҮР-ҮР-ҮР


[Р] дыбысы бар қысқа сөздерді тез бірге қайталау!
• жар • нар • қор • төр • бір
• қар • жер • бар • нұр • жыр
• тар • тер • тор • сұр • қыр
• шар • бор • мөр • кір • сыр
4.Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық.
Қолды алға созайық.
Алақанда бір ашып,
жұдырықты бір түйіп,
Шапалақтап соғайық.
5.Қорытынды.
Бүгінгі сабағымызда қай дыбыстарды салыстырып, ерекшеліктерін білдік ?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет