Сабақ тақырыбы С. Сарғасқаев «Тәмпіш қара»



Дата18.02.2017
өлшемі62,44 Kb.
#9868
түріСабақ
Бабаджанова Ақжарқын Усербайқызы

163 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет



пәнінің мұғалімі.

Қызылорда облысы. Жаңақорған ауданы.

Сабақ жоспары
Әдебиет

Сыныбы:

Күні:

Сабақ тақырыбы

С. Сарғасқаев «Тәмпіш қара» повесінен үзінді

Сілтеме

Жоспар


Жалпы мақсаты


С. Сарғасқаевтің кім екенін, «Тәмпіш қара » әңгімесінің желісін білу.



Күтілетін нәтиже



  • Сансызбай Сарғасқаевтың «Тәмпіш қара» повесінің үзіндісін оқыту арқылы соғыстан кейінгі жылдардағы ауыл тұрмысы, ондағы балалар өмірі, пионерлерге тән асыл қасиеттер туралы таным-түсініктерін, білім дағдыларын қалыптасады, шығарманың тақырыбы мен идеясын, сюжеті мен композициялық құрылымын меңгереді;

  • Повестегі Ертай, Шаншатай, Бейсекүл образдары арқылы жас буындар патриоттық рухта тәрбиеленеді; жақсыны үйреніп, жаманнан жиренуге ұмтылады;

  • Теориялық білімдерін практикамен ұштастырып, шығармаға сатылай кешенді талдау жасайды, повесть кейіпкерлері табиғатына талдау жасап, өзіндік ой-пікірлерін ортаға салады;


Негізгі идеялар


“Тәмпіш қара” повесі отызыншы жылдардағы ауыл
өмірі суреттеледі. Басты кейіпкер тәмпіш қара  Шаншатай.. Повесте 
Шаншатайға тән әдептілік,ұқыптылық,еңбексүйгіштік 
қасиеттер көрінсе, Ертай бойындағы өнерге 
құштарлық, дүниені бала көзімен қабылдау қасиеттері 
танылады. 


Ресурстар


Ақын портреті, смайлик, оқулық


Тапсырмалар


Топпен жұмыс: постер қорғау, «Топтастыру», «Ой қозғау»

Жеке жұмыс: “Шығарма кестесін толтыру” стратегиясы, эссе жазу.





I. Ұйымдастыру кезеңі 2 минут

Сергіту сәті, топқа бөлу



II. Үй тапсырмасын пысықтау. 1. Б. Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы» әңгімесі

А) «Ер есімі – ел есінде» эссе жазу. Қызылорда облысы бойынша ҰОС-на қатысқан ардагерлер жайында біліп келу


В) «Сен құрметте оны қарағым» өлеңінің идеясы не туралы?
Г) Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қазіргі таңда қандай құрмет көрсетіліп жатыр?

III. Жаңа сабақ. Ой қозғау. Сансызбай Сарғасқаев 29.04.1925 жылы Жамбыл
облысы, Красногор ауданы, Шарбақты селосында дүниеге келген. * Қазақ кеңес жазушысы, Ұлы Отан соғысына қатысқан. * 1942 - 1943 жылдары аудандық Красногоршы» газетінде жауапты хатшы;
* 1949 - 1972 жылдары «Қазақстан пионері», «Лениншіл жас» газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактор; «Жұлдыз» журналында жауапты хатшы болды. Көркем туындылары 1949 жылдан жариялана бастады. Шығармалары негізінен жас жеткіншектерге арналған. Повестері мен әңгімелері: «Достар» (1952), «Бір отрядта» (1953), «Сәуленің жаңа достары» (1954), «Бір көшенің бойында» (1961), «Сынған тіс» (1963), «Шындық» (1964), «Көңілді балалар»
(1966), «Тәмпіш қара» (1971) Романдары: «Ұстаз» (1979), «Сұлутөр» (1983)
Жазушының көптеген шығармалары орыс және басқа да туысқан халықтар тілдеріне аударылған. С.Сарғасқаев қазақ балалар әдебиетінің қаламы қайратты көрнекті өкілі ретінде өмірінің соңғы кездеріне дейін балалар баспасөзіне белсене атсалысып тұрды, жас әдебиетшілердің аяқтануына қамқорлық көрсетіп отырды. Қазақ Республикасының Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен наградталған.

 “Тәмпіш қара” повесі отызыншы жылдардағы ауыл өмірі суреттеледі.


Повесть 9 бөлімнен тұрады.
Бөлімдері:
1. «Танысу»
2. «Тілеп алған азап»
3. «Әзілі ме, шыны ма?»
4. «Өкініш»
5. «Теке қарт»
6. «Не болды бізге?»
7. «Бұдан кейінгі күндерде …»
8. «Ойламаған жерден»
9. «Үш күн қалғанда»

ІY.Көркем мәтінмен жұмыс “Тәмпіш қара” повесі отызыншы жылдардағы ауыл
өмірі суреттеледі. Басты кейіпкер тәмпіш қара  Шаншатай.. Повесте 
Шаншатайға тән әдептілік,ұқыптылық,еңбексүйгіштік қасиеттер көрінсе, Ертай 

бойындағы өнерге  құштарлық, дүниені бала көзімен қабылдау қасиеттері  танылады. 

Шығарманың негізгі ойы — жас жеткіншектерді адамгершілікке,шыншылдыққа, қайырымдылыққа тәрбиелейді 

V «Венн диаграммасы» Жеке жұмыс Шаншатай Қожа Пионер

VI. Топпен жұмыс «Ой ашар» Шығармада қандай мақал-мәтелдер кездеседі және
оны қай кейіпкер айтқан? Осы суреттеуде теңеу қолданылған ба? Үзіндіден Шаншатайдың портретін суреттейтін жерін кім тауып оқып бере алады?

Шығарманың негізгі ойы — жас жеткіншектерді адамгершілікке,шыншылдыққа, қайырымдылыққа тәрбиелейді.



VII Шығарманың композициялық құрылысына талдау:

Басталуы. Шаншатайдың ауылға келуі, ауыл балаларымен танысуы..

Байланысуы.Шаншатай Ертайдың суретші екенін білуі,екеуінің айырылмастай дос болуы.

Шиеленісуі.Мектеп оқушыларының қырман даласына көмекке баруы,түрлі ойын-сауық ұйымдастырулары, Шаншатай ауыл балаларының газетке деген қызығушылықтарын оятуы.

Шарықтау шегі.Оқушылардың өз мақалаларын оқу үшін Теке қарттың үйіне іздеп баруы, Шаншатай мен Иманбектің төбелесуі, Иманбектің одан кешірім сұрауы.

Шығарманың шешімі.Ертайдың салған суретінің «Октябрь балалары» газетіне шығуы.

VIII Жеке жұмыс. Деңгейлік тапсырма

А) Мәтінде кезіккен ойын атауларын теріп жаз.

Б) Повестегі басты және жанама кейіпкерлерді жаз.

В) Мәтіннен Тәмпіш қараның портретін теріп жаз.



VII. Бағалау.

VIII. Үйге тапсырма. С.Сарғасқаевтың «Тәмпіш қара» повесін толық тауып оқу.

“Досы көпті жау алмайды” тақырыбында эссе жазу




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет