Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1В Бүтін көрсеткішті дәреже
|
Күні: 2. 10
|
Алгебра
|
Сынып: 7
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:-
|
Сабақ тақырыбы
|
Санның стандарт түрі
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
7.1.1.1 өте үлкен немесе өте кіші шамаларды жазу үшiн сандарды стандарт түрде жазудың қажеттiлігiн түсiнеді (мемлекет халқының санын немесе молекула өлшемін жазу үшін);
7.1.1.2. санның стандарт түрі ұғымын, оның маңызды бөлігін және ретін біледі;
|
Сабақ мақсаты
|
Санның стандарт түрінің мағынасын түсінеді
|
Бағалау критерийлері
|
Санның стандарт түрі ұғымын, оның мәнді бөлігі мен ретін біледі;
Санды стандарт түрге келтіреді, оның мәнді бөлігі мен ретін анықтайды.
|
Тілдік мақсаттар
|
лексика және терминология
- санның стандарт түрі;
- стандарт түрде жазылған санның мәнді бөлігі мен реті;
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
санды стандарт түрде жазыңыз;
егер санның мәнді бөлігіндегі ондық разрядтың үтірін n бірлікке ... орын ауыстырса, онда 10-ның дәреже көрсеткішіне (көрсеткішінен) ... ;
|
Құндылықтарды дарыту
|
Құрмет; ынтымақтастық; жауапкершілік; шынайлық; функционалдық сауаттылық; өмір бойы білім алу.
|
Пәнаралық байланыс
|
Қарастырылатын бөлім әрі қарай «Көпмүшелер» және «Қысқаша көбейту формулалары» бөлімдерін оқып-үйренуге негіз болады. Дәрежелермен жұмыс істей білу химия, физика саласында, сонымен бірге техникалық есептеулер жүргізгенде қажет. Стандарт түрде жазылған сандар ғылымда үлкен және кіші шамалардың өлшемдерін жазу үшін жиі қолданылады
|
Бастапқы білім
|
Сандардың квадраты мен кубының мәндерін таба алу. Шаршы ауданы мен текшенің көлемін табу формулаларын, аудан мен көлемнің өлшем бірліктерін белгілей білу. Санның разрядтарын білу, сандарға арифметикалық амалдар қолдана білу.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 минут
|
1.Ұйымдастыру кезеңі
2. Тақырыпты анықтау
Оқушыларға сандар ұсынылады:
150 000 000; 0,0000000 005; 0,000 000000 036; 780 000 000 000; 499 000;
Оқушыларға сұрақ:
- Сандарға қарап олардың ерекшеліктері неде екендігін анықтаңдар? (үлкен және кішкентай сандар жазылған)
-Физика, химия және астрономияда үлкен және кішкентай сандармен жұмыс жасау жиі кездеседі
Мұғалім: Сонымен берілген сандарды ыңғайлы етіп жазудың басқа жолы бар. Мұндай сандарды стандарт түрге келтіріп жазу керек.
Сабақ тақырыбы анықталды: Санның стандарт түрі
Сабақ мақсаты мен жетістік критерийлері анықталды. Мұғалім: Ең үлкен сандар мен ең кіші сандар стандарт түрге келтірілген деп айтылады, егер ол түрінде жазылған болса, мұндағы санның реті. Санның реті санның қаншалықты үлкен не кіші екендігін көрсетеді.
|
|
Сабақтың ортасы
Сабақтың соңы
|
Мысал
Сан
|
Санның стандарт түрі
|
Санның мәнді бөлігі
|
Санның реті
|
1057000000000
|
1,057*1012
|
1,057
|
12
|
0,0000000005
|
5*10-10
|
5
|
-10
|
Кестені толтырыңыз
Сан
|
Санның стандарт түрі
|
Санның мәнді бөлігі
|
Санның реті
|
150 000 000
|
|
|
8
|
|
5*10-6
|
|
|
|
3,6*10-8
|
|
-8
|
780 000 000 000
|
|
|
11
|
499 000
|
|
4,99
|
|
Жауап:
Сан
|
Санның стандарт түрі
|
Санның мәнді бөлігі
|
Санның реті
|
150 000 000
|
1,5*108
|
1,5
|
8
|
0,000 005
|
5*10-6
|
5
|
-6
|
0,000 000 036
|
3,6*10-8
|
3,6
|
-8
|
780 000 000 000
|
7,8*1011
|
7,8
|
11
|
499 000
|
4,99*105
|
4,99
|
5
|
1. Стандарт түрде жазыңыз:
1) 760 мм сынап бағанасында, 00 С температурада 1 см3 көлемде газ молекулалар санын 27 000 000 000 000 000 000;
2) Парсек - астронимияда ұзындық бірлігі ретінде алынған өлшем. Егер 1 парсек 30 800 000 000 000 км болса, километр санын;
3) электронды есептеуіш құрал 1 секундта 1000000 амалдар орындайды.
2. Жер шарының беті 510 млн км2 –тан астам ауданды алады. Жердің көлемі 1000 млрд км3 астам көлемді алады. Берілген сандарды стандарт түрде жазыңыз.
3. Жарық жылдамдығы 3*108 м/с тең, Күннен Жерге дейінгі ара қашықтық 1,5*1011 м. Жарық сәулесі Күннен Жерге дейінгі ара қашықтықты қанша уақытта жүріп өтеді. Алынған санды стандарт түрде жазыңыз.
Үй жұмысы: №1.137
|
Шыныбеков Ә.Н. Алгебра 7. «Атамұра» 2017
|