№15-16 Оқу сабағының жоспары
|
Сабақ тақырыбы
|
Ш. Мұртаза өмірі мен шығармашылығы. «Бесеудің хаты» драмасы
|
Модуль /пән атауы
|
Жалпы білім беретін пәндер
|
Педагог дайындады
«01» қараша 2023 жыл
|
Марденова Айман Жетибаевна
|
1. Жалпы мәліметтер
|
Курс: 1
|
Топтар: Web 1-1, Web 1-2, ТХ 1-1
|
Сабақтың түрі
|
аралас
|
2. Мақсаты, міндеттері
|
Шығарманы талдай отырып, идеялық мазмұнын сипаттау, шығармада көтерілген мәселерді анықтау, тақырыбын мен идеясын саралау.
|
3. Күтілетін нәтиже
|
Әдеби шығарманың тұжырымдамасымен жұмыс жүргізу, көркем шығармадағы образ жүйесіне талдау жасау, шығарма үзінділерін саралау, тұжырымдау
|
4. Қажетті ресурстар
|
Таныстырылым
|
5.Бағалау критерийлері
| 1) Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіндіреді; 3) Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралайды; 4) Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы мазмұнымен құрылысымен танысады; |
6. Сабақ барысы
|
Сабақ кезеңдері / уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Студенттің іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың мақсаты мен міндетін қою. Оқушылардың оқу іс-әрекетіне ынталандыру
|
І.Ұйымдастыру кезеңі
(Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, сабаққа дайындығын пысықтау) Оқу мақсаты және күтілетін нәтижемен студенттерді таныстыру.
|
Кезекшімен сұхбат
Жетелеу сұрақтарына жауап береді.
|
|
|
2. Үй тапсырмасын тексеру, білім алушылардың тірек білімдерін жаңғырту және түзету. Білімді өзектендіру
|
II. Алдыңғы білім Оразақын Асқар. «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.
«Миға шабуыл» әдісі арқылы
1. Өлең не себепті «Шетте жүрген бауырларға» деп аталған?
2. Ақын шетте жүрген қандастарды неге атажұртқа оралуға шақырды?
3. Шетелдегі қандастар туралы қандай мәліметтер білесіздер?
|
Оразақын Асқар. «Шетте жүрген бауырларға» өлеңін жатқа айтады.
|
|
|
Сабақтың ортасы
|
3. Жаңа білімді игеру
|
Ой қозғау «Жұт » сөзін қалай түсінесіңдер? «Болжау стратегиясы».
Қызығушылықты ояту
https://www.youtube.com/watch?v=VpHCmOb1jBQ
Ашаршылық қай жылдары болды?
Қазаққа ашаршылық қалай келді?
Мағынаны тану
Шерхан Мұртаза кім? Қандай шығармаларымен таныссыңдар? Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» атты драмасына арқау болған — ел басына түскен азапты күндер, қолдан жасалған аштықтан қырылған екі миллион халықтың тағдыры. Драматург сол кездегі өкімет басшыларымен, оның қасындағы жандайшаптардың бейнесіне жан бере суреттейді. Әр кейіпкер өзінің сөзі арқылы танылып жатады.Қасіретті қолдан жасап отырған Сталиннің теріс саясатын, асыра сілтеп отырған Голощекиннің көрсоқырлығын жазушы Ғ.Мүсірепов (негізгі кейіпкер) ашына жеткізеді. Ш.Мұртазаның драматург ретіндегі шеберлігінің өзі сонда, ол кейіпкерінің мінез-құлқын ғана ашып қоймайды, оның жандүниесін көрсетеді, оқушы кейіпкердің даусын естиді. Қазақ зиялылары 1932 жылы 4 шілдеде БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф.И. Голощекинге қазақ халқының бастап кешіп отырған трагедиясы туралы хатын жолдады. Бастапқыда бұл хат И.В. Сталинге арналып жазылған. «Бесеудің хаты» деген атпен тарихта қалған бұл хат Республикадағы мал шаруашылығының күйрегендігі салдарынан елді алапат ашаршылық жайлағандығын айтып сақтандырған алғашқы дабылдардың бірі болды.
|
Сұрақтарға жауап береді.
Видеоны көреді, жетелеу сұрақтарына жауап береді.
Мағынаны тану мақсатында қысқаша INSERT әдісі арқылы ақпараттарды түртіп алады.
|
|
|