Сабақ тақырыбы Снарядтағы жаттығулар кезіндегі өзін-өзі реттеу Оқу мақсаттары



Дата18.11.2019
өлшемі51,92 Kb.
#51972
түріСабақ
Байланысты:
1 нұсқа. Снарядтағы жаттығулар кезіндегі өзін-өзі реттеу. Қысқа мерзімді жоспар №33 сабақ

Дене шынықтыру сабағының №31 қысқа мерзімді жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3 бөлім: Құрал жабдықтар арқылы гимнастика дағдыларын арттыру

Мектеп: М. Құрманов атындағы №2 орта мектееп

Күні:18.11.2019ж

Мұғалімнің аты-жөні: Нұрғали Нұржан

Сынып: 6 б

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Снарядтағы жаттығулар кезіндегі өзін-өзі реттеу

Оқу мақсаттары

6.1.4.1. ­ бірқатар дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын түсіну және қолдана білу

Сабақ мақсаттары

­ бірқатар дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын түсіну және қолдана білу

Бағалау критерийлері

­ бірқатар дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын түсіну және қолдана білу.

Тілдік мақсаттар


Композициялық дайындық кезінде жеке, жұптық және топтық гимнастикалық тапсырмаларын көрсете және сипаттай алады.

Мыналарды қамтиды:



  • гимнастикалық снаряд, көтеру орнына қою;

  • мақсат, тәуекел, қауіпсіздік;

  • жылдамдық алу, көпірше жасау, аяқпен серпілу, ұшуға дейінгі қолмен серпіліс, қолмен итерілу, қонуға дейінгі қолмен итеріліп ұшу.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Снарядтарда жаттығулар орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзушылықты болдырмау үшін не істеу керек?

  • Егер сіз сабақ кезінде өзіңізді нашар сезінсеңіз, қолыңыздың терісі немесе жаралардың қызаруы, пайда болса қандай әрекет жасайсыз?

Құндылықтарға баулу

Жеке жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттері, өмір бойы оқу, бір-біріне көмектесу.

Пәнаралық байланыстар

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Алдын ала білімі

Білім алушылар алдыңғы сабақтардан және сабақтан тыс уақыттан алған гимнастика бойныша білімдері мен дағдылары бар.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы (тайм-менеджмент)

0-8мин



Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.
Білім алушылар гимнастикалық қондырғыларда жаттығу жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады. Білім алушылар жүру, жүгіру кезіндегі жаттығуларын орындағаннан кейін, демдерін қалпына келтіріп, дененің барлық бұлшық еттеріне дене қыздыру жаттығуларын орындайды.

Үлкен бос кеңістік.


Сабақтың ортасы

(тайм-менеджмент)

9-22мин


23-34мин


(Ж, ҚБ) Қолды тіреп секіру - биіктігі 100-110см ағаш аттан аяқ екі жаққа көлденеңінен секіру техникасын үйрену үшін келесі дайындық жаттығуларын орындайды:

  • екі қолмен ағаш аттан ұстап тұрып, бір орында көпіршеде секіру;

  • екі қолмен ағаш аттан ұстап тұрып, бір орында көпіршеде секіріп, екі аяқты екі жаққа сермеу;

  • екі қолмен ағаш аттан ұстап тұрып, бір орында көпіршеде секіріп, екі тізені ағаш аттың үстіне қою;

  • екі қолмен ағаш аттан ұстап тұрып, бір орында көпіршеде секіріп, екі тізені ағаш аттың үстіне қойып, ағаш аттың үстіне шығып тұру;

  • екі қолмен ағаш аттан ұстап тұрып, бір орында көпіршеде секіріп, екі тізені ағаш аттың үстіне қойып, ағаш аттың үстіне шығып тұру, ағаш аттан бүгіле аяқты қосып секіріп түсу;

  • жүгіріп келіп гимнастикалық көпіршеден итерілу, екі қолды алға-жоғары көтеріп, екі қолмен итерілген кезде жамбас буынын бүгіп, иықпен қолды көтеріп, аяқты екі жаққа созып, бүгіле аяқты қосып түсу.


Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • Гимнастика сабағындағы қондырғыларда жаттығу жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

  • бірқатар дене жаттығуларының стратегияларын қолданады;

  • қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсінеді.


Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Комбинацияларды орындау кезіндегі реттілікті сақтау қаншалықты маңызды?
(Т, Ж, ҚБ) Сыныпты 2-4 командаға бөліп, гимнастикалық эстафета өткіземін. Әр команданың алдында екі гимнастикалық төсеніштер төселеді. Мұғалімнің белгісі бойынша бірінші ойыншылар гимнастикалық төсенішке дейін жүгірі жетіп, шалқалап жату қалпынан гимнастикалық «көпіршені» көрсетеді. Одан соң гимнастикалық шығыршыққа дейін жүгіріп жетіп қолға алады да жермен дөңгеле алып жүру арқылы конустарға дейін жетеді, кері оралу жолында шығыршықты қолына алып жүгіріп келіп орнына қояды, өзінің командасына жүгіріп келіп эстафетаны келесі ойыншыға жалғайды. Тапсырмаларды тез орындап шыға алған команда жеңіске жетеді. 2-3 рет қайталау.
Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • Жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

  • қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсінеді.


Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Тапсырманы орындау кезінде қандай тактика, стратегияларды қолдандыңыздар?

Үлкен бос кеңістік.

Гимнастикалық ағаш ат, көпірше, маттар.

Гимнастикалық ағаш аттан секіру техникасын үйрену интернет ресурстарына сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=Bs13G1_olbM

Үлкен бос кеңістік. Гимнастикалық маттар, фишкалар, конустар, жалаушалар.


Сабақтың соңы

(тайм-менеджмент)

35-40 мин



Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалау ұсынылады.


Рефлексия парағы

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын барлық білім алушылар түсінеді және түсіндіре алады деп жоспарлап отырмын.
Қабілеті жоғары оқушыларға қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсіндіру кезінде сыныптастарына ақыл-кеңес беруді ұсынамын.

Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады.

Сонымен қатар:

Оқуды бақылау

Сұрақтар мен жауаптар

Өзін-өзі бағалау

Білім алушыларды рефлексиялау арқылы



Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Белгілер:

С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс

Ж = жеке жұмыс Тәж = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет