Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы: Сөйлемге жаттығу жұмысы
Сыныбы: 2 «б»
Сынып жетекшісі: Қайрғали А.
2016-2017 оқу жылы
Күні: 5.12.2016 жыл
Сыныбы: 2 «б» Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сөйлемге жаттығу жұмысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға сөйлем, сөйлем түрлері, тыныс белгілері туралы жалпы түсініктерін кеңейту. Сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылығы: Таным белсенділігін арттыру, ойын, тілін дамыту.
Тәрбиелілігі: Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгіме, топпен жұмыс, әңгімелесу, сұрақ-жауап т.б
Көрнекілігі: суреттер, сызбалар, ойындар
Сабақтың жүрісі:
І Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
-Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше болғалы тұр. Орнымыздан тұрып, бір-бірімізге сәттілік тілейік.
- Аспаның ашық болсын!
- Бүгінгі күнге сәттілік тілеймін!
- Еліміз тыныш болсын!
- Денсаулық тілеймін!
- Бүгінгі сабақта «5» ал!
-Бұл сөйлемдерді қалай айттыңдар?
-Ерекше сезіммен, қуанышпен айттыңдар!
- Адамның көңіл-күйін, сезімін білдіретін сөйлем қалай аталатын еді?
-Лепті сөйлем!
-Ендеше, балалар, бір-бірлеріңе тілеген тілектерің лепті сөйлемдер екен.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
-Үйге қандай тапсырма берілді?
193-жаттығу. Сөйлемдерге талдау жаса.
Керіктің мойны ұзын.
Бұл-хабарлы сөйлем. Себебі, бірдеңенің жайын хабарлап тұр. Сөйлем соңына нүкте қойылған.
Ура, ертең мектепке барамыз!
Бұл-лепті сөйлем, себебі көңіл-күйді, сезімді білдіріп тұр. Сөйлем соңына леп белгісі қойылған.
Үйді кім салады?
Бұл-сұраулы сөйлем. Себебі жауап алу мақсатында айтылған. Сөйлем соңына сұрау белгісі қойылған.
Нанды неден пісіреді?
Бұл-сұраулы сөйлем. Себебі жауап алу мақсатында айтылған. Сөйлем соңына сұрау белгісі қойылған.
Өте жақсы, балалар! Дәптерлеріңді аша қойыңдар. Үй тапсырмасын тексеріп шығайық.
ІІІ Жаңа сабақ
Балалар, қазір мен 3 топқа 3 жұмбақ жасырамын. Шешуге дайын отырайықшы.
Сөзді құрап, ой тіземін.
Қоя салсаң, бір тары
Жаңалықты жеткіземін. (хабарлы сөйлем)
Мен де сөзден тұрамын,
Сұраулы ойды құрамын.
Өзгеден жауап сұрадым. (сұраулы сөйлем)
Қуану, ренжу, өкіну,
Мақсатым соны сездіру.
Ұранды да айтамын,
Қарқындап барып қайтамын. (лепті сөйлем)
Өте жақсы, балалар! Бүгінгі жаңа сабағымызда «Сөйлемге жаттығу жұмысын» жасаймыз.
Бүгінгі күннің жады мен сабақтың тақырыбы тақтаға жазылады.
Балалар, оқулықтағы 198-жаттығуға назар аударайық.
Бағанның сол жағындағы көп нүктенің орнына тиісті сұраулық мәнді сөйлемдер жаз. Екі бағандағы сөйлемдердің бір-бірінен өзгешелігін дәлелде.
Үйді кім салады? - Үйді құрылысшы салады.
Керіктің мойны қандай? - Керіктің мойны ұзын.
Дәрігер ауруды не істейді? - Дәрігер ауруды емдейді.
Балалар, сөздерге бұл сөйлемдерге үш сұраулы сөйлем жазуға болады.
Үйді кім салады?
Нені құрылысшы салады?
Үйді құрылысшы не істейді?
Керіктің мойны қандай?
Ненің мойны ұзын?
Керіктің несі ұзын?
Дәрігер ауруды не істейді?
Кім ауруды емдейді?
Дәрігер кімді емдейді?
Оқулықтағы 195-жаттығуға қарайық. Өлеңді оқып, сұраулы және лепті сөйлемдерді тап.
Өзі сондай ұнады,
Кімдер салған,
Кімдер мұнда тұрады?
Біз салғанбыз,
Біз тұрамыз, балалар!-
Деп шуылдап
Жауап берді аралар.
Сұраулы, лепті сөйлемдерді табайық.
Кім сұраулы сөйлемді оқиды?
Кім лепті сөйлемді айтады?
Балалар, біздер бал арасын білеміз бе? Дүниетану пәнінен «бал арасы» туралы 1-сыныптан таныспыз. Қазір тақтаға назар аударайық.
Интерактивті тақтадан «бал арасы» туралы видео көрсетіледі. (2 минут)
Балалар, 3 топқа мынадай тапсырма беремін.
1-топ: «Аралар» сөзінде неше буын, неше тасымал барын анықтау. «Аралар» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Аралар- 6 дыбыс, 6 әріп
А-ра-лар 3 буын, 1 тасымал
А-дауысты, жуан
Р-дауыссыз, үнді
А-дауысты, жуан
Л-дауыссыз, үнді
А-дауысты, жуан
Р-дауыссыз, үнді
2-топ: «Ара» немесе «Бал арасы» туралы мәтін жаза қойыңдар.
3-топ: Ара сөзіне «Бес жолды өлең құрастыру»
Ара
Қанатты, ала
Ұшады, қонады, шағады
Ол гүл шырынымен қоректенеді
Жәндік
Сергіту сәті
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілі.
- Шаршасақ, орнымыздан тұрып, «Қыс» туралы өлеңімізді айтайықшы.
Аязды келіп қыс,
Алғашқы қар ұшты.
Аппақ боп үстіміз,
Ақ қырау жабысты.
Зырлайды шанамыз,
Біз зерек баламыз.
Жақсы оқы сабақты,
Тек «бестік» аламыз!
Оқулықтағы 196-жаттығуға назар аударайық. Берілгенін кім оқиды.
Мың мін бойында кімнің?
Жалқаудың бойында мін мың!
(Қадыр Мырза Әли)
Ақын жазушы қоғам қайраткері
Қадыр Мырза Әли
50-ден астам кітаптың авторы 1935 жылы дүниеге келген
Жалқаулық қандай қасиетке жатады? Жақсы ма? Жаман ба?
Жаман қасиеттер:
Ақымақтық
Тәкапарлық
Өтірікші
Қызғаншақтық
Мейірімсіздік
Өркөкіректік
Қатігездік
Жалқаулық
Оқушылар, енді осы жұмбақты 2-3 рет оқып, оқулығымызды жауып жатқа жазайық.
Жазып болдыңыздар ма?
Енді тексеру үшін әрқайсысың өздеріңнің жандарыңда отырған оқушымен дәптерлеріңді бір-біріңе беріп тексересіздер.
Балалар, енді мен 3 топқа тапсырма беремін.
1-топ: Берілген сызба бойынша сөйлем құра.
?
.
!
.
2-топ: Берілген сөздерден сөйлем құрап жаз.
Аяғын, басады, әрең, құлыншақ.
Адамға, пайда, құстар, келтірееді, көп.
Үйлер, көрінді, биік, алыстан.
Бар, кітаптар, қызық, кітапханада.
3-топ: Сөйлемдерді суреттерді пайдаланып, сөйлемдер құра.
Менің бар. Ол күзетеді. Ол жегенді ұнатады. Біз оған шуақ деп ат қойдық. шуақ жау. Мысық түбінде ұйқтайды. шуақ
үйшікте ұйықтайды.
Оқулықтағы 198-жаттығуды кім оқиды? Таңдануды, қуануды білдіретін лепті сөйлемдер тауып айт!
Достарыңызбен бөлісу: |