Сабақ тақырыбы: Түбір мен қосымша Жалпы мақсат



Дата04.07.2018
өлшемі20,46 Kb.
#46398
түріСабақ




Қазақ тілі

3 «в» сынып


Сабақ тақырыбы:

Түбір мен қосымша

Жалпы мақсат:

Жұрнақ пен жалғаудың өзіндік белгілері туралы түсінік беру.Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру. Түбір сөзге алдымен жұрнақ содан кейін жалғау жалғанатынын аңғарту. Ұжымда өзін - өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру.Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.

Сілтеме:

Қазақ тілі оқулығы. Авторлары : Б.Т. Қабатай С.Р. Рахметова

Оқу нәтижесі:

Жұрнақ пен жалғауды бір-бірінен ажырата алады, ойын ашық айтады,сыни ойлау дағдысы қалыптасады.

Түйінді идея:

Түбірге жұрнақ содан соң жалғау жалғанады.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Слайд ,кесте, суреттер, қималы карточкаларды пайдалану,смайликтер

Оқыту әдістері:


Оқытудың жаңа әдістер: сұрақ- жауап, диалог;

Сын тұрғысынан ойлау.: Ой шақыру, Ой толғау, топтастыру, венн диаграммасы, семантикалық карта пайдалану.



Оқытудың түрлері

топтық, жұптық жұмыстар арқылы өткізу

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті
Бүгін бізде қуанышты күн.Адам күнделікті өмірде, балалар деніміздің саулығына, аман-есен бір-бірімен қауышқанына, аспанымыз ашық, бейбіт елде өмір сүріп жатқанына қуану керек екен. Біз де сол таңертең ата-ананың қасында оянып, осында келгенімізге қуануымыз керек. Олай болса мен сендерге қуаныш тілей отырып сабағымызды бастаймыз.

Оқушының іс-әрекеті
Орнымыздан шеңберге тұрып айту.
Қуанамын мен де
Қуанасың сен де
Қуанайық достарым
Арайлап атқан әр күнге.




2. Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау.





Топқа бөлу

Сөздер арқылы топтасу

Түбір, жұрнақ, жалғау

ІІ. Үй тапсырмасы

Түрткі сұрақтар

Мұғалімнің іс-әрекеті

294- жаттығу Ребусты шешу,шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құрау


Ө­ткенді пысықтау
Сөз құрамы нешеге бөлінеді?
Қосымша нешеге бөлінеді?
Жұрнақ дегеніміз не?
Жалғау дегеніміз не?
Түбір дегеніміз не?


Оқушының іс-әрекеті
Жұптық жұмыс. Бір –бірін тексеру ,бағалау

ІІІ. Мағынаны тану

Ой қозғау


Мұғалімнің іс-әрекеті.

. Сөз құрамы

Түбір Қосымша

Жұрнақ Жалғау



Оқушының іс-әрекеті
Өздері ережені қорытындылайды


Оқулықпен жұмыс


Көркем жазу сәті
Оқулықпен жұмыс


Топтық жұмыс

Сергітусәті


Тақтамен жұмыс

Топпен жұмыс

Көркем жазу сәті.
Жұмбақ; Қыста жер бетін жабады,ал көктемде су болып ағады. (Қар)
Тоңғақты таниды,беті-қолын қариды.(Аяз)
Олай болса балалар, бір жолға қар, аяз деп әдемілеп жазайық.
(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі). Көркем жазу жазамыз. .(Әдемі, таза жазған оқушыларды мадақтаймын.)
297-жаттығу (Ауызша)
1-топ Мәтінді рөлге бөліп оқу. Ұлуға сипаттама беру
2-топ. Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдау
3-топ. Ұлу туралы әңгімелеу.
298 - жаттығу. Өздік жұмыс

Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып ,көшіріп жазу.


Сергіту сәті
«Аққала» құрастыру ойыны
Сұрақтарға жауап беру арқылы аққала құрастырады
299-жатттығу Сөздерге жұрнақ пен жалғауды қатарынан жалғау.
1-топ Мал.......................... Малшылар
2-топБіл.......................... Білгіштер
3-топ Ұш........................ Ұшқыштар
Бүгінгі жаңа сабақтың ережесін оқушылар өз беттерімен қортындылап өз ойынан шығарады.
«Кім тапқыш ?» ойыны
Суреттегі заттың атауына жұрнақ немесе жалғау жалғап айту
1-топ Берілген сызба бойынша қосымшалы сөздер тауып жазу.
2-топ Топтастыру . Түбір сөзге қосымша жалғау.
3-топ Семантикалық картамен жұмыс


3 топта бірлесе орындайды
Жұмбақтарды шешеді.
Көркем жазу жазады.

I-топ : Оқиды, ұлуға сипаттама береді II-топ Жалғауларды табадыIII-топ: Ұлу туралы білетіндерін әңгімелейді.

Жалғау жалғап сөйлемдерді көшіріп жазады.
Әр топ кітап туралы мақал-мәтел айтады
Ауызша сұрақтарға жауап береді, ережелерді айтады

Оқушылар жаттығуды өз бетімен тақтада орындайды.


Түбір сөзге бірінші жұрнақ,сосын жалғау жалғанатынын айтады.

Оқушылар қосымшалы сөздер тауып айтады.












қобызшы

көл

малға

жұрнақ

жалғау

Қай сөзге жұрнақ жалғанды






















Жұрнақтыңбелгісі






















Қай сөзге жалғау жалғанды






















Түбір сөзді тап






















Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша
























Кері байланыс

ВЕНН диаграммасын толтыру

Жұрнақ пен жалғауды салыстыру



Ойларын айта отырып, жұпта топта талдайды.

IV.Үйге тапсырма


Мұғалімнің іс-әрекеті

301-жаттығу Нұсқау беру

Оқушының іс-әрекеті

«Медеу мұзайдынында» тақырыбына әңгіме құрау

VI. Бағалау (5 мин)

Бағдаршам арқылы
Смайликтер арқылы


Бағалауға қатысу


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет