Сабақ тақырыбы Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



Дата07.02.2022
өлшемі161 Kb.
#97198
түріСабақ

Қысқа мерзімді жоспар



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Перпендикуляр және көлбеу. Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш

Мектеп: Қарақұм орта мектебі КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:
Тэтбенова А

Сынып: 10

Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы

Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

10.3.2 түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш анықтамасын біледі және сызбасын салып, бұрыштың мәнін табады;

Сабақ мақсаттары

Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш анықтамасын білу; Сызбасын кескіндей алу; Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыштың мәнін табу.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:
Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш анықтамасын біледі, түсінеді; Сызбасын кескіндей алады; Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыштың мәнін табады.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология
Түзу мен жазықтықтың орналасуы, параллель түзулер, айқас түзулер, қиылысатын түзулер, түзулер арасындағы бұрыш, тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышы....

Құндылықтарды дарыту

Бір-бірін тыңдау, кезекпен сөйлеу, өз ойын нақты жеткізу, дәлелдер мен мысалдар келтіру, өздігінен үйренуге талпыну, академиялық шыншылдық, топтық және жұптық жұмыстарда ашық болу.

Пәнаралық байланыстар

Сызу, қазақ тілі

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаны қолдану дағдысы

Бастапқы білім



Түзулер арасындағы бұрыш, параллель түзулер ұғымы, перпендикуляр түзулер, көлбеу және проекция туралы қғымдар және айқас түзулер арасындағы бұрыш.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы
3 минут

1. Сыныпты ұйымдастыру.

  1. Оқушылармен сәлемдесу. Сынып тазалығына назар аудару. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың үй тапсырмасын тексеремін, сұрақтары болса бірге талқылаймыз.

2. Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлерін оқушылармен бірге талқылау.

Погорелов А.В. геометрия


7 – 11 сынып оқулығы.

1 – 4 слайд





Сабақтың ортасы


Ұ
5 минут


ТЖ
20 минут

ЖЖ
14 минут





Сабақты өткен тақырыпты қайталау мақсатында ауызша тапсырмадан бастаймын.
І. Ауызша тапсырма
А нүктесінен α жазықтығына АА1 перпендикуляр және АВ көлбеу жүргізілген. ВА1 – көлбеудің проекциясы.

  1. АВ = 5 см, АА1 = 4 см болса, ВА1 –ді;

  2. ВА1 = 6 дм, АА1 = 8 дм болса, АВ -ны;






Өткен тақырыпты қайталап болғаннан кейін, есептер шығаруды бастаймыз.
1 тапсырма.
Ұзындығы 10м-ге тең кесінді жазықтықты қияды, оның ұштары жазықтықтан 3м және 2м қашықтықта жатыр. Берілген кесінді мен жазықтық арасындағы бұрышты табыңыз.

АВ=10см; АР=2см.
ВD=3см; BOD -?
BC=BD+DC=2см+3см=5см
BAC= BOD=
=sin ; sin =
=300; BOD=300 Жауабы: 300

2 тапсырма.


А нүктесі жазықтықтан 18 см қашықтықта жатыр. Осы нүктеде өтетін және жазықтықпен 600 бұрыш
жасайтын көлбеудің ұзындығын табыңыз.

AD=18, AKD=600
AK-?

AK=18 Жауабы:

3 тапсырма.


АВ кесіндісі а жазықтығын қияды.С нүктесі АВ кесіндісінің ортасы. А, В және С нүктелері арқылы жазықтығын М, К және Р нүктелерінде қиятын параллель түзулер жүргізілген.
Егер АM= , BP = дм болса, СK кесіндісінің ұзындығын табыңыз.

BN= BP+PN


BN= + дм= 4 дм
АВN үшбұрышының орта сызығы- CD.
СD=BN:2=2
CK=CD-KD=2 - = . Жауабы:

5 – 10 слайд


Сабақтың соңы
Ой толғаныс
3 минут

1. Жинақтау. Оқушылар өздері сұрақтар құрастыру арқылы «иә» немесе «жоқ» стратегиясы арқылы жауап беру.
2. Бағалау. Оқушылар өзін-өзі ауызша критерий бойынша бағалайды.
3. Оқушыларға мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі.
4. Үйге тапсырма: теорияны оқып келу және төмендегі тапсырмаларды орындау:
Үйге тапсырма
1. Жазықтықтан а қашықтықтағы нүктеден, жазықтықпен 300 бұрыш жасайтын екі көлбеу жүргізілген, олардың проекциялары 1200 бұрыш жасайды. Көлбеулер ұштарының ара қашықтығын табыңыз.


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Сараланған тапсырмалар жұптық жұмыста және үй жұмысының тапсырмаларында көрсетілген.

Меңгерілген білімдерін тексеру үшін жұптық жұмыс жүргізіледі.

Оқу процесінің күйзеліс түзуші факторларын алып тастау мақсатында әр оқушы өзін еркін ұстауына, көңіл күйінің көтеріңкі болуына жағдай туындатамын.

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?







Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:


2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:


2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?













Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет