Топтық жұмыс және веб-параққа графикалық нысандарды және анимацияларды орналастыру барысында ұғымдарды дұрыс пайдаланады.
Пәндік лексика және терминалогия Веб-парақ – Веб-страница - Web-page Графикалық нысандар - Графические объекты - Graphic objects Анимация орналастыру - Размещение анимации - Animation placement Файл форматы - Формат файла - File formats
Құндылықтарды дарыту
Жеке тапсырмаларды орындау кезінде бастамашы, креативті және шығармашыл тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған дағдылық құндылықтар жүзеге асады.
Пәнаралық байланыстар
Ағылшын тілі, орыс тілі терминалогия, сызу.
Бастапқы білім
Веб-сайттың алғашқы парағын құрып, құру жолында, негізгі тегтерін қолданып, мәтіндерді пішімдеп, қарапайым дизайн құру амалдарын қолдана алады.
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері:
Сабақта орындалатын іс-әрекеттер
Ресурстар
Сабақтың басы
0-5 мин
Психологиялық хал-ахуал тудыру.
Сыныпты «Графикалық фигуралар» әдісімен 2 топқа бөлу.
6-15 мин
«Миға шабуыл» әдісі Постер қорғаймыз Оқушылар, өткен сабақта веб-сайт құрдық, енді бүгінгі сабақта веб-парақта графика орналастыруымыз керек, қалай ойлайсыңдар, жұмысты неден бастауға болады?
Әр топ өзінің веб-парағына атау беріп, сурет кірістіреді, GIF анимация орналастырады.
Презентация
Үлестірме материалдар
Информатика 10 сынып оқулығы
Сабақтың ортасы
16-21 мин
Тапсырма
Топтық жұмыс Әр топ суреттің форматы мен сипаттамасына сүйене отырып, сурет атрибуттарын табады.
Сурет атрибуттары
Форматы
Сипаттамасы
ALT=''Сурет''>
Егер сурет көрсетілмесе, онда оның орнына сурет атауы жазылады немесе сол сурет жөнінде мәлімет беріледі.
BORDER=''3''>
Суретті қоршап тұрған жақтау сызығының (шегарасының) қалыңдығы пиксельмен беріледі.
ALIGN=''TOP''>
Мәтінге байланысты суреттің орналасуы көрсетіледі:
TOP - жоғары,
BOTTOM - төмен,
MIDDLE - ортада,
LEFT - сол жақта,
RIGHT - оң жақта түзетілген.
HEIGHT=''111''>
Браузер терезесінің ішіндегі суреттің биіктігін (тігінен өлшемін) пиксельмен немесе терезе биіктігінің пайызымен береді.
WIDTH=''210''>
Браузер терезесінің ішіндегі суреттің биіктігін (көлденең өлшемін) пиксельмен немесе терезе енінің пайызымен береді.
VSPACE=''8''>
Суреттің жоғарғы және төменгі жақтарындағы бос аймақ мөлшерін пиксельмен береді.
HSPACE=''8''>
Суреттің сол және оң жақ шеттеріндегі бос аймақ мөлшерін пиксельмен береді.
Дескрипторы:
-Сурет атрибуттарын анықтайды.
ҚБ: бірін-бірі бағалайды; СТ: Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болатыны ескеріліп саралаудың диалог және қолдау көрсету тәсілі қолданылады.
Презентация
Үлестірме қағаздар
Өздік жұмыс
22-36 мин
Тапсырмалар Ө, Ж
Оқушыларға тапсырма таратылып беріледі. Алдымен жекелей орындалу қадағаланып, соңынан нәтижемен бөлісу қажет.
А.Тапсырма. Берілген форматтарды тиісті орындарына орналастырыңыз.
Растрлық кескін форматтары
Векторлық кескін форматтары
WMF, BMP, GIF, CDR, TIFF, PNG, EPS, JPEG.
Дескрипторы:
-Растрлық кескін форматына қандай кеңейтілулер жататынын ажыратады .
-Векторлық кескін форматына қандай кеңейтілулер жататынын ажырата алады.
Б.Тапсырма Әр оқушы өткен сабақта өз веб-парағын құрды, бүгінгі сабақта әр оқушы өзінің веб-парағына сурет кірістіреді.
Сурет кірістіру
IMG тегі- суретті кірістіру үшін қолданылады
< /BODY>
Дескрипторы:
-Веб-параққа сурет кірістіре алады.
В тапсырма. Әр оқушы өз веб-парағына анимация орналастырады.
Дескрипторы:
-Веб-параққа анимация орналастыра алады.
ҚБ: бірін-бірі бағалайды; СТ: Оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болатындығы қадағаланады, тапсырмалар жеңілден қиынға қарай беріліп саралаудың қорытынды және тапсырма тәсілі қолданылады.
« Графикалық фигуралар» әдісі бойынша стикер жабыстырады.
Презентация
Таратпа материалдар
Қосымша ақпарат
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?
Бағалау – Оқушылардың веб-парақтағы графиканы қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?
Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік ережелері. АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)
Постер қорғау кезінде "Миға шабуыл" әдісі қолданылды.
Диалог және қолдау көрсету тәсілі бойынша, оқушыларға тапсырманы орындау барысында көмек көрсетілді.
Мұғалім оқушыларды ойланту және бірқатар жауаптар алу үшін, алдын ала дайындалған сұрақтарды қойды. Бұл әдіс кезінде сөзбен қолдау көрсетіліп, ынталандырылды.
Жеке тапсырма орындауда саралаудың қорытынды тәсілі қолданылды. Себебі, оқушылардың орындау деңгейі әр түрлі болды. Оқушыларға дұрыс жауап беріліп, олардың әрқайсысы өздерінен күткен нәтижелерімен танысты.
Оқушылар бір-бірінің жұмыстарын талқылайды бағалау критерийлері ескеріліп, "Графикалық фигуралар" әдісі бойынша бағалайды.
Дағдылар: Білу және түсіну, орындай алу.
Сабақ барысында көзге жаттығу жасалады.
Топтық жұмыс барысында бірін-бірі тыңдау, өзара құрмет көрсету туралы ескертіліп отырады.