Сабақ тақырыбы: Зар заман поэзиясы. Қазақ әдебиеті тарихындағы зар заман ағымы. Зар заман поэзиясындағы негізгі сарын



бет1/2
Дата12.11.2023
өлшемі45 Kb.
#191098
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
9. hih g.-g kazak adebietinin tarih pani boi nsha 9 taps rma


9 практикалық сабақ тақырыбы: Зар заман поэзиясы. Қазақ әдебиеті тарихындағы зар заман ағымы. Зар заман поэзиясындағы негізгі сарын


Сабақ жоспары:
1. Зар заман әдебиетінін айтулы өкілдері.
2. Зар заман – қазақ әдебиетінің ауызшадан жазбашаға ойысқан өтпелі кезеңнің әдебиеті.


Сабақтың мақсаты: XIX ғасырдағы әдеби мұраны қазақ әдебиетінің бай тарихын әдебиет теориясы, әдеби сын аясында ала отырып, сол мұрамен сабақтастықта қарастырып, ғылыми негіздер жөнінен жүйелеп танысу; бұрын-сонды жасалған, тиянақталған зерттеу проблемаларын меңгере отырып, әдебиет тарихы мәселелерін әрі қарай карастыру, ғылыми негіздерді тарату, ашу, айғақтау, бекіту.
XIX ғасырда жаңа сапаға көтеріліп, түрлі жанрда жасаған бай әдеби мұраны көркемдік арналар, жаңа мән, сипаттарға ойысудың беталыс, бағдарлары, көркем ойдың даму заңдылықтары тұрғысынан ғылыми негіздеуді жетілдіру, жандандыру.
Студентерге өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалар: (мына сұрақтар мен тапсырмаларды жазбаша түрде орындау қажет):
1. М.Әуезовтің қазақ әдебиеттану ғылымында зар заман ағымының ғылыми негіздемесін жасаудағы орны.
2. Зар заманды жүз жылдық дәуірдің әдебиеті деп атап, оның туын тікелей орыс отаршылдығымен байланыста қарастыруы. Оның зар заманды үш кезеңге: әлеуметшілдік, ісшілдік, дін мен мәдениет иісі шыққан кезеңдерге бөлуі.
3. Зар заман сарынының күшейген тұсы қазақ жерінің отаршыл жер отарына айналған кезеңі (1867 жылдан кейінгі) деп атап көрсетуі. Зар заманның әдеби ағым есебіндегі көркемдік негіздемелерін тұжырымдауы.
4. С.Мұқановтын зар заман әдебиетіне байланысты айтқандары. Зар заман әдебиетінің зерттелу тарихындағы саяси негіздемелер. Оның қилы қалыпта бағалану, танысу тарихы.


Сызбалар, тапсырмалар және ситуациялар (мына тапсырмаларды жазбаша түрде орындау қажет):
1. Зар заман поэзиясының негізгі сарын, көркемдік сипат жөнінен кейінгі кезеңдердегі зерттелу жайы.
2. Зар заман дәуірі әдебиетінің аса көрнекті өкілдері. Шортанбай, Дулат, Мұрат, Шернияз, Әбубәкір, т.б. шығармашылық мұрасының әдебиет тарихындағы орны.
3. B.Радлов, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы, C.Сейфуллин, C.Мұканов, Қ.Жұмалиев, E.Ысмайылов, Ә.Қоңыратбаев, С.Қирабаев, Т.Кәкішұлы зар заман поэзиясы туралы.
4. A.Шәріп, Б.Омарұлы, Қ.Мәдібай, т.б. зар заман ағымының көрнекті тұлғаларының шығармашылық мұрасын қазірге кезеңде зерттеуі.
Блиц-тест (сұрақ нөмірін қойып, жанына дұрыс жауаптың әріпін көрсету керек):

1. Базар ақын неше жасынан бастап шығармашылықпен айналысқан?


А) 14 С) 16
В) 15 D) 17 Е) 18
2. Жауырыны жазық тақтайдай
Жыландай белi бүгiлген.
Қырымнан қара көрiнсе,
Құлағын жұптап үңiлген... Көркем бейнелеудiң қай түрi?
А) теңеу С) метафора
В) эпитет D) метонимия Е) синекдоха
3. Азу тiсi ақсиған,
Ор қояндай қасқиған
Көзi ақықтай сүзiлген
Келiстi келген кермиық? Мына өлең жолдарында кiм суреттелген?
А) сәби бала С) ер жiгiт
В) ару қыз D) қарт кiсi Е) батыр
4. Базар Оңдасұлы Өтемiсовтiң өлеңдерiн анықтаңыз.
А) “Үш қиян”, “Қыз” D) “Қасқыр”, “Райымқұлға”
В)“Жiгiттiк”, “Дүние”, “Не артық”
С) “Бұлбұл”, “Төрелерге” Е) “Үш жiгiт”, “Ноғай мырзаға”
5. Қу қанжыға жүйріктен
Қаба жалды берiк артық.
Жылуы жоқ тымақтан
Баса киген бөрiк артық. Мына өлең жолдары Базар ақынның қай өлеңiнен алынған?
А) “Жиырма бес” С) “Не артық” D) “Азамат”
В) “Бұрынғы дәуiр болмай жүр” Е)“Өлеңнiң аққан көзi едiм”
6. Дүниенi дос көрiп,
Жиғаныңмен тiрнектеп,
Өлгенiңде үстiңе
Киерiң үш қат бөз болар, - деген өлең жолдарында Базар ақын қандай ой түйген?
А) өмiрдiң өтпелiлiгi С) достық туралы Е) өткен өмiр жайлы
В) қанағат қылып, дүниеқор болмау D) киiм жайлы
7. Базар ақынның өмірінің соңғы сәттерінде шығарылған философиялық сарындағы өлеңi қандай?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет