Сабақ түрі : білімді жүйелеу және жалпылау сабағы Сабақ мақсаты : Білімділік



Дата08.09.2017
өлшемі99,64 Kb.
#31299
түріСабақ
Тақырып: «Ағаш материалдары бойынша қорытынды сабақ»

Әдісі: дәстүрлі емес, ойын технологиясы.

Сабақ түрі: білімді жүйелеу және жалпылау сабағы
Сабақ мақсаты:
Білімділік:

  • сабақ барысында ағаш материалдарының пайдасымен зиянын,құрылымы мен құрылысын түсіндіру;

  • ағаш материалдарына тән қасиеттерді игерту;

Дамытушылық:


  • ағаш материалдарын құрылыс жұмыстарына дұрыс пайдалана білуді үйрету, оқушының бойына танымдық,іскерлік ережелерін сіңдіру;

  • ағаш материалдарының әртүрлі қасиеттерін ескере отырып құрылыс обьектілеріне тиімді пайдалану;

Тәрбиелік:

  • топпен жұмыс жасауға, жолдастық сезімге, өзара көмек беруге тәрбиелеу;

  • жасалған жұмыстарға жауапкершілікпен қарауға және өз бетімен білім алуға тәрбиелеу;



Құралдар:

Компьютер, аудио құралдар



Көрнекілік құралдар:

слайд презентация, сөзжұмбақ,шарлар, ағаш құрылысы туралы плакаттар, ағаш материалдарының суреттері


Сабақ барысы:


  1. Ұйымдастыру (10 мин)

Мұғалім сөзі: «Салематсыздар ма?

Бүгін біз, ағаш материалдары туралы осы уақытта дейін алған білімімізге сүйеніп оның әртүрлі қасиеттерімен құрылмы, физикалық механикалық қасиеттері, жағымды және жағымсыз қасиеттері туралы сұрақтарына жауап беріп, құрылыс процестерінде қалай тиімді қолдану керектігін айтуға тырысамыз».


Ойын сипаттамасы.

Команда құрылып, өз тобын таныстырады.Әр түрлі турларда болатын сурақтар мен жауаптарға жауап беріп, топтағы студенттердің қатысуына, жауап беруіне сай командалар бағаланып отырады. Әр берілген дұрыс жауап 10 баллдық жүйемен әділқазылар алқасы есептейді. Әр турларда мынаған баса назар аударған жөн:

1турда: команда атауларына, эмлемасына, ұранынына, таныстыруына мән

беріледі;

2турда: сұрақтарға жауап толықтай жауап беруіне;

3турда:физикалық механикалық қасиеттердің толықтай қамтылуына,

слайдқа;

4турда: сөзжұмбақтың құруына және дұрыс жауап беруіне;

5турда: тест сұрақтарының жауап берілуіне;
1 ТУР. Таныстыру 10 минут

(топтың аты,таныстыру, эмблемасы, ұраны)


2 ТУР Блиц турнир 15 минут

Сұрақ-жауап

«Құрылысшылар»командасына:

1. Макростуктура дегеніміз не? Жауап: Ешқандай үлкейту құралынсыз сырт қөзге көрініп тұратын құрылысын ағаштың құрылысын атайды.

2 .Ақ түсті, мықтылығы жоғары және қатты ылғалдылығы басым, шіруге бейім құрылыста желімдеген фанер, карниз, басқыш тұтқаларын жасауда жиі қолданатын ағаш қалай аталады? Жауап:Қайың

3.Ағаш материалдарын құрылыста жиі қолданатын салаларын ата? Жауап: Арқалықтар,жамылғыштар, бөлмеаралық қабырғалар, едендік тақтайлар мен паркеттер, есік және терезе блоктары.

4.Қалыңдығы 2,5 см болатын бетоннан жасалған материалдың дыбыс өткізгіштік коэффициенті 0,11 болса, дал сондай қалыңдықтағы ағаш материалының дыбыс өткізгіштік коэффициенті қандай? Жауап: 0,65 яғни ағаш материалының дыбыс өткізгіштік коэффициенті жоғары

5. Ағаштың құрылыстағы жиі қолданатын маңызды қасиеттерінің бірі беріктілік шегі дегеніміз не? Жауап:Ағаштың беріктілік шегі дегеніміз ағашты қысқандағы, созғандағы, игендегі, жанғандағы мықтылық шегін айтамыз.

6. Плинтус дегеніміз не? Жауап: Еден мен қабырға арасындағы саңылауларды бекіту үшін,терезе мен есік ойықтарындағы жарықтарды бікітуге және әсемдеуге қолданатын сүргіленген метрбойлық бұйым.

7.Тілме материалдарының түрлерін ата? Жауап: Жалпақ бөрене, білек, ширек, шет тақтай,кесілмеген тақтай, таза кесілген тақтай.

8. Ағаштан жасалған конструкциялық элементтер мен бөлшектерге не жатады? Жауап:құралмалы ағаш үйлердің жинақтары,шатырлық жамылғылар,арқалықтар, брустар, фермалар,бағаналар,шпунттар,шпалдар, терезелер ,есіктер мен едендер.

«Ұсташылар»командасына:

1. Құрылыста жиі қолданатын жұқа тақтай қалай аталады? Жауап: Фанера

2. Микростуктура дегеніміз не? Жауап: Үлкейту құрылғыларының көмегімен ғана көруге болатын ағаштың құрылысын атайды.

3. Ағаштың механикалық қасиеттерін ата?Жауап: Ағаштың беріктілігі,ағаштың созылғыштығы, ағаштың иілгіштігі, ағаштың қаттылығы.

4. Ағаш материалдарының басқаларымен салыстырғанда мықтылығы жоғары, текстектурасы әдемі ең сапалы ұсталық бұйымдар жасалатын , құрылыста гидротехникалық ғимараттар мен көпір конструкциясында жиі қолданатын ағаш қалай аталады? Жауап: қарағай,емен



5. Құрылыста қолданатын ағаш материалының ең нашар қасиеттерінің бірі отқа төзімсіздігі.Сұрақ: Ағаш материалының жану температурасын ата?. Жауап:

6. Ағаш материалдары механикалық өңдеу тәсілі бойынша қандай түрлерге бөлінеді? Жауап: бөрене материалдары, тілінген, сүргіленген, талшық бойымен сына қағып жарып алынған, майдаланған ағаш материалдары.

7.Ағаш материалдарының гигроскопиялық қасиеті дегеніміз не? Жауап: Ағаштың құрылысы талшықты және кеуекті болғандықтан ауадағы су буын өзінің бетіне оңай сіңіріп алу қабілетін гигроскопиялық қасиеті деп атаймыз.

8. Ағаш сабағының құрылысын көлденең қарағанда қандай бөліктер байқалады? Жауап: Қабық, шел қабық, өзек,өзектік сәулелер



3 Тур. Кім коп біледі? 20 минут

Ағаш материалдарының физикалық және механикалық қасиеттері туралы баяндама


4 тур Сыйқырлы тізбек 8 минут

Сөзжұмбақ шешу
5 тур Тест сурақтарына жауап 8 минут

1. Ағаштың макроструктурасын қандай кесулермен анықтайды?

а) көлденең, тік, тегіс

б) көлденең,тангециалды, радиалды

в)көлбеу, қиғаш, тік

г) қалыпты,паралель, перпендикуляр



Жауап: Б

2. Ағаш материалдары үшін стандартты ылғалдылық мөлшері қандай?

а) 15%;

б)25%;


в)10%;

г)12%;


Жауап: Г

3.Ағаш діңіндегі сақиналар нені білдіреді?

а) ағаш биіктігін

б) ағаш салмағын

в) ағаш жасын

г) ағаш түрін



Жауап: В

4.Ең қатты ағаш қай мезгілде өскен ағаш?

а) қыста

б) жазда


в) қөктемде

г) күзде


Жауап: Б

5.Ағаштың физикалық қасиеттерін көрсет?

а) биіктігі, салмағы,жасы,түрі

б) нағыз тығыздығы,орташа тығыздығы,ылғалдығы,жылу өткізгіштігі

в) акустикалық қасиеті, беріктігі, салмағы

г) созылғыштығы, жылу өткізгіштігі



Жауап:Б

6.Ағаштың құрылысына кіретін луб-камбий қандай қызмет атқарады?

а) биіктігін, салмағын,жасын,түрін білдіреді

б) қоректік зат тасиды

в) акустикалық қасиеті атқарады

г) созылғыштығын, жылу өткізгіштігін жақсартады



Жауап:Б

7.Ағаштың жылу өткізгізгіштігі қандай?

а) орташа

б) жоғары

в) өте аз

г) өте төмен



Жауап:Б

8.Ағаш антисептиктерін ата?

а) түссіз май

б) антрацен майы

в) қоңыр май

г) қарамай



Жауап:Б

9. Мыналардың қайсысы ағаш сортын көрсетеді?

а) үшінші сорт

б) екінші сорт

в) таңдаулы сорт

г) бірінші сорт



Жауап:В

10. Қоры көп ағаш?

а) қарағай

б) самырсын

в) үйеңкі

г) шырша


Жауап:А

3. Ойынды қорытындылап, марапаттау 5 минут
4. Үйге тапсырма беру 4 минут

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет