Сабақ түрі : Тәжірибелік сабақ Сабақ барысы: Студенттерді орналастыру; Сабақ мазмұнын баяндау



Дата22.03.2017
өлшемі124,02 Kb.
#12167
түріСабақ
Тақырыбы: Балалар бақшасындағы оқыту

Мақсаты: Студенттермен балабақшадағы оқыту процесін қайталау; Оқыту мазмұны бойынша тапсырмаларды орындату арқылы жаттықтыру;Мысал келтіруге үйрету арқылы ойлауға, шешім қабылдай білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Тәжірибелік сабақ

Сабақ барысы:

  1. Студенттерді орналастыру;

  2. Сабақ мазмұнын баяндау;

  3. Тапсырмалар беру.



Тапсырмалар:

«Білім аукционы»

1.Ақыл – ой тәрбиесінің жетекші құралын ата?

2.Балалар бақшасында оқыту мектептегі оқытуды ойдағыдай жалғастырудың маңызды шарты болуының себебі неде? /балалар білім, іскерлік,дағды жүйесін игеріп қана қоймай, сонымен қатар олардың бойында оқу қызметі негіздері де қалыптасады./

3.Балалар бақшасының оқытудағы міндеті?/ айналадағы заттармен құбылыстар жөнінде қарапайым, бірақ ғылыми тұрғыдан нақты білім беру болып табылады./

4.Мектепке дейінгі оқытудың негізгі формасын атаймыз?/ оқу сағаттары/

5.Мектептегі оқытудан айырмашылығы неде?

6. Оқытуды неге екі жақты процесс дейміз?

7. Оқу әрекеті дегеніміз не?/білім, іскербік, дағдының қимыл тәсілдерін игерудегі өз бетінше істейтін әрекет/

8. Оқыу сағаттарының құрылымын атаймыз?

9. Оқытуды қандай уақытта өткізген дұрыс?/күннің алғашқы жартысында/

10.Оқыту әдістерін нешеге бөлеміз, атайық?

2. тапсырма:

1 шағын топ, ұйымдастыру бөлімін түсіндір және бір сабақтың ұйымдастыру бөліміне мысал келтіріңдер;

2 шағын топ, негізгі бөлімін түсіндіріңдер және бір сабақтан мысал үзінді;

3 шағын топ, сабақтың қорытынды аяқталу бөлімін түіндіру, мысал келтіріңдер.



3.Тапсырма: Сабақ кезіне педагогикалық жағдаяттар ойлау, топпен талдау;

Мысал жағдаят:

Ересектер тобында математика сабағы өтіп жатыр, тәрбиеші үлестірмелі құралдарды таратқанда Марат деген бала отыратын жерге ешқандай құрал қоймаған, сабақты түсіндіріп болған тәрбиеші, балаларға үлестірмелі құралмен жұмысқа тапсырма берді, Марат болса апайына құралы жоқ екенін айтып көріп еді, тәрбиеші «Көріп отырған жоқсын ба, менде ештеңе жоқ, барын сіздердің алдарына қойдым, тапсырманы қасында отырған Айдоспен бірігіп орында» - деді, Айдос болса Маратқа өзінің адындағы затын бергісі келмеді, екеуі таласып, төбелесіп кетті, Марат Айдостың құлағын ауыртып жіберіп, Айдос жылап жіберді, сөйтіп сабақ бұзылды.

Сұрақ:


  1. Сабақ дұрыс ұйымдастырылды ма?

  2. Тәрбиеші қандай әдістемелік қателік жіберді?

  3. Тәрбиешінің орынында сіздер болсаңдар осы конфлектілік жағдайды қалай шешер едіңдер?



  1. Тапсырма:

Ойын: «Менің көңіл күйім»

  1. Қорытындылау.

Сабақтың тақырыбы: Мектеп және балабақша жұмыстарының сабақтастығы.

Сабақтың мақсаты: Студенттерге балаларды мектепке даярлауда мектеппен балабақшадағы жұмыс формалары және міндеттерімен таныстыру.

Балаларды балабақшадан адамгершілікке, ұқыптылыққа, сыйластыққа тәрбиелеудің психологиялық жолдарын үйрету.

Мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім берудің сабақтастығын қамтамасыз етудің жолдарына жаттықтыру.
Әдіс – тәсілдер: лекция, түсіндіру, ойын әдістелері.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайд, плакат.
Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру:


  • оқушыларды түгендеу

  • үй тапсырмасын сұрау

  • жаңа сабақтың мақсатын хабарлау

  • қайталау сұрақтары



2. Жаңа сабақ:

Жоспар:

  1. Мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш сыныптың сабақтастығы

  2. Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш сынып арасындағы сабақтастықтың негіздері

3.Мектепке дейінгі мекемемен бастауыш мектептің міндеттері, мақсаттары

4. Баланы мектепке дайындау дағдылары



Бала – бақша мен бастауыш буын арасындағы сабақтастық

Білім беру және ғылым саласына елеулі өзгерістер енгізіп жатқан қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш білім беру ісін жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі. Осы өзгерістер білім саласының алғашқы сатысы болып саналатын мектепке дейінгі ұйымдарда болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамытуға, жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, сәбилік шақтан бастап толық жағдай жасауды, тәрбиелеумен білім беруге аса жауапты қарауды басты міндет етіп қойып отыр.

Аталған міндетті шешуде кезек күттірмейтін мәселелердің бірі ретінде мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім берудің сабақтастығын қамтамасыз етудің жолдарын айқындаудың маңызы зор. Өйткені сабақтастық туралы мәселе өткір қойылып отыр. Бұл мәселені ғалымдар, білім беру мекемелерінің жетекшілері, мұғалімдер, ата-аналар да көтеріп отыр. Олардың дабыл қағуына толық негіз бар.

Мақсат, мазмұн бірлігі неғұрлым тиімді деген әдістерді, оқыту құралдарын, балалар мен оқушылардың жетістіктеріне қорытынды жасау және бағалауды таңдап алуға негізделген білім берудің мектепке дейінгі, бастауыш буын сатыларындағы көп түрлі, көп нұсқалы бағдарламалардың болмауы, осы сатылардың арасындағы байланыстың жоқтығын көрсетеді. Берілген бағдарламаларда білімді игеру көлемі, жеке тұлғалық, әлеуметтік даму деңгейлері ескерілмеген. Бастауыш буын мен мектепке дейінгі білім беру бір-бірінен алшақ жатыр деуге болады.

Сондықтан балабақша мен бастауыш буын сабақтастығын айқындауда біріншіден:

аталған сатыдағы білім берудің өзіндік мақсаттарының айқындалуы, білім мазмұнының бірыңғай, жүйелі құрылуы, баланың белсенді дамуы арқылы білім берудің келесі сатысына көшудің тиімділігінің қамтамасыз етілуіне;

екіншіден: білім беру жүйесінің әрбір әдістемелік компоненттерінің байланысы мен үйлесімділігінің болуына назар аудару керек (мақсаты, міндеттері, мазмұны, әдістемесі, ұйымдастыру түрлері).

Сонымен қатар аталған сабақтастық сақталу үшін мектепке дейінгі кезеңде — жас ерекшелігіне сәйкес баланың өзін-өзі бағалауының сақталуы, танымдық және тұлғалық дамуы, қоршаған ортамен байланыс жасауға дайындығы қарастырылады. Бастауыш сатыда — мектепке дейінгі шақтағы жетістіктерінің барлық деңгейіне тірек болуды, қарқынды даму жағдайында жеке жұмыстарды, мектепке дейінгі қалыптасып болмаған қасиеттерін жетілдіруге арнайы өзара қарым-қатынас жасау формаларын дамытуды қамтамасыз етеді.

Сабақтастық даму кезеңдері мен сатылардың арасындағы ортақ мақсат-міндеттер, ортақ мазмұнды байланыс, бұл байланыс олардың толық және жеке жақтарының кейбір элементтерін сақтайтын тұтас жүйе. Жеке тұлғаның даму кезеңінің үздіксіз білім беру деңгейлері мен сатылары нақты мақсаттарды іске асыру жағдайлары мен талаптарының іске асырылуымен анықталады. Осының барлығы бір ғана түпкі мақсатқа — баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті өтуге бағытталуы тиіс.
Сабақтастық білім беруде:


  1. балалардың жеке тұлғалық дамуын қалыптастырып, олардың одан арғы өмірлік қызметтерін қамтамасыз етеді;

  2. білім беру кезеңдерінде үздіксіз білім беру (балабақша-мектеп, мектеп жоғарғы оқу орны);

  3. біртұтас білім беру жүйесінде осы кезеңдердің және оқыту түрлерінің біртұтастығын ұйымдастыруға өз әсерін тигізеді.


Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш сынып арасындағы сабақтастықтың негіздемесі:

  1. балалардың білуге деген құмарлығын дамыту;

  2. балалардың өздігінен шығармашылық жұмыс тапсырмаларын шеше білу қабілетін дамыту;

  3. балалардың интеллектуалдық және тұлғалық дамуына бағытталған шығармашылық қиялын дамыту;

  4. тілдік қарым-қатынасын дамыту (құрбы-құрдастарымен, ересектермен тіл табысып, сөйлесе білу)


Сабақтастық үрдісін 2 жақтан қарауға болады.

  1. Мектепке дейінгі буын сатысында мектепке дейінгі балалық шақтың өзіндік құндылығы қысқартылады және балалардың жеке тұлғалық сапасының негізі қалыптасады.

  2. Мектеп өз жұмысын жоқтан құрмайды. Мектепке дейінгі балалардың жетістігін қапсырып алып, балалардың жинақтаған әлеуетін педагогикалық практиканы ұйымдастыра отыра дамытады. Сабақтастықтың осындай түсінігі балалардың дамуы мен оқып үйренуін үздіксіз іске асырып отырады.


Бұл:

1.Мектепке дейінгі мекеме мен мектептегі білім үрдісінің мақсатын, міндетін, мазмұнын, бағыттап отырады;

2.Әр баланың дамуына жағдай жасайды (денсаулығын сақтау, эмоционалдық саулығы).

Балабақша мен бастауыш білім сатысының сабақтастығын тек баланы мектепке дайындау деп түсінбеу керек, мұнда педагогтар мектепке дейінгі ұйымдарда білім берудің формалары, әдіс-тәсілдерімен жете танысып, 6 жас пен 7 жас аралығындағы психологиялық ерекшелікті анықтай отырып мектепке біртіндеп жеңіл бейімделуіне жағдай жасау шарт.



Мектепке дейінгі мекеменің міндеттері:

  1. салауатты өмір сүру салтының құндылығына балаларды қатыстыру;

  2. эмоционалдық аман-саулығын қамтамасыз ету, әр түрлі көркемдік іс-әрекет түріне жағдай жасау;

  3. талабын, білуге құмарлығын, еркіндігін дамыту;

  4. айналадағы әлем жайында білімін қалыптастыру;


Бастауыш мектептің міндеттері:

  1. салауатты өмір сүру салтының құндылығын қалыптастыру және өзінің тәртібін осыған сай реттеу;

  2. қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынас дайындығын дамыту. (эмоционалды, интеллектуалды, коммуникативті және іскери)

  3. мектепте оқуға үйрену деген тілегін қалыптастыру;

  4. әр түрлі әрекетте бірлесе жұмыс істей білуі мен өздігінен жұмыс істеуін дамыту;

  5. мектепке дейінгі мекемедегі жетістігін жетілдіру, мектепке дейінгі мекемеде дамуында қалыптаспаған сапасына арнайы көмек көрсету;

  6. мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш сыныптың сабақтастық бойынша жұмысын ұйымдастыру:

  7. мектепте оқып үйренуіне жағдай жасау;

  8. мектепте оқуға психологиялық дайындығын қалыптастыру;

  9. бала дамуының үдіксіз білім беру жүйесін құру.


Мектепке дейінгі мекеменің мақсаты:

  1. денсаулығын сақтау, нығайту;

  2. психологиялық дамуына жағдай жасау (есте сақтау, ойлау, қабылдау)

  3. мектепте оқуға дайындау (мектеп, мектеп ережесі, қоңырау, үзіліс)


Бастауыш мектептің мақсаты:

  1. денсаулығын сақтау нығайту;

  2. қабілеттерін, ойлауын дамыту;

  3. ерік, жігер сезімін дамыту.


Екі ұйым арасындағы әрекет:
Мектепке дейінгі мекеме —танымдық әрекет - мағлұмат алады, талдайды, ойнайды, білім алып, тәжірибе жасайды. Бастауыш сынып —оқу әрекеті —оқи алуға үйренеді, оқығысы келеді, жаңа мазмұнды меңгереді, жаңа түсініктер қалыптасады.

Мектеп пен мектепке дейінгі мекемедегі сабақтарды салыстыра отыра келесі ұқсастықтарды атап айтуға болады:

Бір маңыздылық: балалардың танымдық әрекетін басқару, білім және білікпен қаруландыру бірмезетте жан-жақты тәрбиелеу. Оқыту мектепте де, мектепке дейінгі мекемеде де бағдарлама бойынша өткізіледі.

Айқын және қатаң ұйымдастыру: әрқашан, әр уақытта нақты сабақ кестесі, әр баланы оқыту міндеті, педагогтың барлық балалармен ұжымдық жұмыс жүргізуі.



Мектепке дейінгі мекеме мен мектептің ерекшеліктері:

  1. баланың дене бітімімен бірге, саусақ сүйектерінің дамуы мен көру қабілеті т.б.

  2. іс-әрекетін жүйелі ұйымдастыра білуі;

  3. құрбыларымен, үлкендермен қарым-қатынасы;

  4. қоршаған ортасын қабылдау бейімі т.б.

Сондықтан алты жасар балаларға жағдай туғызудың негізгі жолдарын алдын - ала жан-жақты талдап, нақты шешімдер қабылдауды қажет ететін талаптар бар. Олардың ең бастылары арнайы білім беру кеңістігін құратын орта:



  1. оқу, ойын, жатын бөлмелері;

  2. жас ерекшеліктеріне сай оқуға, жазу-сызуға арналған парталар;

  3. гигиеналық талапқа сай асхана;

  4. сынып бөлмесінде әр баланың оқу-ойын құралдары сақталатын арнайы орын;

  5. баланың бойына ескеріліп құрылған сынып тақтасы.

Мектепке дейінгі білім беру мекемесі мен бастауыш мектеп сатысында мынадай жағдайлар туындайды: Бастауыш мектеп мектепалды дайындық тобында берілетін тәрбиелену, білім беру және дамыту моделінен оқытудың мектептік моделіне үздіксіз байланыста өтуін қамтамасыз ету керек. Бұл жерде білім, білік, дағдылардың сабақтастығынан да балалармен жұмыс істеудегі әдіс-тәсілдердің сабақтастығы жоғары рөл атқарады. Басты мақсат мектепалды дайындық тобынан бастауыш мектепке көшудегі балалармен жұмыс түрлерінің тығыз сабақтастығы.

Көбіне бастауыш мектепте мектепалды дайындық тобының әдіс-тәсілдерін, жұмыс түрлерін қолданғысы келмейді, ал даярлық тобы тәрбиешілері көбіне бастауыш мектеп моделін пайдалануға мәжбүр болады. Балаларды оқытудағы бастауыш мектеп моделі даярлық тобындағы балалардың мектеп талаптарына сай білім, білік, дағдылары қалыптасқан, ұйымдастырылған оқушыны алғысы келеді. Мұндай сабақтастықтың нәтижесінде мектепке дейінгі балалықты бағалау түсіністігі жоғалады және баланың даярлық тобына баруы мектепке дайындық ретінде ғана қарастырылады. Мектепалды дайындық тобының мұғалімдері мен тәрбиешілері «Баланы мектепке даярлау» мақсатында балаларды партаға отырғызып, мектептік типте сабақтар жүргізеді.

Мұндай жерде көбіне балалардың негізгі қызметі ойын екені естен шығарылады. Тек танымдық, дамытушылық ойындардың көмегімен білім негізі қалыптаса бастайды. Осылайша, қазіргі заманда сабақтастықтың құрылымы табиғи жолмен емес, жасанды түрде жүзеге асады,себебі бастауыш мектептегі әдіс-тәсілдер, балалармен жұмыс түрлері мектепалды дайындық топтарында кең қолданылады. Сондықтан да бұл мәселені бірден 2 жақты қарастырған жөн. Ал, ұйымдастыру жоспарында мәселені шешудің мынадай жолдары қарастыруға болады:

Біріншіден, балалардың мектепалды дайындық тобында қалыптасқан білім, білік, дағдыларын бағалау қажет емес, олардың даму деңгейін бағалау қажет деп ойлаймын. Екіншіден, бастауыш мектеп мұғалімдері білім беру мен тәрбиелеу үрдісінде мектепалды дайындық тобына сай ойын әдістерін тиімді қолдана білсе.

Сонымен қатар бұл шақта баланың көрнекі-әрекеттік және бейнелі-ойлау түрлерін де жетілдіруді қажет етеді. Өкінішке орай, көптеген әріптестеріміз ойлаудың бұл екі түрін көп елемей, тез арада сөздік- логикалық ойлауды дамытуға кіріседі. Алайда, бала ойлауының жоғарғы формаларының жетік қалыптасуы нақ осы көрнекі-әрекеттік, көрнекі бейнелілік түрлерін берік қалыптастырып, сөздік логикалық ойлау түрлерін біртіндеп дамытуға байланысты жұмыстар жүргізілуі қажет.

Көрнекі-әрекеттік ойлау - нақты заттарды пайдаланып, белгілі мақсатты көздейді. Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында өзінің іс-әрекетін саналы басқару және бақылау, бағыттап, ойластырып әрекет ету қабілеті дамытылады. Көрнекі-бейнелілік ойлау- заттардың бейнелерімен ойда әрекет ете отырып, белгілі бір мақсатты шешуді көздейді. Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында мақсатқа жетудің әртүрлі жолдарын, бағыттарын, әдіс-тәсілдерін табу қабілеті дамиды.

Сөздік-логикалық ойлау — сөз немесе белгі арқылы бейнеленген ұғымдармен нақты ережелерге бағына әрекет ете отырып, белгілі мақсатты шешуді көздейді. Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында пайымдау және сол пайымдау арқылы берілген шарттан ауытқымай нақты қорытынды шығара білу қабілеті дамиды. Осындай жұмыстарды бірлесе отыра атқаратын істер сабақтастық мәселесін шешудің тиімді бағыты деуге болады.

Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институты бастауыш білім беру мен мектепке дейінгі тәрбиелеу кабинеті екі буын арасындағы сабақтастықтық бойынша жұмысты ұйымдастыруда келесілерді белгілейді:


  1. бала дамуының тиімді жақтарын қамтамасыз ететін үздіксіз білім беру жүйесін құру, білім беру компоненттерінің келісімі мен байланысы негізінде баланың табысты білім алуы мен тәрбиеленуі (мақсаттары, міндеттері, мазмұны, әдістері, ұйымдастыру формалары);

  2. заман талабына сай мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш білім берудің мемлекеттік стандартын құру;

  3. мектепте оқуға бейімделуіне, әр баланың жеке тұлғалық дамуына оң жағдай туғызу;

  4. мектепке психологиялық жағынан дайындығын қамтамасыз ету;

  5. жаңа шығармашылық шеберханалар мен жобалар құру.


Пысықтауға арналған сұрақтар:

1. Сабақтастықтың қажеттілігі, негіздемесі

2. Балабақшаның жұмыс мазмұны

3. Мектеп пен балабақшаның байланысы

4. Мектеп пен балабақшаның мақсаты, міндеті қандай?

5. Мектеп пен балабақшаның ерекшеліктері қандай?


Үйге тапсырма:

1.Лекцияны оқу.



2.Тест құрастыру.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет