1 дәріс Дене тәрбиесі теориясының жалпы мәселелері Дене тәрбиесі теориясының негізгі ұғымдары



бет1/7
Дата02.11.2022
өлшемі41,17 Kb.
#156230
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дене дәріс тезистері (1)


1 дәріс
Дене тәрбиесі теориясының жалпы мәселелері
Дене тәрбиесі теориясының негізгі ұғымдары
Дене тәрбиесі теориясында әртүрлі ұғымдар қолданылады: дене дамуы, дене әзірлігі, дене жетілуі, дене тәрбиесі, дене машықтығы, дене тәрбиесі білімі, дене жаттығулары, спорт, дене тәрбиесі мәдениеті және т.б. (1-кесте).
Әртүрлі құбылыстарды көрсете отырып, олар бір-бірімен тығыз байланыста болады. Қазіргі кезде қолданылып жүрген ұғымдар қоғамның тарихи дамуының әр дәуірінде пайда болған. Олардың мазмұны дене тәрбиесі жөніндегі ғылымның және оның іс-жүзінде жүзеге асырылуының дамуына қарай бағытталып келеді.
Дене дамуы ұғымын кең түсінікте қолданғанда дене қасиеттері (жылдамдық, төзімділік, икемділік, көзбен шамалау, тепе-теңдік сақтау, күш-қуат) кіреді (2-кесте).
Антропометрия – адамның дене мүшелерін өлшеу арқылы оның дене құрылысына тән жыныстық,нәсілдікжәне жас ерекшеліктеріне жан-жақты анықтамалар беретін антропологиялықзерттеудің негізгі тәсілдерінің бірі. Антропометрия тәсілінің негізін алғаш рет француз антропологтары ХІХ ғасырда қалаған. Антропометрия өлшеу балдық бағалар арқылы жүргізіледі. Антропологияда адамның бас, бет, дене салмағы, бойы т.б. түрлі өлшемдер бойынша анықталады. Сонымен қатар бассүйек, қаңқа сүйектерге, көз, шаш, тері түстеріне де өлшеу жұмыстары жүргізіледі. Сөйтіп, антропометриялық материалдарға жан-жақты статистикалық сипаттамалар беріледі. Антропометрия көрсеткіштерін қолдану салалары өте көп: адамға киім тігу, аяқ киімдерін, өндіріс станоктарын, жиһаздардың түрлерін т.б. адам денесіне ыңғайлы етіп жасау кезінде антропометриялық деректер ескеріледі.
Биометрия (био және грек. metreo – өлшеу, есептеу) – жүргізілетін биологиялық тәжірибелердің санын анықтайтын және оларғаматематикалық,статистикалықәдіспен дәл, дұрыс қорытынды жасай алатынбиологияғылымының бір саласы. Биометрияның негізін XIX ғасырдың аяғында ағылшын ғалымдары Ф.Гальтон менК.Пирсонқалады. Биологияда математикалық, статистикалық әдістер белгілі бір статистикалық үлгі жасау арқылы қолданылады.
Дене тәрбиесі теориясы – адам денесін жетілдіру процесін дамытудың жалпы заңдылықтары туралы ғылым. Дене тәрбиесінің теориясы дене тәрбиесі жүйесінің мақсатын міндеттерін, принциптерін зерттейді.
Дене тәрбиесі құралдарын оқып, дене жаттығуларын үйрету принциптері мен әдістерін көрсетуге, қозғалыс дағдыларын қалыптастыруға және қасиеттерін дамытуға, спорттық жаттығулардың жалпы негіздерін, денені жаттықтыру оқу әрекетінің әртүрлі формасын (дене тәрбиесі оқу әрекетін, ертеңгілік бой сергіту жаттығулары, қозғалыс ойындары т.б.) сондай-ақ дене тәрбиесі жөніндегі жұмысты жоспарлауға және есепке алуға көп көңіл бөледі. Мектеп жасына дейінгі, мектеп жасындағы балалардың, ересек жастағы адамдардың дене тәрбиесінің өзіндік ерекшеліктері анықталады.
Дене тәрбиесінің теориясы үнемі жан-жақты тәжірибемен байланыс, бірлікте дамып келеді. Ол ғылыми озат тәжірибе жетістіктерін таратады, өткен жылдардағы озық тәжірибемен қоса қазіргі дүниежүзілік ғылымдағы игіліктің бәрін қолдап отырады. Дене тәрбиесі теориясы практиканы ғылыми негіздерімен қамтамасыз етеді, сөйтіп практика теориямен тығыз ұштасады да, одан ары дамуына көмектеседі, ол сондай-ақ тәжірибеге жол ашуға, адамның күш-қуатын кемелдендіруде қандай құралдар және әдістер арқылы жақсы нәтижелерге жетуге болатындығын қолдауға мүмкіндік береді. Дене тәрбиесі теориясы қоғамдық, жаратылыстану және педагогика ғылымдарымен байланысты. Мектепке дейінгі ұйымдарда дене шынықтыру пәні арнайы оқу үдерісі негізінде жүзеге асырылады. Білім мазмұны жеке тұлғаның түрлі дене жаттығуларына, дене шынықтыру тәрбиесінен ұйымдастырылатын жұмыс формалары түрлеріне негізделеді: мектепке дейінгі ұйымдарда ұйымдастырылған оқу әрекеті, күн кестесіндегі дене шынықтыру тәрбиесінен - сауықтыру шаралары (ертеңгілік бой сергіту жаттығулары, қимылды ойындар, серуендегі спорттық жаттығулар, сергіту минуттары, мектепке дейінгі ұйымдардан тыс жерде серуендеу, спорттық мерекелер, балалармен жеке жұмыс) секілді әрекеттер арқылы іске асады. Аталған жұмыстардың барлық формасы бір-бірімен тығыз байланысты және бірін бірі толықтырып отырады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі теориясы мамандырылған ғылыми пәндердің тұтас кешенімен байланысты. Олардың біреулері гуманитарлық сипатта болады (дене тәрбиесінің жалпы теориясы, жалпы педагогика, мектепке дейінгі педагогика, дене тәрбиесі мен спорт психологиясы, спорттың жеке түрлерінің теориясы мен әдістемесі, спорттың шығу тарихы, әлеуметтік дене шынықтыру) дене тәрбиесінің дамуы мен ұйымдастырылуының әлеуметтік заңдылықтарын, дене жаттығуларының адам психикасына әсерін, сондай-ақ педагогикалық әсер ету құралдарын, формалар мен әдістерін қолдану заңдарын зерттейді. Басқа ғылымдар биологиялық және шектес жаратылыстану ғылымы пәндері адамның биологиялық даму процесін, оның жас ерекшелік заңдылықтарын дене жаттығуларының, сондайақ сыртқы ортаның түрлі әсерінен болып жататын өзгерістерін зерттейді, дене тәрбиесі адамның қозғалыстарында көрініс беретін физикалық және биологиялық заңдарды зерттейді.
Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі – бір-бірімен тығыз ұштасып жатқан дүние. Сондықтан дене тәрбиесі ғылымы бірінші кезекте оны оқыту, игерту, меңгерту әдістемесімен тығыз байланысты. Тұлғаны жан-жақты дамыту идеясын іске асыру негізінде баланың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, оның ақылойын, дене бітімін, күш-жігерін үйлесімді дамыту заңының талаптары жатыр. Қазіргі кезде ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде педагогтардың тәрбие мазмұны жайлы айтатын пікірлері бірдей емес. Мектепті ізгілендіру және демократияландыру үдерістерімен қатар басқа да сұрақтар кеңінен талқыланып, олардың шешілуі дене тәрбиесін жаңа сапалы деңгейге көтеруі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет