1 дәріс Дене тәрбиесі теориясының жалпы мәселелері Дене тәрбиесі теориясының негізгі ұғымдары



бет6/7
Дата02.11.2022
өлшемі41,17 Kb.
#156230
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дене дәріс тезистері (1)
54834f7f-b5cf-11e4-bd4b-f6d299da70eeТерТех-МБ-1, 1513875817-2, 5 лекция , Педагогика Силлабус ХБ 4 топ, Лекция (5) 2, Хабарландыру, Өтебай Н.Р., Булшекбаева А.И.
Қозғалыс траекториясы. Қозғалыстағы дене мүшесінің (немесе заттың) жолы траектория деп аталады. Траекторияның формасы, бағыты және қозғалу амплитудасы болады.
Формасы жөнінен траектория түзу сызықты және қисық сызықты болады (10-кесте). Түзу сызықты қозғалыстар дененің белгілі бір мүшесіне мейлінше жоғары жылдамдық өрбіту қажет болғанда қолданылады. Қисық сызықты қозғалыстар жиірек қолданылады, өйткені қозғалыс инерциясын жеңу үшін қосымша бұлшық ет күші жұмсалмайды. (Теннис добын соққан кездегі ракетканың ілмек тәріздес қозғалысы). Траектория формасының күрделілігі дененің қозғалыстағы массасына тәуелді болады: ол ұлғайған сайын форма қарапайым күйге ауысады. Мысалы, қолдың қозғалысы аяққа қарағанда сан алуан.
Қозғалыс бағыты. Дене жаттығуларының жеке бұлшық еттердің дамуына және қимыл-қозғалыс міндеттерінің ойдағыдай орындалуына тигізетін әсерінің тиімділігі қозғалыстағы денеге, оның мүшелеріне немесе затқа берілетін бағытқа тәуелді (11-кесте). Қозғалыс бағыты адамның тұлғасы арқылы (қолды алға созу) немесе сыртқы бағдар тұтатын нәрселермен (жіппен асыра лақтыру) анықталады. Адам денесі қозғалысының негізгі бағыттары: жоғары – төмен, алға – артқа, оңға – солға. Айналмалы қозғалыстардың бағытын дененің жазықтары бойынша, бүйірлік (алғы – артқы) жазықтықпен қозғалғанда (аяқ-қолды бауырға бүгіп, алға-артқа домалағанда («алға», «артқа» терминдерін қолдана отырып), беттік жазықтықпен қозғалғанда (мысалы, бір жағына қарай аунап түсу) – «оңға қарай», «солға қарай», көлденең жазықтықпен қозғалғанда (мысалы, оңға, солға бұрылу) «оңға», «солға» терминдерін қолдана отырып анықтайды. Сондай-ақ екі аралық бағыттарда (мысалы, жартылай солға т.б.) қолданылады.
Қозғалыс бағытын бақылауда, кеңістікті бағдарлауда көз жетекші рөл атқарады. Осыған байланысты бағыт тез және қатты өзгерген кезде бас дененің басқа мүшелерінен гөрі біршама бұрын қозғалады.
Қозғалыс амплитудасы – бұл тербелісті қозғалыстың арлыберлі ауытқу құлашы (дененің немесе оның мүшелерінің теңдік қалпынан мейлінше ауытқуы) (12-кесте).
Қозғалыс амплитудасы бұрыштық өлшемдерден (градустармен), сызықтық өлшемдерден (адымның ұзындығы) және шартты белгілермен (жартылай отыру) немесе сыртқы нәрселерді бағдар тұтумен (еңкейгенде қолды еденге тигізу), өз денеңдегі бағдарлармен (еңкейгенде қолды тізеге тигізу) анықталуы мүмкін. Қозғалыс амплитудасы буындар құрылысына, сіңір және бұлшық еттерінің икемділігіне тәуелді болады. Бұлшық еттерінің белсене жиырылуынан пайда болатын буындар қозғалғыштығы белсенді қозғалыс деп аталады. Самарқау қозғалыс сыртқы күштердің (жұп) әрекетінен туады. Самарқау қозғалыстың ауқымы белсенді қозғалыс ауқымынан үлкен.
Өмірде және дене тәрбиесі тәжірибесінде, әдетте, қозғалыстың максималды, анатомиялық ең жоғарғы амплитудасы қолданылмайды. Жоғары амплитудаға жету үшін антагонист бұлшық ет пен байланыс аппаратын шегіне жеткенше созуға бағытталған қосымша бұлшық ет күші талап етіледі. Егер амплитуда шамадан тыс ұлғаятын болса, онда бұлшық ет пен сіңірдің зақымдануы мүмкін. Мұнымен бірге жоғары амплитудалы қозғалысты атқарған соң оның бағытын жайлап өзгерту қиын. Кейіннен тез және қатты жиырылуы тиіс бұлшық еттерді алдын ала созу талап етілгенде, сондай-ақ қысқарған бұлшық еттерді созу, икемділікті аттыру, тұлға кемшілігін түзету, аяқтың үзеңгіліктерін нығайту қажет болғанда буындарда қозғалғыштықтың толық ауқымы пайдаланылады. Әртүрлі амплитудалы қозғалысты белгілеу үшін «кең құлашты» және «тар құлашты» деген терминдер қолданылады. Үлкен амплитудалы қозғалысты – кең құлашты, кіші амплитудалы қозғалысты – тар құлашты деп атайды. Қозғалыстың бағыты немесе амплитудасы алға қойылған қимыл-қозғалыс міндетіне сай келмейтін қозғалыс – бұрыс қозғалыс деп аталады. Қозғалыс жылдамдығы дененің немесе оның мүшесінің жүріп өткен жолы өлшемінің (ұзындығының) сол жолға жұмсалған уақытқа қатысымен анықталады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет