1 дәріс Дене тәрбиесі теориясының жалпы мәселелері Дене тәрбиесі теориясының негізгі ұғымдары


дәріс Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі теориясының дамуы



бет2/7
Дата02.11.2022
өлшемі41,17 Kb.
#156230
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дене дәріс тезистері (1)

2 дәріс
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі теориясының дамуы
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі теориясының даму тарихы ғылыми зерттеулер мен озат тәжірибелерде көрініс тапқан.
Мектеп жасына дейінгі балаларға жан-жақты тәрбие беру жайындағы теорияның дамуына Н.К.Крупская баға жетпес үлес қосты. Н.К.Крупская қоғам міндеттерін ескере отырып, тәрбиенің жаңа теориясын жасау қажеттігін меңзеді. Ол баланы дамыту, тәрбиелеу және білім беру мәселелеріне педагогика, психология мен физиология саласындағы ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, ғылыми тұрғыдан қарау керектігін атап көрсетті. Н.К. Крупская тәрбиелеу мен білім беру әдістемесін жасауда мектеп жасына дейінгі баланың жас ерекшеліктерін ескеру қажеттілігін атап көрсетті.
Н.К. Крупская мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесіне үлкен мән бере отырып, баланың болашақ өмірге жан-жақты дайын болуы маңызды деп санады. Дене жаттықтырудың бала ағзасына тигізетін әсерін атай келе, ағзаны тек шынықтырып және нығайтып қана қоймай, балаға үйлесімді тәрбие беру мақсатында да ойындарды пайдалануды ерекше бөліп көрсетті. Ол ойынның ұжымдағы қарым-қатынастағы, өзін-өзі ұстай білудегі, ұйымдаса әрекет етудегі, баланың мінез-құлық мәдениетін қалыптастырудағы, тәрбиелеудегі маңызды рөлін атап айтты.
XVII ғасырдың екінші жартысында-ақ сол кездің аса білімді адамдардың бірі Епифаний Славинецкийдің балалардың дене тәрбиесі жөнінде озық ойлар айтқанын тарихи материалдарда дәлелденген. Ол «Бала әдеттерінің азаматтылығы» атты кітабындағы балалар ойынына байланысты арнайы тарауда ойынның балаларға беретін тәрбиелік және білім берудегі мәнін атап көрсетеді.
И.И.Бецкой, Н.И.Новиков, А.Н.Радищев өз еңбектерінде дене дамуын ақыл-ой және еңбек тәрбиесімен тығыз байланыста екенін көрсетті.
А.И.Герцен, В.Г.Белинскиий, Н.Г.Чернышевский,
Н.А.Добролюбов, Д.И.Писаревтің айтқан пікірлері бойынша, дене тәрбиесінің жан-жақты тәрбие берудің бір бөлігі ретінде ақыл-ой, еңбек, адамгершілік және эстетикалық тәрбиемен байланысты. Олар дене тәрбиесінің мақсаты – баланың дене күшін дамыту мен денсаулығын нығайту деп білді. Қоғам қайраткерлері баланың күн тәртібін қатаң сақтауға ерекше көңіл бөліп, еңбек пен демалыстың алмасып келуі себебінен рухты, сергек, жарқын болашаққа күресуге қабілетті болашақ ұрпақ тәрбиелеудің қажеттілігін дұрыс негіз деп санады.
К.Д. Ушинский ойынға, гимнастикаға, балалардың таза ауада көп жүруіне үлкен мән берді. Ол балалармен өткізілетін сабақ үстінде баланың ықыласын тәрбиешіге аудару мақсатында қысқа мерзімді қимыл-қозғалыстар орындау үшін шағын үзілістер жасауды ұсынды.
К.Д. Ушинский халық ойындарын қуатты құрал санай отырып, оларды кеңінен пайдалануды ұсынды және педагогтарды балалар үшін түрлі ойындарды жинастыруға шақырды.
К.Д. Ушинский педагогтарға жоғары талап қоя отырып, балаға жетекшілік етуде өрескел қателіктер жібермеу үшін олар анатомия, физиология, психология, педагогика сияқты ғылымдарды білуге міндетті деп санады.
П.Ф. Лесгафттың ғылыми-материалистік көзқарастары оның педагогикалық жүйесінің іргетасы болып қаланды, онда дене шынықтыру білімі теориясы басты орын алды. П.Ф. Лесгафт балаларға арналған дене жаттығуларының біртұтас жүйесін жасады. П.Ф. Лесгафт дене жаттығуларын іріктеуге балалардың анатомиялықфизиологиялық және психологиялық ерешеліктерін жаттығуларды бірте-бірте күрделендіруді және түрлендіруді негіз етіп алған. Ол белгілі бір жаттығулар жүйесінің адам ағзасын жан-жақты дамытуға және дұрыс қызмет етуге алып келуіне, оның дене күшінің бірте-бірте жаттығуына жәрдемдесуіне ұмтылды.
Дененің дамуын П.Ф. Лесгафт ақыл-ой, адамгершілік және эстетикалық дамумен, еңбек іс-әрекетімен өзара байланысты екенін дәлелдеді. П.Ф. Лесгафт дене жаттығуларын рухани және дене жетілуімен тұтас бір уақытта жүретін процесс ретінде қарастырған.
П.Ф. Лесгафт педагогтың сабаққа жүйелі түрде әзірленуін талап етті. Үйрету процесінде педагог денеге түсетін ауыртпалықты біртебірте арттыруды, жатттығуларды ауыстыруды және түрлендіруді алдын ала қарастыруға тиіс екенін атап көрсетті. Ол қимыл-қозғалыс ойындары теориясы мен әдістемесін жасады. «Ойынның әлеуметтікпедагогикалық мүмкіншіліктерін бағалай отырып, ойын арқылы тәрбиелеуді, балаларды өз бетімен жұмыс істеуге үйретудің жолы деп санады. Қоғамдық пікірлердің маңызын бағалай білуге, бір-бірімен жолдастық қатынас орнатуға, шындыққа баулуға, ойын барысында өздерін реттеп отыруы үшін ойын керек» деді. Балалардың дене жаттығуларына деген көзқарасы саналы және жауапты болуы тиіс оны орындау – баршаның міндеті, сондықтан да оның үлкен тәрбиелілік мәні бар деп қадап айтты. Ойын моралдық қасиеттерді: тәртіпті, адалдықты, шыншылдықты тәрбиелеудің аса маңызды құралы деп таныды. П.Ф. Лесгафттың шәкірті дәрігер-педиатр, профессор В.В. Гориневский өзінің дәрігерлік-педагогикалық қызметінде және баспа еңбектерінде П.Ф. Лесгафттың дене тәрбиесі туралы ілімін тереңдете түсті.
В.В. Гориневский ғылыми зерттеулер базасында дене тәрбиесі, дене жаттығулары гигиенасы, ағзаны шынықтыру, емдік дене шынықтыру мәселелерін зерттеді.
В.В.Гориневский дене жаттығулары мен спортпен айналысуды дәрігерлік және педагогикалық бақылау жасау қажет деп санайды. Осы себептен өзге ғалымдар В.В.Гориневскийді дәрігерлік және педагогикалық бақылау жасаудың негізін салушы деп атайды. П.Ф. Лесгафттың жаттығуларды іріктеу принципіне сүйене отырып, В.В. Гориневский дене дамуының адам өмірінің әр жас шамалық кезеңіндегі өзіндік ерекшеліктерін эксперименттік жолмен анықтайды.
В.В. Гориневскийдің «Белгілі бір жас шамасына сәйкес дене жаттығулары» атты кестесі, «Мектеп жасына дейінгілердің дене тәрбиесі» атты оқулығы жарық көрді. Кейіннен П.Ф. Лесгафт және В.В. Гориневскийдің идеяларын профессор, педагогика ғылымдары академиясының толық мүшесі педагогика ғылымдарының докторы, дәрігер-гигиенист Е.А. Аркин жалғастырды.
Е.А. Аркин Халық ағарту комиссариатының мектепке дейінгі бөлімнің Москва Халық ағарту бөлімінің тұрақты консультанты ретінде, балабақшалар дәрігерлерін біріктіре отырып, тәрбиелеушілермен үнемі байланыста ұстады, оларды өзінің зерттеулеріне қатыстырды. Е.А. Аркин олардың жоғары жүйке қызметінің балалар тіршілігі күн тәртібін және оны ұйымдастырудың заңдылықтары туралы И.М. Сеченев пен И.П. Павлов ілімінің негізігі қағидаларымен түсінікті де тартымды түрде таныстыра білді, балабақша мен отбасының бірлескен жұмысының маңыздылығына тоқталды. Оның мектепке дейінгі педагогика, анатомия, физиология және гигиена мәселелері жөніндегі еңбектеріне келетін болсақ, қазіргі күнге дейін өз мәнін жоғалтпаған «Мектеп жасына дейінгі кезең» атты еңбегі ерекше бағаланды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың педиатриясына педагогикасына профессор, медицина ғылымдарының докторы Л.И.
Чулицкая орасан үлес қосты. Л.И.Чулицкая аса көрнекті ғылымпедиатр И.П.Филатовтың бағытын дамытты және П.Ф.Лесгафттың, В.В.Гориневскийдің педагогикалық идеяларын тереңдетті.
Мектеп жасына дейінгі балалардың анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктері жөнінде ғылыми мәліметтерге сүйене отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың ерекшеліктері туралы 50-ден астам ғылыми еңбек жазды.
Соның бірі А.И.Быковамен бірлесіп жазған «Бала ағзасын шынықтыру» атты соңғы еңбегінің орны ерекше. А.И. Быкова мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл-қозғалысындағы өзекті мәселелерін талдай отырып, балаларды ұйымдастыру мен әдістерін негіздеді және ашып көрсетті. А.И.Быкова мен Е.Г. Леви-Гориневскаяның бірлесіп жазған еңбегі мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі жүйесін дамытуға елеулі үлес қосты.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы мен практикасын дамытуда өз үлестерін қосқан ғалымдар – Н.А.Метлов, М.М.Конторович, Л.И.Михайлова, А.И.Быкова. Басқа авторлармен бірлесе отырып, олар мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі бойынша бағдарламалар, педучилищелер үшін оқу құралдарын және мектепке дейінгі мекемелер үшін қозғалыс ойындарының жинақтарын әзірледі.
Балаларда қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру жөніндегі алғашқы еңбектердің бірі – Д.В.Хухлаеваның 6-7 жастағы балалардың қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыруға үйретудің әдістемелік тәсілдерінің маңызын ашып көрсетуі болды.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі теориясының қазіргі кездегі негізгі өзекті мәселелерін одан әрі дамыту қоғамдық өмір талаптарымен байланысты.
Өмірдің шапшаң қарқыны, ғылыми-техникалық прогресс, еңбектің алуан саласындағы сан түрлі шығармашылық іс-әрекетті қабылдау, есте сақтау, ойлану процестерінің белсенділігі, дәл және тез бағдарлауға, жаңа ақпаратқа дер кезінде жауап бере алу секілді үлкен қабілетті талап етеді.


Дене тәрбиесі теориясындағы зерттеу әдістері


Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі зерттейтін мәселелердің ауқымы кең. Сондықтан зерттеу кезінде педагогикалық әдістер ғана емес, шектес ғылымдар да әлеуметтануда, психологияда, физиологияда, антропологияда, биохимияда т.б. пайдаланылатын әдістер қолданылады.
Дене тәрбиесі теориясында теориялық талдау және қорыту, зерттеу және эксперимент әдістері пайдаланылады. Библиографияны іріктеген соң оны оқып игеру жоспарын жасау, жазба жұмыстар жүргізу және оларды талдау әдістемесін ойластыру керек.
Әдеби мәліметтерді талдау және қорыту теориялық, сондай-ақ эксперименттік зерттеуде де қолданылады. Теориялық зерттеуде бұл әдіс бірден-бір әдіс болуы мүмкін, оның көмегімен, мәселен, нақты тарихи жағдайларға байланысты белгілі бір қағидалар, көзқарастар қалайша дамығандығын аңғаруға болады.
Эксперименттік зерттеулер жасау үшін қандай мәселелер зерттелініп қойғандығын, олардың әдебиетте қандай дәрежеде баяндалғандығын және олардың қайсысының эксперименттік тексеруді талап ететіндігін анықтау керек.
Дене тәрбиесі теориясы үшін маңызды көптеген мәліметтерді мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері құрастырған әртүрлі құжаттарды (мысалы, балаларға арналған дене жаттығуларын бір жылға таратып бөлу кестесі, бір апталық жұмыстың циклограммасы, дене шынықтыру оқу әрекеті, ертеңгілік бой сергіту жаттығулары, қимылқозғалыс ойындарының жоспарлары т.б. мониторинг жүргізу, есепке алу журналдары) талдау кезінде табуға болады.
Мәлімет жинау үшін анкеталар және сұрақ-жауап парақшалары пайдаланылуы мүмкін. Анкеталардағы сұрақтар иә немесе жоқ деген қысқа жауап аларлықтай етіліп қойылады. Сұрақ-жауап парағында жауаптар қарапайым түрде беріледі. Мысалы, тәрбиешінің жасы, жұмыс өтілі, білімі, дене жаттықтыру үшін жасалған жағдай сипаттамасы т.б. Біріншісінде де, екіншісінде де жауап жазба түрде болуы тиіс. Анкеталар мен сұрақ-жауап парақтары көбіне зерттеу жұмысының бастапқы кезінде қолданылады және олар көмекші құрал ретінде ары қарай пайдалану жалғастырылады. Зерттеушіні қызықтыратын материалдар әңгімелесу кезінде алдын ала жасалған жоспар бойынша жиналуы мүмкін. Мысалы, тәрбиеші баладан: «Дұрыс тұра білесің бе?» «Қалай тұру керек екенін көрсетші» деп сұраудың орнына «қалайша дұрыс тұруға болатынын айтшы», - деп сұрайды. Педагогикалық бақылаудың ерекшелігі сол – нысандарды табиғи жағдайда зерттеуге мүмкіндік береді.
Педагогикалық бақылау фактілері объективті жүргізілуі керек. Бақылаушының жеке басының құлықтарына тәуелді болмай, ортақ жасалған бақылау сұрақтарының негізінде саралануы керек. Бақылау процесінде бақыланатын нәрсені дәл есепке алып отыру әдісін пайдалану керек. Мысалы, қозғалыс техникасы есепке алып отыру үшін суретке түсіру, кино түсіру, циклография, бейнетаспалық жазба т.б. пайдаланылады.
Хронометрлеу әдісімен дене жаттығуларын, белгілі бір әрекеттерді орындауға кететін уақыт, сондай-ақ оқу әрекетінің жекеленген бөліктері мен толық ұзақтығы анықталады.
Тәрбиешінің сөзі стенографиялау, бейнетаспаға жазу арқылы тіркеледі. Бақылау нәтижесінде журналға, күнделікке хаттамаға жазылады. Бақылау процесінде тіркелген мәліметтерді алдын ала бақылау қажет. Оларды өңдеу кезінде кездейсоқ мәліметтер алынып тасталып, байқалған заңдылықтар іріктелінуі, жинақталып қорытылуы тиіс. Мәліметтерді зерттеу және талдау нәтижесінде олардың жеткіліксіз болуы немесе қарама-қайшы болып, түбегейлі қорытынды жасауға негіз бола алмауы мүмкін. Мұндай жағдайда бақылау одан әрі қарай жүргізілуі тиіс.
Бақылау бақылаушының өзіне қатысты әрекеттерді, денсаулық жағдайын және басқа мәліметтерді өздігімен тексеру түрінде өзін-өзі бақылау сипатында болуы мүмкін. Өзін-өзі бақылау дене шынықтыру жаттығулары оқу әрекеті процесінде де, сондай-ақ бұдан соң оның ағзаға әсерін зерттеу үшін де қолданылады. Эксперимент жүргізілер алдында міндеттерді анықтау және зерттеудің жоспарын жасау, жұмыс жорамалын қалыптастыру, эксперименттік оқу әдісіне, фактілерді тізімге алу және оларды өңдеу әдістемесіне талдау жасау қажет. Салыстырмалы эксперименттерде екі немесе бірнеше топтар қатыса алады.
Дене тәрбиесі теориясында қолданылатын ғылыми зерттеулердің әртүрлі әдістерінің біршама өзіндік өзгешеліктері бар. Дене тәрбиесі процесін бір зерттеуде жан-жақты біліп шығу өте жиі жүзеге асырылады. Осыған байланысты зерттеудің әртүрлі әдістері бір мезгілде пайдаланылады. Мұның өзінде бір әдіс екінші әдісті толықтырып отырады.
Зерттеу әдістері өзгереді, нақтыланады, жаңа мәліметтер алуға мүмкіндік береді және дене тәрбиесі теориясын дамытуға көмектеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет