Сабақ тақырыбы Қауіпсіздік ережесі Жаттығулар арқылы икемділікті дамыту



Дата07.02.2022
өлшемі84,17 Kb.
#88568
түріСабақ
Байланысты:
Сабақ жоспары №1
титулка 2к



Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары № 1



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
3 бөлім: Акробатика негіздерінде гимнастика

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3

Қатысқандар саны:



Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қауіпсіздік ережесі
Жаттығулар арқылы икемділікті дамыту



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.6.1 — оқытудың әр түрлі кезеңдерінде қауіпсіздік ережесінің дағдылары мен қабілеттерін тану.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: Оқушылар қауіпсіздік ережесін біледі.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Оқушылар жаттығуларды орындай алады.

Оқушылардың кейбірі орындай алады: Оқушыларды жаттығуларды дұрыс жасауға үйрету

Бағалау критерийлері

  • денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын көрсетеді;

  • жаттығуларды орындау барысында қиындықтарды және тәуекелдерді түсінеді.

Тілдік мақсаттар



Оқушылар:

  • гимнастикалық қозғалыс дағдыларын көрсету.

Пәнге тән лексика мен терминология:
Мыналарды қамтиды:

  • кеңістік / бағыт: алға, артқа, жанына

  • динамика: тез, баяу

  • ептілік, тепе-теңдік

Диалог пен жазу үшін п айдалы сөздер мен тіркестер:
Талқылау үшін сұрақтар

  • Ептілік, күш, шыдамдылық физикалық қасиеттерін не үшін дамыту керек?

  • Не үшін бізге иілгіштік қасиет қажет болады?

  • Акробатикалық жаттығуларда иілгіштік не үшін керек?

Құндылықтарды
дарыту

  • оқушының төзімділік, жылдамдық, күш, ептілік және икемділік сияқты қозғалыс дағдыларын дамытады;

  • ұлтжандық, құрмет, командада жұмыс;

  • оқушыларды өмір бойы салауатты өмір салтын ұстануға бағыттай отырып, алынған дағдыларды қолдануға ынталандырады;

Пәнаралық
байланыстар

Биология, физика пәндерімен байланыстырылады. (Дене жаттығуларын орындау барысында дене мүшелерінің белсенді қызметін: ептілік, тепе-теңдік, күш, шыдамдылық, иілігіштік қимылын түсінеді).

АКТ қолдану дағдылары

Тақырып бойынша дене жаттығуларын орындау әдісін көрсету (АКТ қолданған жағдайда)

Бастапқы білім



Оқушылар алдыңғы сыныптарда, дене шынықтыру сабақтары мен сабақтан тыс уақытта алған гимнастикалық жаттығуларды орындау дағдылары бойынша түсінігі бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы
10 мин

І. Сапқа тұрғызу. Сергіту сәті. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. "Бастаймыз" деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен...қолмен... өкшемен...иықпен...құлақпен...тіземен....иекпен.... арқамен.
Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз»
Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды.
Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.
ІІ. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.
(П) «Тек бір минут» стратегиясын өткізеді
Оқушылар бір-бірін бағалайды
Оқушылар тамырдың ырғағын санайды.
Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.
Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «Көңіл-күй ағашы» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады.
Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.
Мұғалімге ысқырық

Сабақтың ортасы
25 мин.

(С, Ж, ҚБ,) «Тепе-теңдікті жоғалтып алма». Бұл ойында оқушылар командаларға бөлінбей, бір-бірімен жарысады. Гимнастикалық аттың (гимнастикалық жәшіктің) биіктігінен кезекпен секірулер орындалады. Ойыншы төменге секіргеннен кейін келесі ережелерді орындау керек: орында қалу, гимнастикалық матқа қолын тигізбеу. Ойын барысында секіруді орындаудың бірізділігі орнатылады. Секірудің түрлері біртіндеп күрделене түседі. (мысалы, жиналуда, шалқайып, аяқ екі жаққа, шалқая 180° бұрылу және т.б.). Алдын ала белгіленген секірудің күрделік шыңына жеткеннен кейін, ойыншылар оларды орындалу ретін керісінше орындайды(күрделіден қарапайымға).
2 нұсқасы.
Ойыншы қолына теннис добын ұстап, төмен секіреді. Түсіп бар жатқан кезде допты секіру орындалып жатқан жерден 5-7 м қашықтықтағы нысанаға лақтыру керек. Келесі жағдайда әріптесі белгі бойынша немесе жүргізуші допты лақтырады, ал секіріп түсуші, секіріп, түсіп бара жатқанда допты қағып алып, орнына тепе-теңдікті сақтай отыра түсу керек.


Дескриптор:

  • қауіпсіздік ережесін біледі;

  • тепе-теңдікті сақтайды;

  • секіргеннен кейінгі жерге түсу сәтін орындайды.



ҚБ: бірін-бірі бағалау, бақылау.

Гимнастикалық орындықтар, гимнастикалық қабырға, гимнастикалық маттар, бор, жалаушалар, ленталар.
М.Н. Жуковтың «Қозғалмалы ойындар» кітабына сілтеме:
http://fizkultura-na5.ru/gimnastika/igry-na-urokakh-gimnastiki.html#ohotacocci


Сабақтың соңы
5 мин.



Сабақты қорытындылау.

  • Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығулары арқылы бастапқы қалыпқа ағзаны келтіру;

  • Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;

  • Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;

  • Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;

  • Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Рефлексия:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- немен жұмысты жалғастыру қажет?

Құрал-жабдықтарды жинау.
Кері байланыс үшін парақ

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




  • Үлгере алмайтын, қалып қоятын оқушылар мықты және дарынды балалардың сонынан қайталап береді

  • Кеңістікте қозғалыс сөздік қорларын кеңейту үшін жаттығып жатқан қабілетті оқушыларға қиынырақ сұрақтар қойылады.

  • Қозғалыс ойын және эстафета ойын ойнаған кезде мықты дарынды оқушылар өз креативтік ойларын және қимыл қозғалыстарын көрсете алады «Көңілді кенгуру»

  • Мұғалімнің сырттан жүріп байқауы

  • Оқушылармен тақырып бойынша әңгімелесу

  • Керек кезінде оқушылар тоқтай ала ма?

  • Оқушылар ойын ойнаған кезде ерекше қимыл қозғалыстарын көрсете ала ма?

  • Бақылау, тыңдау, сұрақтар

  • Оқушылардың қалай жүргендерін бақылау

  • Оқушылар өз-өздерін бағалау, орындаған тапсырманы талқылайды

  • Сұрақ жауап арқылы топтағы және жеке қарым-қатынас сапасын анықтау

Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;
Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу;
Өзгелердің пікірін сыйлай отырып, олармен жұмыс жүргізу
Қауіпсіздік ережелерін мұқтят сақтау
Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету;
Әр оқушының жүріс-тұрысын жіті назарда ұстау.
Өзгелермен жұмыс, пікірді құрметтеу.

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/меңгеру мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақтың мақсаты мен міндеттері орындалды. Жаттығуларды жасай білді. Ойын ережелерін түсінді, ойнай білді.Сабақ түсіну, білу қолдану мақсаты бойынша берілген деңгейлі тапсырмаларды орындады Сабақ қызықты, жоғары деңгейде өтті. Қосымша деңгейлік тапсырмалар орындалды. Уақыт дұрыс пайдаланылды.



Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1. Оқушылар өте белсенді қатысты 2. Оқушылардың гимнастикалық жаттығуларға деген қызығушылығы артты

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?


1. Психологиялық дайындық. 2. Оқушыларды сабаққа ынталандыру.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





Версия1
Мамыр 2018


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет