Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық



Дата07.02.2022
өлшемі18,21 Kb.
#90871
түріСабақ
Байланысты:
5 Жаратылыстану 6 сынып Тамақтану рационы Органикалық заттарды тестілеу Әдістемелік нұсқаулықтар
6КЛАСС ЖАРАТЫЛЫСТАНУ


Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық



Бөлім: 6.3А Тірі және өлі табиғат-тағы үдерістер.
Оқу мақсаты: 6.4.2.4 толыққанды тамақтану рационын құру
6.4.2.5 азық-түлік өнімдердегі органикалық заттардың болуын тестілеу


Сабақтың бастапқы кезеңінде оқушылар өз қалауларымен жұптарға бөлінеді. Оқушылар алдыңғы білімді жаңғырту мақсатында азық-түлік өнімдерін заттаңбаларындағы(этикетка) ақпараттар бойынша топтастырады. Тапсырманы орындап болғаннан кейін оқушылардың жауаптарын толықтыруға болады. Оқушыларға жасалған жұмыс бойынша кері байланыс ұсыну керек.


Сабақтың орта кезеңінде оқушылар тағам құрамында су және энергия бар екендігін анықтаулары қажет. Алдымен тағам құрамында су және энергия бар екендігін қалай анықтауға болатынын болжайды. Содан кейін тағам құрамында энергия және су бар екенін тәжірибе арқылы көрсетіңіз. Сабақ оқушылардың қабылдау типтерін ескеру бойынша қарастырылған. Тәжірибені демонстрациялау алдында мұқият қарауларын сұраңыз. Содан кейін тәжірибе бойынша сұрақтар қойыңыз. Топтық жұмыс барысында оқушылар аспаз рөлінде, әр түрлі кәсіп иелеріне арналған ас мәзірін ұсынады.
Топтық жұмыс барысында тиісті ерітінділерді пайдаланып, азық түлік өнімдерінің құрамын анықтайды. Әр топқа белгілі бір затты зерттеуді ұсынуға болады: нәруыз, май, крахмал және қант. Оқушылар әр топтың жұмыстары мен жауаптарын бағалап, қорытынды жасайды. Сабақ барысында орындалған барлық іс-әрекеттерден кейін мұғалім кері байланыс ұсынуы қажет. Барлық тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға тапсырмаға дескрипторлар көрсетуді ұмытпаңыз. Сабақты бекітуге арналған деңгейлік тапсырмаларды оқушылардың қабілеттеріне байланысты ұсынылады.
Сабақ соңында міндетті түрде сабақ мақсаттарына және бағалау критерийлеріне оралып, оларға жету деңгейі оқушылармен талқылануы қажет. Сабақ бойынша оқушылардан міндетті түрде кері байланыс алу керек. Әр оқушы «Плюс. Минус. Қызықты» деп аталатын әдіс бойынша дәптерге жазбаша рефлексия жасауы қажет. Бірнеше оқушы сыныпқа өз жауабын оқиды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет