Сабаққа қатысқан оқушылар саны: Сабаққа қатыспаған оқушылар саны: Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



Дата29.12.2021
өлшемі18,07 Kb.
#106644
түріСабақ
Байланысты:
10-сабақ Мақта қыз бен мысық
22-сабақ. Сыртқы келбет және тазалық , 22-сабақ. Сыртқы келбет және тазалық , айнур

Пән:

Қазақ тілі

6-Бөлім:

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Тақырыбы:

Мақта қыз бен мысық

Мектебі: №71 мектеп-лицейі

Мұғалімдері: Амандыкова Г.Т.

Бексултанова Т.О.

Күні,айы:

3 тоқсан 13 сабақ

1-сынып

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.4.1. Мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенің түсіну.

1.2.4.1. Шағын мәтінді/ қарапайым оқиғаларды мазмұндау

1.3.3.1. мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ және т.б.) ажырату.

1.3.5.1. Мұғалімнің көмегімен қажетті ақпараттарды иллюстрациялы шағын мәтіндерден тауып алу.

1.5.1.5. Мұғалім көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру.


Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Ертегі кейіпкерлерін атай алады, ертегінің басты кейіпкері сүт табу үшін басқа қандай кейіпкерлерге барғанын айта алады.



Оқушылардың басым бөлігі:

Тақырып бойынша белсенді лексиканы еркін қолдана алады, ертегінің сабақта үйренген бөлігі бойынша кейіпкерлердің рөлін ойнай алады.



Кейбір оқушылар:

Ертегі мазмұнын өз сөздерімен айта алады.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы(2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.

Оқулық. Аудиодиск: 6.4.1.; 6.4.2.; 6.3.3.; 6.4.4.

Сабақтың ортасы (6-35 минут)

(МК,Ұ) Мұғалім оқушыларға ертегі сөзінің мағынасын түсіндіреді, себебі осы бөлімде оқушылар бірнеше ертегі үйренеді әрі осы бөлімнің соңында олар қандай ертегі білетіндерін айта алады. Содан кейін мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген суретке аударады. Сурет бойынша «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің кейіпкерлерімен таныстырады. Оқушылар берілген үлгі бойынша ертегі кейіпкерлерін атайды. «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің мазмұны өзге тілді аудиторияда үйретуге жеңіл болу үшін бейімделіп алынды. Бейімделген мәтін бойынша: Мақта қыз бен мысық жақсы дос болады. Бір күні мысық сүтті төгіп алады. Мақта қыз оған ренжиді. Содан мысық сүт әкелуге кетеді... соңында мысық Мақта қызға сүт әкеліп береді.

Сөйтіп екеуі қайта жақсы дос болады (оқушылар ертегі мазмұнын толық түсіну үшін, ертегі мазмұнын слайд арқылы толық айтып беруге болады). Оқулықта берілген екі сабақ көлемінде оқушылар осы ертегінің негізгі үзінділерін ғана үйренеді.

(МК,Ұ) Осы сабақтағы 2-тапсырмада оқушылар мысықтың сиырға (ағашқа, қыздарға, дүкеншіге, тауыққа, тышқанға) барғанын кесте бойынша айтып үйренеді. Мысалы: Мысық сиырға барады. Мысық ағашқа барады т.с.с.

(МК,Ұ) 3-тапсырма бойынша мұғалім оқушыларды жаңа сөздер қатарымен таныстырады. Олар: су, жапырақ, сағыз, жұмыртқа, дән. Оқушылар берілген сөздерді тыңдайды, қайталайды, сурет бойынша атайды.

(МК,Т) 4-тапсырмада ертегі бойынша 6 сюжетті сурет берілген. Оқушылар сурет бойынша үзіндіні толық тыңдайды, содан кейін мұғалім әр сюжет бойынша оқушыларға мазмұнын толық түсіндіреді. Соңында оқушылар өз қалауы бойынша рөлдерді бөліп алып, осы үзіндіні ойнайды.

(МК,Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.

Сондай-ақ АКТ-ны қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.


№2 жұмыс дәптері


Слайд

Қосымша тапсырма: 6.4.


Сабақтың соңы (36-40мин)

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.







Қосымша ақпарат




Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабығыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сабақ барысына өзгертулер еңгіздіңіз бе? Неге?

2.Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?






Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?



1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?



1:

2:


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет