Сабаққа қысқаша аннотация



Дата24.04.2017
өлшемі49,89 Kb.
#15116
түріСабақ
Досбаева Гулим Галимбековна

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі»

№9 орта мектебі мемлекеттік мекемесі,

бастауыш сынып мұғалімі.



Сабаққа қысқаша аннотация:

Бұл сабақтың негізгі мақсаты түсіндіру,сұрақ –жауап,ойын және СТО элементтері арқылы жаңа сабақты оқушыларға жеткізу.Сабақ барысында оқушылар мұғалімнің бағыты арқылы жұмыс жасай отырып,өз беттерінше жаңа тақырыпты меңгере алады.Сөзжұмбақ арқылы бұрын танысқан ақын жазушыларды еске түсіреді.Класстер арқылы қысты сипаттап жазады.А.Құнанбаев туралы мәліметті топпен жұмыс арқылы ала алады.Сабақ музыка пәнімен пәнаралық байланыста болады.Өлеңді әр түрлі әдіс арқылы оқу,балаларға өлеңді есте сақтауға көмегін тигізеді.Сөздік жұмыс арқылы оқушының сөздік қоры кеңейеді.Шығармашылық жұмыс жасай отырып оқушының ойлау қабілеті дами түседі. «5 жол өлең стратегиясы» баланың өлең шығаруға деген қабілетін ашуға көмегін тигізеді. Ойын арқылы оқушының сабаққа деген қызығушылығы арта түседі.

Сабақтың мақсаты: Автор жайлы мағлұмат бере отырып,өлеңнің мазмұны мен идеялық мәнін түсіндіру.Мәнерлеп оқуға дағдыландыру.Оқушылардың белсенділігін,сабаққа деген қызығушылығын сөздік қорын,ой өрісін тіл байлығын дамыту.Оқушыларды табиғатты аялауға,мейірімді болуға Отансүйгіштікке,өз елін мақтан етуге,бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу.

Пән: Әдебиеттік оқу

Сынып: 3

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Қыс»

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру,сұрақ-жауап,СТО элементтері

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу.Сабаққа дайындықтарын тексеру.

Психологиялық дайындық:

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Бар адамды құрметтеп

Бас иеміз біз.

Сөзжұмбақ шешу: Өткен тақырыптарды қайталау мақсатында.




М А Й Л И Н

Ы Б Ы Р А Й

М Ұ Х Т А Р

С Е Й Ф У Л Л И Н



Қ А Ж Ы М Ұ Қ А Н

Н Ұ Р К Е Н

Б А У Ы Р Ж А Н

К Ү Л П А Ш

А М А Н Г Е Л Д І

М А Х А М Б Е Т

Ж А Қ И Я

К Е Ң Е С А Р Ы

В О ЛО К О Л О М С К

1. «Күлпаш» әігімесінің авторы?

2. Торғай даласында алғаш мектеп ашқан ұстаз?

3.Атақты «Көксерек» әңгімесінің авторы?

4.Үш арыстың бірі?

5.Қазақтан шыққан балуан.

6.Ұлы Отан соғысынының ұшқыш батыры?

7.Әй,жігіттер, қазақ,қазақ болғалы талай-талай қамаудан өткен.Талай шабуыл –жортуылдарды басынан кешірген-деп өз дивизиясын жігерлендірген кім?

8.Бейімбет Майлиннің шығармасы?

9.Ұлт –азаттық көтеріліске қатысқан батырлардың бірі?

10.Исатайдың серігі?

11.Исатайдың баласы?

12.Ағыбай батыр кімнің әскерінде бас батыр болған?

13.Бауыржан бастаған дивизия қандай стансаға келіп тоқтады?



Ой толғаныс: ызғарлы қар
Қыс

мұз аппақ

аяз жылы киім боран

Жаңа сабақ: -Балалар сендер А.Құнанбаев туралы не білесіңдер?

1-топ: Өмір баяны туралы айтады. (1845-1904 ж.ж.) Ш.Қ. обл. туған.Ақын ,аудармашы,композитор.

2-топ: Шығармалары туралы айтады.Лирикалық өлеңдер жазған.

3-топ: Отбасы туралы айтады.Әжесі-Зере,анасы-Ұлжан,ұлдары –мағауия,Әбдірахман.Әкесі-Құнанбай.

-Оқушылар А.Құнанбаевтың өлеңдерін білесіңдер? «Күз», «Қыс», «Жазғытұры», «Ғылым таппай мақтанба»,және ән жазған өлеңдері де бар: «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым,сәлем Қаламқас».

-Ендеше балалар «Желсіз түнде жарық ай» әнін айтып кетейік.

Сергіту сәті: Айналада омбы қар, Боран соғар он жақтан,

Біз көңілді балалар. Боран соғар сол жақтан.

Оңға,солға бұрылып, Қар лақтырып ойнайық

Шаңғы теуіп келеміз. Қуанышқа тоймайық.



Оқулықпен жұмыс: «Қыс» өленің шумақтап,дуетпен,трио мен,топпен және хормен мәнерлеп оқыту.

Сөздік жұмыс: оқшырайтып- бір шекесіне сәндеп кию,шидем-жұқа тоқылған сырт киім,ұшпа-жеңіл жұқа қар.

Шығармашылық жұмыс:

1-топ: «Қыс» тақырыбына сурет салады.

2-топ: «Қыс» тақырыбына эссе жазады.

3 топ: «Қысқа» байланысты мақал –мәтелдер айтады.



Жұмбақ шешейік: «Қыс» мезгіліне байланысты жұмбақтар жасырылады.

1.Құлағы мен көзі жоқ,жоқ тіпті қолмен аяғы.

Бірақ ғажап өнерпаз,мәнерлеп ою салады. (қырау)

2.Өзі судан жаралған,бірақ судан қорқады. (мұз)

3.Қанттай аппақ,қыста жер бетін басады,жазда сайға қашады. (қар)

4.Сұрғылт тұтін,бүркесе маңайды,адастырар талайды (боран)

5.Бар жерді қаптап,етеді аппақ,

Жазға қарай бу болады,одан кейін су болады.(қар)



Бекіту: «Аққала құрастыру» ойыны. (Сұрақ –жауап арқылы)

5 жол өлең стратегиясы:

1.Қыс


2.суық,аяз

3.тондырады,суытады,қатырады

4.Біздің Қостанайдың қысы қатты болады.

5.Жыл мезгілі



Қорытынды:-Бүгінгі сабақ ұнады ма?-бүгін сабақта не істедік?

Бағалау: Әр оқушыға таратылған қар түйіршіктері бойынша бағаланады.

Үй тапсырмасы: Өлеңді жаттау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет