Сабақ тақырыбы: Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем
|
Мектеп: №68
|
Күні: 25.01.16ж.
|
Мұғалімнің аты-жөні: Жанысбекова А.
|
Сынып: 8 «б»
|
Қатысқандар саны: 22
|
Қатыспағаны:1
|
Сабаққа негізделген оқу мақсаты:
|
Түсіндірмелі салаластың өзіне тән ерекшелігін, жасалу жолдарын білу, оларға сөйлем құрап, мысал келтіре алу;
|
Сабақ мақсаттары:
|
Барлық оқушылар: Түсіндірмелі салаластың ережесін, жасалу жолдарын, тыныс белгілерін біледі.
|
|
Оқушылардың басым бөлігі:Түсіндірмелі салаласқа мысал келтіре алады,оларға сөйлем құрай алады. Тыныс белгілерінің қойылу себептерін түсідіре алады.
|
|
Кейбір оқушылар: Түсіндірмелі салаластың өзіне тән белгілерін мысалмен дәлелдей алады. Өмірде қолдана алады.
|
Тілдік мақсат:
|
Оқушылар: термин сөздерді жатқа айта алады.
|
Негізгі сөздер мен тіркестер: жалғаулықты, жалғаулықсыз, сілтеу мәнді сөздер.
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін тілдік бірліктер:
|
Талқылауға арналған тақырыптар:
|
Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысына нұсқап, кейінгісі алдыңғысының мазмұнын ашып тұратын салаластың қай түріне жататынын білесің бе?
|
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба?
|
Неліктен түсіндірелі салалас жалғаулықты шылаусыз байланысатынын айта аласың ба?
|
Жазылым бойынша ұсыныстар:
|
Іргелес, аражігіне.
|
Алдыңғы оқу
|
Салалас құрмалас сөйлем түрлерін біледі.
|
Жоспар
|
Жоспарлан ған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар
|
Ресурстар
|
|
Басталуы (Кіріспе)
(5 минут)
|
Ұйымдастыру кезеңі
А)Сәлемдесу, түгелдеу.Оқушыларға сабаққа сәттілік тілеу.
Ә)Үй тапсырмасын «Конверт сұрақ» әдісі арқылы сұрау.Мысалы:
1. Құрмалас сөйлем дегеніміз не және ол нешеге бөлінеді ?
2. Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
3.Салалас құрмаластың неше түрі бар?
4. Сабақтас құрмалас сөйлемдерді сабақтастан қалай ажыратамыз?
5. Аралас сөйлемнің ережесі қандай?
6. Және,да,де қай салалас жалғауы?
7. Жалғаулықсыз себеп-салдар мәнді сөйлемнің тыныс белгісі?
8. Қарсылықты салалас сөйлемнің баяндауыштары антоним және болымсыз формада жасалса қар.сал. аражігіне қандай тыныс белгісі қойылады?
9. Себебі,өйткені жалғаулық шылаулар қай салаласқа қатысты?
10.Бас болмақ оңай,бастамақ қиын.Қай салалас түріне жатады?
Б)Топқа біріктіру. Ыңғайлас,Себеп мәнді, қарсылықты, түсіндірмелі деп жазылған қима қағаздардан өз есімдерін тауып топтарға бірігу.Тақырыпты ашу мақсатында,бүгінгі сабаққа мақсат қою барысында оқушыларға түрткі сұрақтар беру:
-Біз біріккен топтардың ішінде қай түрі бізге таныс емес?
-Сендер біреуге бірдеңені түсіндіру барысында қандай сөздерді пайдаланасыңдар?
-Бұл сабақта салаластың қандай түріне тоқталамыз?
-Салалас құрмалас сөйлем туралы не білеміз?
-Түсіндірмелі салалас туралы не білгіміз келеді?
|
Конверт,қима қағаздар
|
|
Ортасы
(тұсаукесер)
Негізгі бөлім
(20 минут)
(5 минут)
(5 минут)
|
1)Ой қозғауЖаңа сабаққа кіріспе
1.Бұның жақсы ырым: от жағыпсың,шай қайнатыпсың,дастарқан жайыпсың.(Баяндауышы тиянақты.Мазмұны - анықтау.орын тәртібі арқылы байланысқан.)
2.Ғылымға берілгендігі сондай-қолынан кітабы түспейді, үнемі оқиды да жүреді.(Алғашқы сөйлемнің баян.сілтеу есімдігі)
3.Мұның түпкі себебі мынау романда ұнамсыз кейіпкер мүлде жоқ.( интонация ж\е орын тәртібі арқылы байланысқан)
2)«Джигсо» әдісі арқылы жаңа сабақты 4 топқа бөліп беріп плакатқа түсіріп, қорғату. Мақсат: жаңа сабақты меңгерту.
1-топ Түсіндірмелі салаласты, 2-топ 1-жасалу жолын, 3-топ 2-жасалу жолын,4-топ тыныс белгілерін плакатқа түсіріп қорғайды.
Өзге топ мүшелері бағалайды.
3) Оқулықпен жұмыс «Кеден» әдісі
159-жаттығудан нақыл сөздердің мағынасын талдап, түсіндіруді қажет етіп тұрған жай сөйлемдердің мазмұны қалай ашылғанын түсіндіру. Мақсат:жаңа сабақты игерту.
4) «Кім жылдам?» ойыны Көп нүктенің орнына қажетті жалғаулықты қойып, салалас құрмалас сөйлемнің түрін анықта.
1. .Жаңбыр тоқтады ... , күн жылынды.
2.Бүгін жақсы жауап бердім, ... мұғалім риза болды .
3)Жиналыс бітті , ... халық тараған жоқ.
4)Бүгін жол тайғақ , ... кеше қар аралас жаңбыр жауған.
5) Қалаға ... Айгүл барады , ... мен барамын.
6) Күзде ... қар жауады , ... жаңбыр жауады.
|
плакат, түрлі-түсті маркерлер.
Оқулық 149-бет
|
|
Аяқталуы
(Қорытынды)
(10 минут)
|
Топқа ортақ сұрақ беріп, «Серпілген сауал» әдісін орындау.Мақсат: Бүгінгі тақырып бойынша оқушылардың алған білімдерін пысықтау.
Кері байланыс
«Екі жұлдыз,бір тілек» арқылы бүгінгі сабаққа кері байланыс жасату.
Сен үшін бүгінгі сабақта не тиімсіз болды?
Не ұтымды болды?
Мақсат: бүгінгі сабақ бойынша не үйренгендігін анықтау.
Бағалау (топ басшысы бағалайды, бағалау парақшасы арқылы)
Үйге тапсырма 160-жаттығу 150-бет.
|
|
|
Қосымша ақпарат
|
Саралау
Талантты және дарынды балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында «Кім жылдам?» ойыны берілді.
|
Бағалау
Топтық бағалау.
Өзін-өзі бағалау.
|
Пәнаралық байланыс
Әдебиет,тарих
|
Рефлексия
Сабақ/ оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жосапрыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
|
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз?
|
Сабақ өз мақсатына жетті. Бүгінгі оқушылар түсіндірмелі салалас құралас сөйлем туралы білді. Белгіленген уақыт ішінде үлгердім.
|
Қорытынды бағамдау
|
|
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Жаңа сабақты меңгеру барысында қолданған «Джигсо» әдісі.
2:Әр тапсырма орындалған кездегі оқушылардың бірін-бірі бағалуы.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:Сабақтың түрлі тәсілдермен өткендігі сабақты жақсарта алды.
2 «Кімжылдам?» ойыны
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
Дарынды және үлгерімі төмен оқушыларға жеке тапсырма беруді. Дарынды оқушыларыма сабақта логикалық сұрақтарды көбірек қою. Үлгерімі төмен оқушыларды сұрақ-жауапқа тарту. Зерттеушілік әңгіме арқылы сабақ мағынасын ашу. Ашық сұрақтар қою. Үлгерімі төмен оқушылар сұраққа жауап бере алмағанда, сұрақты басқаға бағыттау.
|
Достарыңызбен бөлісу: |