Сабақтан тыс іс шара Тіл мәртебесі ел мерейі ( 7- сынып)



Дата18.02.2018
өлшемі36,23 Kb.
#37922
түріСабақ
СҚО, Петропавл қаласы. «Дарын» мектеп – лицейі

Чаукерова Айнаш Айтахметовна. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Сабақтан тыс іс - шара

Тіл мәртебесі – ел мерейі

( 7- сынып)



Мақсаты:оқушылардың қазақша сөйлеу дағдысын арттыру,қазақ халқының салт-дәстүрімен, мәдениетін білуге,қазақ тілін меңгеруге,өз ойын жеткізе білуге үйрету,қазақ ақын-жазушыларының шығармаларымен таныс болып,оны жатқа білуге баулу, оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: техникалық құралдар,тіл туралы нақыл сөздер, ҚР мемлекеттік рәміздері.Түрі: сайыс сабақ..Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,іздену,шығармашылық, топтармен жұмыс.

Сайыстың барысы:

«Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» (слайд)

- деген елбасымыздың осы жолдармен сайысымызды ашқым келіп отыр.



  1. жүргізуші: -Құрметті қонақтар,ұстаздар,оқушылар!Бүгігі «Тіл мәртебесі – ел мерейі» атты мерекемізге қош келдіңіздер!

  2. жүргізуші: - Қазақ осы айтатұғын елге сыр,

О, ағайын, халық емес ол кесір.

Қазақ осы аңғал-саңғал жабусыз,

Қазақ осы ағыл-тегіл, көл-көсір.

Қазақ осы «Өнер алды - тіл» дейтін,

Қазақ осы қарасың ба, ақсың ба,

Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін,-

деп ақын ағамыз Қадыр Мырза Әли айтқандай, ұлы қазақ даласында 130-дан астам басқа ұлт өкідері татулықта,сыйластықта өмір сүріп жатыр.Қазақстанда тұратын әрбір адам Отанын сүйіп, мәдениеті мен тілін білу керек.

1-жүргізуші: -Осы мақсатпен Тілдер күніне орай « Тіл мәртебесі – ел мерейі » атты сайыс жүргізіп отырмыз.

Әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.



  1. кезең: «Танысу» (слайд)

  1. жүргізуші : –Құрметті қонақтар,мұғалімдер,оқушылар!Енді,сайысымыздың «Танысу» кезеңін бастаймыз (әр топ топтың атын, ұранын айтып,көрсетеді)

  1. топ - «Тұлпарлар»

  2. топ - «Көгершіндер»

2 - кезең : «Үй тапсырмасы». (слайд)

1 – жүргізуші: -Бұл кезең тапсырмасы бойынша әр топ «Ана тілі туралы» дайындап келген тақпақтарын айтады.

3 – кезең: «Кім көп біледі? » виктариналық сұрақтар.(слайд)

1- жүргізуші : -Келесі сайысымыз –«Кім көп біледі?».Бұл сайыста қай топ тез әрі сұраққа дұрыс жауап берсе,сол топ жеңіске жетеді.

2- жүргізуші: (слайд)

- «Тұлпарлар» тобына берілетін сұрақтар:

1. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? (42)

2. Қазақтың ұлы ақыны кім?(Абай)

3. ҚР рәміздерін ата.(ту,елтаңба,әнұран)

4. Қазақ тілінде неше септік бар?(7)

5. Буын түрлерін ата.(ашық,бітеу,тұйық)

1- жүргізуші:

- «Көгершіедер» тобына берілетін сұрақтар:

1. Қазақ тіліне тән дыбыстар нешеу?(9)

2. Дыбыстар нешеге бөлінеді?(2)

3. Ұлттық тағамдарды атаңдар?(бешбармақ,бауырсақ,қазы-қарта)

4. Құрмалас сөйлемнің неше түрі бар?(салалас,сабақтас.аралас)

5. Биенің сүтінен жасалатын сусынды .(шұбат)

4- кезең : «Полиглот болғың келсе».


  1. жүргізуші:- Бұл кезеңде сайыскерлер қоржыннан қима қағаздарды алып,онда берілген сөздерді қанша тіл білсе, сонша тілде айтады.

  1. топ – воскресенье,утро,город,независимый.

пятница,день,улица,народ.

  1. топ – среда,вечер,проспект,Родина.

понедельник,ночь,центр,государство.

5-кезең: «Капитандар сайысы» (слайд)
2- жүргізуші: - Топ басшыларын ортаға шақырамыз.Олар 3 минут ішінде берілген сөз тіркесінен бірнеше сөйлемдер құрастыруы керек:

«Тұлпарлар» тобы – қазақ тілі

«Көгершіндер» тобы – орыс тілі

6-кезең: «Мақал- мәтелдер» (слайд)

1- жүргізуші: -Бұл кезеңде сайыскерлер берілген тақырып бойынша көп мақал- мәтелдер айтуы керек.

1- топ – «Отан», «Еңбек».

2- топ - «Білім», «Тіл».

2- жүргізуші: - Осымен , құрметті қонақтар , ұстаздар , оқушылар сайысымыз өз мәресіне жетті.Енді әділқазылар алқасы жеңімпаздарды анықтасын.

7 – кезең: Мақалды толықтыр.

«Тұлпарлар» тобына берілетін тапсырмалар:

Халықтың ортақ үйі - ... .

Көп сөз - ... .

Аз сөз - ... .

Керекті сөздер: күміс,Отан,алтын.

«Көгершіедер» тобына берілетін тапсырмалар:

Көз ... . Ақыл ... .

Қол ... . Білім ... .

Керекті сөздер: батыр,қорқақ . тозбайды,азбайды.


Тілден биік асқар жоқ,

Тілден асқан байлық жоқ;

Тілден терең теңіз жоқ. (слайд)

деп, айтқан атамыз Ғ.Мүсірепов .Тілімізді әрқашанда қадірлейік,мерейін арқашанда көтерейік.Деген сөздермен сайысымызды аяқтаймын.




Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет